EWC 1150 ................................................ .............................................
electrolux Electrolux. Thinking of you. Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com вебсайтынан танысыңыз. МАЗМҰНЫ Сақтық шаралары Қауіпсіздік нұсқаулары Бұйым сипаттамасы Басқару панелі Бірінші қолданғанға дейін Əркүндік қолдану Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер 2 3 5 6 8 8 Жуу бағдарламалары 13 Күту менен тазалау 15 Не істерсіңіз, егер... 17 Техникалық сиппатама 19 Пайдалану көлемі 19 Орнату 20 Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы 11 мағлұматтар 25 Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
electrolux 3 • Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса, оны іске қосуды ұсынамыз. ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ • Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз. • Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз. • Ең көп салмақ 3 кг көрсетілімін орындаңыз ("Бағдарлама кестесі" тарауын қараңыз).
electrolux • Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет. • Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз. • Əрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз. • Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз. • Құрылғының ашасына жəне сымына зақым келтірмеңіз. Зақым келген электр сымын ауыстырту үшін қызмет көрсету орталығына немесе электршіге хабарласыңыз.
electrolux 5 БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ Жаңа құрылғыңыз су мен қуатты, жуғыш затты аз мөлшерде тұтынады жəне кірді аса тиімді түрде жуу мен кептіруге қойылатын соңғы кездегі талаптардың барлығына сай келеді. Машинаның жаңа жуу жүйесі жуғыш затты толықтай пайдалануға, суды аз мөлшерде жұмсай отырып шығындалатын қуатты да азайтуға мүмкіндік береді.
electrolux КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫҢ АРТҚЫ ЖАҒЫ 2 1 1 2 3 4 Тасымал құралдары Су төгу түтігі Электр сымы Су құю түтігі 3 4 ЖУҒЫШ ЗАТ ҮЛЕСТІРГІШІ Негізгі жуу циклына арналған ұнтақ немесе сұйық жуғыш зат салуға арналған бөлімше. Егер сұйық жуғыш зат қолдансаңыз, оны бағдарлама басталардың алдында ғана салыңыз. Сұйық үстемелерге арналған бөлімше (мата жұмсартқыш, крахмал). Кез келген мата жұмсартқыш не крахмалдайтын үстемелерді бөлімшеге жуу бағдарламасын бастамай тұрып құю керек.
electrolux 7 1 1 2 3 4 5 6 7 8 9 2 3 4 5 6 Жуғыш зат үлестіргіш КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймешігі АЛДЫН АЛА ЖУУ түймешігі ЖЫЛДАМ түймешігі СУПЕР ШАЮ түймешігі БАСТАУ/ҮЗІЛІС түймешігі Бағдарлама үрдісінің бейнебеті АЙНАЛДЫРУДЫ азайту түймешігі Бағдарлама таңдау тетігі ЖУҒЫШ ЗАТ ҮЛЕСТІРГІШ Жуғыш заттың жуғыш зат пен мата жұмсартқышқа арналған 2 жеке бөлімшесі бар. Алдын ала жуу цикліне арналған жуғыш затты барабанға тура құю керек.
electrolux • Шам сөндірулі: есікті ашуға болады. • Шам жыпылықтап тұр: есікті көп кешіктірмей ашуға болады. АЙНАЛДЫРУДЫ АЗАЙТУ ТЕТІГІ Айналдыру жылдамдығын таңдау тетігін бұрау арқылы, таңдалған бағдарламаның кірді айналдыру жылдамдығын өзгертуге немесе «Шаюды кідірту» немесе «Айналдырмау» параметрін таңдауға болады. БАҒДАРЛАМАНЫ ТАҢДАЙТЫН ТҮЙМЕШЕ Бұл түймеше құрылғыны қосу/өшіру мен/не бағдарламаны таңдау үшін қолданылады.
electrolux 9 Қажет болса, мата жұмсартқышты белгісі салынған кішкене бөлікке салыңыз (пайдаланылатын мөлшері тартпаның «MAX» таңбасынан аспауға тиіс). Қорапшаны еппен жабыңыз. ҚАЖЕТТІ БАҒДАРЛАМАНЫ БАҒДАРЛАМА ТАҢДАЙТЫН ТЕТІКЕН (9) ТАҢДАҢЫЗ Бағдарлама таңдау тетігін қажетті бағдарламаға бұраңыз. Таңдау тетігін сағат тілінің бағытымен не сағат тілінің бағытына қарсы бұрауға болады.
electrolux Бұл функцияны бағдарламаны орнатып, Start (Бастау) түймешігін баспай тұрып таңдау керек. Кешіктіріп бастау уақытын кез келген уақытта, Start (Бастау) түймешігін баспай тұрып біржола тоқтатуға немесе өзгертуге болады. Start (Бастау) түймешігін басқаннан кейін кешіктіріп бастауды болдырмау: 1. Кір жуғыш машинаны ҮЗІЛІС параметріне Start (Бастау) түймешігін басып қойыңыз. 2. 2 түймешігін бір рет басыңыз, таңдалған кешіктіріп бастауға қатысты шам сөнеді. 3.
electrolux 11 • Судың деңгейі есіктің астыңғы жиегінен төмен болса. • Машина айналдырмай тұрса. Есікті аша алмасаңыз, бірақ оны міндетті түрде ашу қажет болса, таңдау қалпына қойып машинаны тетігін сөндіріңіз. Бірнеше минуттан кейін есікті ашуға болады (Судың деңгейі мен температурасына назар аударыңыз!). Осы əрекеттен кейін, бағдарлама мен параметрлерді қайта орнатып, содан кейін 6 түймешігін басыңыз. БАҒДАРЛАМАНЫҢ СОҢЫ Машина автоматты түрде тоқтайды.
electrolux Дақтанған жерлердің бір өзін арнайы жуғышпен не жуғыш қоймалжыңмен ысқылап сүртіңіз. Перделерді ерекше баппен тазалаңыз. Ілгектерін алыңыз не болмаса қалта не торға салып буыңыз.
electrolux 13 ЖУУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ Бағдарлама/ Температура Кірдің түрі Параметрлер Бағдарлама сипаттамасы Негізгі жуу Шаю циклдері Ұзақ айналдыру, макс. 1100 мин/айн Кірдің ең үлкен салмағы 3 кг Кірдің азайт.
electrolux Бағдарлама/ Температура Кірдің түрі Параметрлер Бағдарлама сипаттамасы Нəзік маталар: акрил, вискоза, полиэстер. АЙНАЛДЫРУДЫ АЗАЙТУ/ШАЮДЫ КІДІРТУ КЕШІКТІРІП БАСТАУ - АЛДЫН АЛА ЖУУ СУПЕР ШАЮ Негізгі жуу Шаю циклдері Қысқа айналдыру, макс. 700 мин/айн Кірдің ең үлкен салмағы 1,5 кг Қуатты өте тиімді пайдаланатын, суық сумен жуатын бағдарлама. Аз кірленген. Бұл бағдарламаға суық суға аралған жуғыш зат қажет.
electrolux 15 Бағдарлама/ Температура Кірдің түрі АЙНАЛДЫРУ Қолмен жуылған киім-кешек үшін жəне шаюды тоқтата тұру параметрі таңдалған бағдарламалардан соң бөлек айналдыру. Айналдыру жылдамдығын таңдау тетігін бұрап, айналдырылатын матаға сай келетін айналдыру жылдамдығын таңдауға болады.
electrolux ҮЛЕСТІРГІШТІҢ СУЫРМАСЫН ТАЗАЛАУ Жуғыш ұнтақ пен қоспалар үлестіргішінің суырмасын мезгіл-мезгіл тазалап отыру қажет. 1. Қажет болса, машинаны тазалау үшін жуғыш зат суырмасын тұтас алып қоюға болады. Тежегіштен шығару үшін қатты ұстап тұрып тарту керек. Суырманы орнына қойып, шаю бағдарламасын барабанға ешбір кір салмай орындаңыз. СУ ҚҰЯТЫН ТҮТІКТІҢ СҮЗГІСІН ТАЗАЛАУ Егер өте кермек немесе əк шөгінділері бар суды пайдалансаңыз, су құятын түтіктің сүзгісі бітеліп қалуы ммүкін.
electrolux 17 • "Су төгу" бағдарламасын таңдаңыз да, соңына дейін қосыңыз. • Бағдарлама таңдау тетігін қалпына қойыңыз. Құрылғыны қайта іске қосқыңыз келген кезде, бөлме температурасының 0 °C градустан жоғары екендігіне көз жеткізіңіз. Құрылғыны температурасы қалыпты бөлме ішінде ғана қолдану жəне сақтау керек. Мұз қату салдарынан болған ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік көтермейді. НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
electrolux Ақаулық Мүмкін себебі/Шешімі Машинаның суы сарқылмайды жəне/не ол айналмайды: Суды сарқитын түтікше басылып не жаншылып қалған. • Суды сарқитын түтікше қосылымын тексеріңіз. Аяқталғанда суы əлі де машина ішінде қалатын не ешбір айналдыру кезеңі жоқ функция не бағдарлама таңдалған. • Суды сарқу не айналдыру бағдарламасын таңдаңыз. Кір барабанның ішіне біркелкі таратылып салынбаған. • Кірді таратып салыңыз.
electrolux 19 Ақаулық Мүмкін себебі/Шешімі Айналдыру кеш басталады не машина айналмайды: Теңсіздікті анықтайтын электронды құрал кір барабанның ішіне дұрыс таратылып салынбағандықтан іске қосылған. Кір барабан кері айналған кезде қайта таратылып салынады. Бұл салмақ теңсіздігі жойылып, барабан қалыпты айналғанға дейін бірнеше рет қайталануы мүмкін. Егер 10 минуттан соң барабан ішіндегі кір əлі де біртегіс таратылмаса, машина айналмайды.
electrolux Бағдарламала р Салын ым (кг) Қуат тұтыну (кВт/сағ) Суды пайдалану (литр) Бағдарламан ың болжалды ұзақтығы (минут) Қалған ылғал (%)1) Мақта мата 60 °C 3 0.9 45 120 53 Мақта мата 40 °C 3 0.45 45 110 53 Синтетика 40 °C 1,5 0.5 50 80 35 Нəзік мата 40 °C 1,5 0.5 52 70 35 Жүн мата/ Қолмен жуу 30 °C 1 0.3 60 75 30 Стандартты мақта мата бағдарламалары Стандартты 60 °C мақта мата 3 0.59 42 127 53 Стандартты 60 °C мақта мата 1,5 0.
electrolux 21 Назарыңызда болсын! Машинаны ешқашан басқару панелінен, есігінен немесе жуғыш зат үлестіргішінен ұстап көтеруге болмайды. ҚОРАПТАН ШЫҒАРУ Кір жуғыш машинаның барабаны мен қозғалтқышына тасымал барысында зақым келмеу үшін бірнеше бекіту құралдары/орам материалдарымен бекітіліп, оралып жеткізіледі. Құрылғыны іске пайдаланар алдында барлық тасымал болттары мен орам материалдарын алу керек. Бұл тасымалдау құралдарын машина қайтадан көшірілетін жағдай туса пайдалану үшін сақтап қоюды ұсынамыз. 1.
electrolux 2. Машинаны тік қалпына келтіріп қойыңыз да, қорек сымы мен су төгетін, құятын түтіктерін құрылғының артқы жағындағы ұстағыштардан алыңыз. 3. Машинаның артқы жағындағы үш бұранда мен оның тығыздағыштарын сай келетін кілтпен ағытыңыз. 4. Содан кейін үш тесікті, барабанның ішіндегі пайдаланушы нұсқаулығы салынған қалтадағы пластик тығындармен тығындау керек. ОРНАЛАСТЫРУ Машинаны тегіс, қатты еденге орнатыңыз. Машинаның айналасында ауа алмасып тұруға кілемдер, сүрткіштер т.с.с.
electrolux 23 1. Машинамен бірге жеткізілген су құятын түтікті 3/4" резьбасы бар шүмекке жалғаңыз. Əрқашан құрылғымен бірге жеткізілген түтікті пайдаланыңыз. 2. Су құятын түтіктің машинаға жалғанатын ұшын кез келген бағытқа бұрауға болады. Дөңгелек сомынды босату арқылы түтікті дұрыстап орнатыңыз. Су құятын түтікті дұрыс орналастырған соң су жылыстап ағып кетпес үшін, шығырық тəрізді тығырықты қатайтып бұрауды ұмытпаңыз. Қажет болса, жарамды немесе бірге жеткізілген шектегішті (1/2”) пайдаланыңыз.
electrolux Машинамен бірге жеткізілген түтктің пластик бағыттауышы арқылы раковинаның жиегінен асыра іліп қою. (мысалы, ванна немесе раковинаның астыңғы жағында) жалғау керек. Су төгетін түтікті төсеген кезде оның кейбір жерін ваннаның үстіңгі жиегімен деңгейлес жерге төсеп, сол жерге бекіту керек. Ақаба су құбырына 65 см-ден кем емес жəне 80 см-ден аспайтын биіктікте тікелей жалғауға болады. Су төгетін түтіктің айналасында жəне астыңғы жағында ауа жастықшасы болуға тиіс.
electrolux 25 Машинаны жерге қосылған розеткаға жалғаңыз. Жоғарыда көрсетілген сақтық шарасы орындалмағандықтан машина бүлінсе немесе адам жарақат алса, өндіруші еш жауапкершілік көтермейді. Құрылғыны орнатып болған соң қорек сымы қол оңай жететін жерде тұруға тиіс. Құрылғының қорек сымын ауыстыру қажет болса, оны міндетті түрде қызмет көрсету орталығы жүзеге асыруға тиіс. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР Белгі салынған материалдарды қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз.
electrolux
electrolux 27
www.electrolux.