Қолдану туралы нұсқаулары Кір жуғыш машина EWC 1150
electrolux Electrolux. Thinking of you. Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com вебсайтынан танысыңыз. МАЗМҰНЫ Қауіпсіздік туралы мағлұматтар Бұйым сипаттамасы Басқару панелі Бірінші қолданғанға дейін Әркүндік қолдану Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер 2 4 5 7 7 Күту менен тазалау 15 Не істерсіңіз, егер... 17 Техникалық сиппатама 19 Пайдалану көлемі 19 Орнату 20 Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы 10 мағлұматтар 25 Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
electrolux 3 • Пайдаланып, тазалап не машинаға күтім көрсетіп болған соң оны әрқашан электр желісінен ағытып, суды тоқтатып қойыңыз. • Машинаны ешбір жағдайда өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз. Тәжірибесіз адам жүргізген жөндеу жұмыстары адамды жарақаттап не машинаны елеулі ақаулыққа ұшыратуы мүмкін. Жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Әрқашан тек фирмалық бөлшектерді ғана пайдалануды талап етіңіз. Орнату • Бұл құрылғының салмағы ауыр. Оны жылжытқан кезде абай болыңыз.
electrolux адамның қадағалауынсыз пайдаланбауға тиіс. • Жас балалар құрылғымен ойнамас үшін оларды қадағалап отыру қажет. • Орауыш материалдар (мысалы, пластик таспа, полистирол) балалар үшін қауіпті болуы мүмкін - тұншығып қалу қаупі бар! Оларды балалардан барынша алыс ұстаңыз. • Барлық жуғыш заттарды балалардың қолы жетпейтін сенімді жерге сақтаңыз. • Балалар мен үй жануарларының барабанға кіруіне жол бермеңіз.
electrolux 5 Кір жуғыш машинаның артқы жағы 2 1 1 2 3 4 Тасымал құралдары Су төгу түтігі Электр сымы Су құю түтігі 3 4 Жуғыш зат үлестіргіші Негізгі жуу циклына арналған ұнтақ немесе сұйық жуғыш зат салуға арналған бөлімше. Егер сұйық жуғыш зат қолдансаңыз, оны бағдарлама басталардың алдында ғана салыңыз. Сұйық үстемелерге арналған бөлімше (мата жұмсартқыш, крахмал). Кез келген мата жұмсартқыш не крахмалдайтын үстемелерді бөлімшеге жуу бағдарламасын бастамай тұрып құю керек.
electrolux 1 1 2 3 4 5 6 7 8 9 2 3 4 5 Жуғыш зат үлестіргіш КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймешігі АЛДЫН АЛА ЖУУ түймешігі ЖЫЛДАМ түймешігі СУПЕР ШАЮ түймешігі БАСТАУ/ҮЗІЛІС түймешігі Бағдарлама үрдісінің бейнебеті АЙНАЛДЫРУДЫ азайту түймешігі Бағдарлама таңдау тетігі Жуғыш зат үлестіргіш Жуғыш заттың жуғыш зат пен мата жұмсартқышқа арналған 2 жеке бөлімшесі бар. Алдын ала жуу цикліне арналған жуғыш затты барабанға тура құю керек.
electrolux 7 • Шам сөндірулі: есікті ашуға болады. • Шам жыпылықтап тұр: есікті көп кешіктірмей ашуға болады. Айналдыруды азайту тетігі Айналдыру жылдамдығын таңдау тетігін бұрау арқылы, таңдалған бағдарламаның кірді айналдыру жылдамдығын өзгертуге немесе «Шаюды кідірту» немесе «Айналдырмау» параметрін таңдауға болады. Бағдарламаны таңдайтын түймеше Бұл түймеше құрылғыны қосу/өшіру мен/не бағдарламаны таңдау үшін қолданылады.
electrolux Жуғыш затты қажетті мөлшерде өлшеп алыңыз да, оны сол жақтағы үлкенірек салыңыз. қорапшаға қалпына қойылған кезде бағдарлама бастапқы қалпына келеді де, машина өшіп қалады. Бағдарлама аяқталған соң машинаны қалпына қою өшіру үшін түймешені керек. Өте маңызды! Машина іске қосылып тұрған кезде бағдарламаны таңдайтын түймешені басқа бағдарламаға қойсаңыз, бағдарлама циклі бейнебетіндегі шамдар жыпылықтай бастайды да бұл таңдаудың теріс екендігін білдіреді.
electrolux 9 келсе, қажетті кідіртіп бастау уақытын 2 түймешігін қайта-қайта басып таңдаңыз. Тиісті сигнал шамы жанады. Бұл функцияны бағдарламаны орнатып болып, 6 түймешігін баспай тұрып таңдаңыз. Кешіктіріп бастау уақытын кез келген уақытта, 6 түймешігін баспай тұрып біржола тоқтатуға не өзгертуге болады. 6 түймешігін басқан соң кешіктіріп бастауды болдырмау: 1. 6 түймешігін басу арқылы кір жуғыш машинаны ҮЗІЛІСКЕ қойыңыз. 2.
electrolux Бағдарламаны болдырмау Орындалып тұрған бағдарламаны қалпына болдырмау үшін түймешені қойыңыз. Енді жаңа бағдарламаны таңдауыңызға болады. Бағдарлама басталып кеткен соң есікті ашу Әуелі 6 түймешігін басып бағдарламаны үзіліске қойыңыз. Біраз минут өткеннен кейін, келесі жағдайлар орындалса есікті аша беруге болады: • Судың температурасы 55°C градустан төмен. • Судың деңгейі есіктің астыңғы жиегінен төмен болса. • Машина айналдырмай тұрса.
electrolux 11 Белбеу не ұзын таспалар болса оларды байлаңыз. Оңай арылмайтын дақтарды кір жууды бастамай тұрып кетіріп алыңыз. Дақтанған жерлердің бір өзін арнайы жуғышпен не жуғыш қоймалжыңмен ысқылап сүртіңіз. Перделерді ерекше баппен тазалаңыз. Ілгектерін алыңыз не болмаса қалта не торға салып буыңыз. Жүктің максимум салмағы Кірдің ұсынылатын салмағы жуу бағдарламалары кестелерінде берілген.
electrolux Жуғыш заттар мен қоспалар Жуған кезде жақсы нәтижеге жету сондай-ақ, жуғыш затты дұрыс таңдап алу, оны босқа ысыраптамай және қоршаған ортаға зиян келтірмес үшін тиісті мөлшерде пайдалануға да байланысты. Сонымен қатар сіңіп кететін заттардың құрамында, мөлшері шамадан тыс көп болған жағдайда табиғаттың үйлесімін бұзуы мүмкін заттар кездеседі. Жуғыш затты таңдау матаның түріне (нәзік мата, жүн тоқыма, мақта мата т.б.
electrolux 13 Бағдарлама/ Температура Бағдарлама сипаттамасы Кірдің түрі Функциялар Ақ мақта мата, үнемді (Бұл бағдарламаны шамалы не қалыпты кірлеген мақта матадан жасалған заттар үшін таңдауға болады. Температура төмендейді де, жуу уақыты ұзарады. Бұл қуатты үнемдей отырып, жуу нәтижесін жақсартуға көмектеседі.) АЙНАЛДЫРУДЫ АЗАЙТУ/ШАЮДЫ КІДІРТУ КЕШІКТІРІП БАСТАУ - АЛДЫН АЛА ЖУУ СУПЕР ШАЮ Негізгі жуу Шаю циклдары Ұзақ айналдыру, макс.
electrolux Бағдарлама/ Температура Бағдарлама сипаттамасы Кірдің түрі Функциялар ЖҮН МАТА 40°- СУЫҚ Машинада жууға болатын жүн мата, сондай-ақ қолмен жууға болатын жүн тоқыма мен нәзік маталарға арналған бағдарлама. АЙНАЛДЫРУДЫ АЗАЙТУ/ШАЮДЫ КІДІРТУ КЕШІКТІРІП БАСТАУ Негізгі жуу Шаю циклдары Қысқа айналдыру, макс. 900 мин/айн Кірдің ең үлкен салмағы 1 кг ШАҒЫН 30° Шамалы кірлеген немесе жаңартуды қажет ететін кірлерге арналған бағдарлама.
electrolux 15 Бағдарлама/ Температура /OFF Кірдің түрі Функциялар Бағдарлама сипаттамасы Бағдарламаны бастапқы қалпына қою немесе машинаны сөндіруге арналған 1) Егер осы параметрді таңдасаңыз, ең үлкен салмақты көрсетілгендей азайтуды ұсынамыз. (Азайт. салмақ = азайтылған салмақ). Машинаға кірді толтыра салуға болады, бірақ кір жуу нәтижесі аздап төмендейді. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ Өте маңызды! Тазалау не жөндеу жұмыстарын жүргізбес бұрын құрылғыны міндетті түрде электр желісінен АЖЫРАТУ қажет.
electrolux 2. Жуғыш зат үлестіргіш орналасқан суырмадағы сифонды тазалау үшін алу қажет болса, оны ішке қарай итеріп тұрып жоғары тартып алу керек. Оны су шүмегінің астына қойып тұрып, ұнтақтың қандай да бір жиналып қалған қалдығы болса оны шайып кетіріңіз. Оны қайта орнына салған кезде сырт еткен дыбыс естілгенше төмен қарай басыңыз.
electrolux 17 температурасының 0°C градустан жоғары екендігіне көз жеткізіңіз. Құрылғыны температурасы қалыпты бөлме ішінде ғана қолдану және сақтау керек. Мұз қату салдарынан болған ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік көтермейді. НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР... Кейбір мәселелер қарапайым жөндеу жұмыстары орындалмағандықтан не немқұрайлықтан туындайтындықтан, оларды арнайы маманды шақырмай-ақ оңай шешуге болады. Жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын төмендегі тексерулерді орындап шығыңыз.
electrolux Ақаулық Мүмкін себебі/Шешімі Еденге су аққан: Жуғыш зат тым көп мөлшерде пайдаланылған не сай келмейтін жуғыш зат (тым көп көбік пайда болады)қолданылған. • Жуғыш зат мөлшерін азайтыңыз не басқа жуғыш затты пайдаланыңыз. Су құятын түтікшенің тығырықтарының ешбірінен су ақпай тұрғандығын тексеріңіз. Су түтікше арқылы төмен құлдилап ағатындықтан мұны көру әрқашан мүмкін бола бермейді; оның дым не дым еместігін тексеріп көріңіз. • Су құятын түтікше қосылымын тексеріңіз.
electrolux 19 Егер нендей ақаулықтың орын алғанын білмей не оны шеше алмасаңыз, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Телефон шалмас бұрын машинаның үлгісін, сериялық нөмірін және оны сатып алған күнді белгілеп алыңыз: бұл ақпарат қызмет көрсету орталығына қажет. Mod. ... ... ... Prod. No. ... ... ... Ser. No. ... ... ...
electrolux Бағдарлама Айналдыру Қуатты тұтыну (кВт) Тұтынылатын су(литр) Бағдарлама ұзақтығы (минут) - - ~5 1) 3 килограмға арналған "Мақта мата Эко 60°" бағдарламасы, қуат мәндері көрсетілген тақтайшадағы ақпарат негізінде EEC 92/75 стандартына сай берілген бағдарлама. Бұл кестеде көрсетілген тұтыну мөлшерлері тек жалпылама ұсыныс ретінде ғана берілген, себебі бұл мәндер кірдің мөлшері мен түріне, пайдаланылатын судың температурасы мен бөлме температурасына байланысты өзгеруі мүмкін.
electrolux 21 2. Машинаны тіктеп қойыңыз да, қорек сымын алыңыз, су құятын және суды сарқитын түтікшелерді құрылғының арт жағында орналасқан орындарынан алыңыз. 3. Сай келетін гайка кілтінің көмегімен машинаның артқы жағындағы бұрандалардың үшеуін де нығыздағыштарымен қоса ағытып алыңыз. 4. Содан соң барабанның ішіндегі нұсқаулық кітапша салынған қалта ішінен пластик тығындарды алып, үш тесіктің үшеуін де тығындауыңыз қажет. Орналастыру Машинаны тегіс қатты еденнің үстіне орналастырыңыз.
electrolux 1. Құрылғымен қатар жеткізілген су құятын түтікшені су шүмегіне 3/4" тығырығы арқылы қосыңыз. Әрқашан құрылғымен қатар жеткізілген түтікшені пайдаланыңыз. Сақтандыру туралы ескерту! Еденнің қандай да бір кедірбұдырын машинаның астына тақтай, ағаш не сол сияқты заттарды қою арқылы тегістеуге тырыспаңыз. Су құятын түтікше Қажет болса, құрылғымен қатар жеткізілген тарылтқышты (1/2")пайдаланыңыз. Назарыңызда болсын! Бұл құрылғыны суық су жүйесіне қосу қажет.
electrolux 23 2. Бұл түтікшенің машинаға жалғанатын ұшы кез келген бағытта айнала алады. Шығырық тәрізді тығырықты босату арқылы түтікшені дұрыстап орнатыңыз. Су құятын түтікшені дұрыс орналастырған соң су жылыстап ағып кетпес үшін шығырық тәрізді тығырықты қатайтып бұрауды ұмытпаңыз. Су құятын түтікшені ұзартуға болмайды. Егер ол тым қысқа болса және су шүмегін орнынан жылжытқыңыз келмесе, осындай мақсатта қолдануға арналған жаңа әрі ұзын түтікшені сатып алуыңыз қажет.
electrolux Жуынды су құбырына 65 см-ден кем емес, 80 см-ден артық емес биіктікте тікелей жалғауға болады. Су сарқитын түтікше айналасында және ұшында ауа "жастықшасы" болуға тиіс. Бұл негізгі құбырдың ішкі диаметрі түтікшенің сыртқы диаметрінен үлкенірек болу керектігін білдіреді. 40 mm Түтікше мен негізгі құбыр аралығында 50 миллиметрден артық емес орын қалуы керек және оны осы қалпынан жылжытпай бекіту қажет. Су ағызатын түтікше жаншылып қалмауға тиіс.
electrolux 25 ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР Бұйымдағы немесе бұйым қорапшасындағы белгісі осы бұйым кәдімгі үй қалдығы емес екенін көрсетіп білдіреді. Сондықтан оны ескі электр және электроникалық бұйымдарды жинап утилизация үшін арнайы контейнерлерге салуыңыз керек. Осы бұйымды дұрыс түрде утилизация арқылы Сіз қоршаған орта менен адам денсаулығына түсіп пайда бола алатын зиянын болдыртпауын үшін үлес қоса аласыз; осы зиян бұл бұйымды дұрыс емес қолданғанда пайда болуы мүмкін.
electrolux
electrolux 27
www.electrolux.