EWC 1150 ................................................ .............................................
electrolux Electrolux. Thinking of you. Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com вебсайтынан танысыңыз. МАЗМҰНЫ Сақтық шаралары Қауіпсіздік нұсқаулары Бұйым сипаттамасы Басқару панелі Бірінші қолданғанға дейін Əркүндік қолдану Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер 2 3 5 6 8 8 Жуу бағдарламалары 13 Күту менен тазалау 15 Не істерсіңіз, егер... 17 Техникалық сиппатама 19 Пайдалану көлемі 19 Орнату 20 Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы 11 мағлұматтар 24 Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
electrolux 3 • Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса, оны іске қосуды ұсынамыз. ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ • Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз. • Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз. • Ең көп салмақ 3 кг көрсетілімін орындаңыз ("Бағдарлама кестесі" тарауын қараңыз).
electrolux • Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет. • Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз. • Əрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз. • Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз. • Құрылғының ашасына жəне сымына зақым келтірмеңіз. Зақым келген электр сымын ауыстырту үшін қызмет көрсету орталығына немесе электршіге хабарласыңыз.
electrolux 5 БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ Жаңа құрылғыңыз су мен қуатты, жуғыш затты аз мөлшерде тұтынады жəне кірді аса тиімді түрде жуу мен кептіруге қойылатын соңғы кездегі талаптардың барлығына сай келеді. Машинаның жаңа жуу жүйесі жуғыш затты толықтай пайдалануға, суды аз мөлшерде жұмсай отырып шығындалатын қуатты да азайтуға мүмкіндік береді.
electrolux КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫҢ АРТҚЫ ЖАҒЫ 2 1 1 2 3 4 Тасымал құралдары Су төгу түтігі Электр сымы Су құю түтігі 3 4 ЖУҒЫШ ЗАТ ҮЛЕСТІРГІШІ Негізгі жуу циклына арналған ұнтақ немесе сұйық жуғыш зат салуға арналған бөлімше. Егер сұйық жуғыш зат қолдансаңыз, оны бағдарлама басталардың алдында ғана салыңыз. Сұйық үстемелерге арналған бөлімше (мата жұмсартқыш, крахмал). Кез келген мата жұмсартқыш не крахмалдайтын үстемелерді бөлімшеге жуу бағдарламасын бастамай тұрып құю керек.
electrolux 7 1 1 2 3 4 5 6 7 8 9 2 3 4 5 Жуғыш зат үлестіргіш КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймешігі АЛДЫН АЛА ЖУУ түймешігі ЖЫЛДАМ түймешігі СУПЕР ШАЮ түймешігі БАСТАУ/ҮЗІЛІС түймешігі Бағдарлама үрдісінің бейнебеті АЙНАЛДЫРУДЫ азайту түймешігі Бағдарлама таңдау тетігі ЖУҒЫШ ЗАТ ҮЛЕСТІРГІШ Жуғыш заттың жуғыш зат пен мата жұмсартқышқа арналған 2 жеке бөлімшесі бар. Алдын ала жуу цикліне арналған жуғыш затты барабанға тура құю керек.
electrolux D шамы жуу циклі аяқталғанда жанады. E шамы есікті ашуға болатынболмайтынын көрсетеді: • Шам қосулы: есікті ашуға болмайды. • Шам сөндірулі: есікті ашуға болады. • Шам жыпылықтап тұр: есікті көп кешіктірмей ашуға болады. ТАҢБАЛАР КЕСТЕСІ АЙНАЛДЫРУДЫ АЗАЙТУ ТЕТІГІ Айналдыру жылдамдығын таңдау тетігін бұрау арқылы, таңдалған бағдарламаның кірді айналдыру жылдамдығын өзгертуге немесе «Шаюды кідірту» немесе «Айналдырмау» параметрін таңдауға болады.
electrolux 9 Бағдарламаның соңында таңдау тетігін қалпына қойып, машинаны сөндіру керек. Өте маңызды! Машина жұмыс істеп тұрған кезде бағдарлама таңдау тетігін басқа бағдарламаға қойсаңыз, таңдаудың қате екенін көрсету үшін бағдарлама үрдісінің дисплейіндегі шамдар жыпылықтай бастайды. Машина жаңадан таңдалған бағдарламаны орындамайды. Қажет болса, мата жұмсартқышты белгісі салынған кішкене бөлікке салыңыз (пайдаланылатын мөлшері тартпаның «MAX» таңбасынан аспауға тиіс). Қорапшаны еппен жабыңыз.
electrolux түймешігін қайта-қайта басыңыз. Орнатылған кешіктіру уақытына сай келетін шамдар жанады. Бұл функцияны бағдарламаны орнатып, Start (Бастау) түймешігін баспай тұрып таңдау керек. Кешіктіріп бастау уақытын кез келген уақытта, Start (Бастау) түймешігін баспай тұрып біржола тоқтатуға немесе өзгертуге болады. Start (Бастау) түймешігін басқаннан кейін кешіктіріп бастауды болдырмау: 1. Кір жуғыш машинаны ҮЗІЛІС параметріне Start (Бастау) түймешігін басып қойыңыз. 2.
electrolux 11 БАҒДАРЛАМАНЫ БОЛДЫРМАУ Жұмыс істеп тұрған бағдарламаны біржола тоқтату үшін таңдау тетігін қалпына қойыңыз. Енді жаңа бағдарламаны таңдауыңызға болады. БАҒДАРЛАМА БАСТАЛЫП КЕТКЕН СОҢ ЕСІКТІ АШУ Əуелі 6 түймешігін басып бағдарламаны үзіліске қойыңыз. Біраз минут өткеннен кейін, келесі жағдайлар орындалса есікті аша беруге болады: • Судың температурасы 55°C градустан төмен. • Судың деңгейі есіктің астыңғы жиегінен төмен болса. • Машина айналдырмай тұрса.
electrolux Жаңа түрлі-түсті киімдерді ең алғаш рет жуғанда бояуы шығуы мүмкін; сондықтан да оларды алғашқыда жекежеке жуу қажет. Жуылатын кірдің ішінде ешбір темір заттың қалып қоймауын қадағалаңыз (мысалы, шаш қыстырғыш, булавка, түйреуіштер). Жастық қаптарының түймесін салып, тартпаларды тартып жауып, ілгектер мен батырма түймешіктерді салыңыз. Белбеу не ұзын таспалар болса оларды байлаңыз. Оңай арылмайтын дақтарды кір жууды бастамай тұрып кетіріп алыңыз.
electrolux 13 ЖУУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ Бағдарлама/ Температура Кірдің түрі Функциялар Бағдарлама сипаттамасы Негізгі жуу Шаю циклдары Ұзақ айналдыру, макс. 1100 мин/айн Кірдің ең үлкен салмағы 3 кг Кірдің азайт.
electrolux Бағдарлама/ Температура Кірдің түрі Функциялар Бағдарлама сипаттамасы Нəзік маталар: акрил, вискоза, полиэстер. АЙНАЛДЫРУДЫ АЗАЙТУ/ШАЮДЫ КІДІРТУ КЕШІКТІРІП БАСТАУ - АЛДЫН АЛА ЖУУ СУПЕР ШАЮ Негізгі жуу Шаю циклдары Қысқа айналдыру, макс. 700 мин/айн Кірдің ең үлкен салмағы 1,5 кг ҚОЛМЕН ЖУУ 30° «Қолмен жуылады» деген затбелгісі бар нəзік маталарға арналған арнайы бағдарлама. АЙНАЛДЫРУДЫ АЗАЙТУ/ШАЮДЫ КІДІРТУ КЕШІКТІРІП БАСТАУ Негізгі жуу Шаю циклдары Қысқа айналдыру, макс.
electrolux 15 Бағдарлама/ Температура Кірдің түрі АЙНАЛДЫРУ Қолмен жуылған киім-кешек үшін жəне шаюды тоқтата тұру параметрі таңдалған бағдарламалардан соң бөлек айналдыру. Айналдыру жылдамдығын таңдау тетігін бұрап, айналдырылатын матаға сай келетін айналдыру жылдамдығын таңдауға болады.
electrolux ҮЛЕСТІРГІШТІҢ СУЫРМАСЫН ТАЗАЛАУ Жуғыш ұнтақ пен қоспалар үлестіргішінің суырмасын мезгіл-мезгіл тазалап отыру қажет. 1. Қажет болса, машинаны тазалау үшін жуғыш зат суырмасын тұтас алып қоюға болады. Тежегіштен шығару үшін қатты ұстап тұрып тарту керек. Суырманы орнына қойып, шаю бағдарламасын барабанға ешбір кір салмай орындаңыз. СУ ҚҰЯТЫН ТҮТІКТІҢ СҮЗГІСІН ТАЗАЛАУ Егер өте кермек немесе əк шөгінділері бар суды пайдалансаңыз, су құятын түтіктің сүзгісі бітеліп қалуы ммүкін.
electrolux 17 • "Су төгу" бағдарламасын таңдаңыз да, соңына дейін қосыңыз. • Бағдарлама таңдау тетігін қалпына қойыңыз. Құрылғыны қайта іске қосқыңыз келген кезде, бөлме температурасының 0 °C градустан жоғары екендігіне көз жеткізіңіз. Құрылғыны температурасы қалыпты бөлме ішінде ғана қолдану жəне сақтау керек. Мұз қату салдарынан болған ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік көтермейді. НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
electrolux Ақаулық Мүмкін себебі/Шешімі Машинаның суы сарқылмайды жəне/не ол айналмайды: Суды сарқитын түтікше басылып не жаншылып қалған. • Суды сарқитын түтікше қосылымын тексеріңіз. Аяқталғанда суы əлі де машина ішінде қалатын не ешбір айналдыру кезеңі жоқ функция не бағдарлама таңдалған. • Суды сарқу не айналдыру бағдарламасын таңдаңыз. Кір барабанның ішіне біркелкі таратылып салынбаған. • Кірді таратып салыңыз.
electrolux 19 Ақаулық Мүмкін себебі/Шешімі Айналдыру кеш басталады не машина айналмайды: Теңсіздікті анықтайтын электронды құрал кір барабанның ішіне дұрыс таратылып салынбағандықтан іске қосылған. Кір барабан кері айналған кезде қайта таратылып салынады. Бұл салмақ теңсіздігі жойылып, барабан қалыпты айналғанға дейін бірнеше рет қайталануы мүмкін. Егер 10 минуттан соң барабан ішіндегі кір əлі де біртегіс таратылмаса, машина айналмайды.
electrolux Бағдарламала р Салын ым (кг) Қуат тұтыну (кВт/сағ) Суды пайдалану (литр) Бағдарламан ың болжалды ұзақтығы (минут) Қалған ылғал (%)1) Мақта мата 60 °C 3 0.9 45 120 53 Мақта мата 40 °C 3 0.45 45 110 53 Синтетика 40 °C 1,5 0.5 50 80 35 Нəзік мата 40 °C 1,5 0.5 52 70 35 Жүн мата/ Қолмен жуу 30 °C 1 0.3 60 75 30 Стандартты мақта мата бағдарламалары Стандартты 60 °C мақта мата 3 0.59 42 127 53 Стандартты 60 °C мақта мата 1,5 0.
electrolux 21 ҚОРАПТАН ШЫҒАРУ Жуғыш машина тасымалдау барысында барабан мен моторға еш нұқсан келмес үшін көптеген бекіткіш құралдармен жабдықталып/орауға арналған заттарға оралып жеткізіледі. Құрылғыны іске қоспас бұрын оны тасымалдау үшін қолданылған бекіткіштер мен орам материалдарының барлығын алу керек. Бұл тасымалдау құралдарын машина қайтадан көшірілетін жағдай туса пайдалану үшін сақтап қоюды ұсынамыз. 1.
electrolux 4. Содан соң барабанның ішіндегі нұсқаулық кітапша салынған қалта ішінен пластик тығындарды алып, үш тесіктің үшеуін де тығындауыңыз қажет. бұдырын машинаның астына тақтай, ағаш не сол сияқты заттарды қою арқылы тегістеуге тырыспаңыз. СУ ҚҰЯТЫН ТҮТІК Назарыңызда болсын! Бұл құрылғыны суық сумен жабдықтау жүйесіне қосу қажет. 1. Машинамен бірге жеткізілген су құятын түтікті 3/4" резьбасы бар шүмекке жалғаңыз. Əрқашан құрылғымен бірге жеткізілген түтікті пайдаланыңыз.
electrolux 23 2. Су құятын түтіктің машинаға жалғанатын ұшын кез келген бағытқа бұрауға болады. Дөңгелек сомынды босату арқылы түтікті дұрыстап орнатыңыз. Су құятын түтікті дұрыс орналастырған соң су жылыстап ағып кетпес үшін, шығырық тəрізді тығырықты қатайтып бұрауды ұмытпаңыз. Раковинаның ернеуінен асыра оның ішіне машинамен қатар жеткізілген пластик бағыттағыш арқылы салып қою. Бұл үшін машина суы сарқылып тұрған кезде түтікше ұшының раковина жиегінен шығып кетпеуін қамтамасыз етіңіз.
electrolux Су сарқитын түтікше айналасында жəне ұшында ауа "жастықшасы" болуға тиіс. Бұл негізгі құбырдың ішкі диаметрі түтікшенің сыртқы диаметрінен үлкенірек болу керектігін білдіреді. 40 mm 650-800 mm Электр қосылымына қатысты мəлімет, құрылғы есігінің ішкі қырында орналасқан техникалық ақпарат тақтайшасында берілген. Үйдегі электр желісінің басқа да электр құрылғыларын қоса алғанда максимум қажетті жүктемені көтере алатындығын тексеріңіз. Машинаны жерге қосылған розеткаға жалғаңыз.
electrolux 25 ОРАМ МАТЕРИАЛДАРЫ Қайта өңдеуден өткізуге болатын белгішесі арқылы материалдар белгіленген. >PE<=полиэтилен >PS<=полистирол >PP<=полипропилен Бұл аталмыш материалдарды тиісті жəшіктерге дұрыс салып тастаған жағдайда қайта өңдеуден өткізуге болатындығын көрсетеді.
electrolux
electrolux 27
www.electrolux.