User manual

Жуғыш зат пен мата жұмсартқыш құрал
Кір жуғанда жақсы нəтижеге жету басқа да факторларды
еске алмағанда, жуғыш заттың түрі мен оны дұрыс
мөлшерде пайдалануға байланысты. Жуғыш затты өте аз
мөлшерде пайдалану сұрғылт түйіршіктердің жиналуы,
барабан түсінің күңгірт тартуы мен машинаның ішінде иістің
пайда болуына əкеледі. Оны тым көп мөлшерде қолдану
қоршаған ортаға зиянды əсер етеді. Ыдырап кететін жуғыш
заттардың құрамында қоршаған ортаның тепе-теңдігін
бұзатын элементтер бар.
Тек автомат машинада пайдалануға арналған
сапалы жуғыш заттарды ғана пайдаланыңыз.
Жуғыш заттың салынатын мөлшерін аталмыш затты
өндірушінің нұсқауларын, жуылатын кірдің мөлшері мен
оның қаншалықты кірлегенін, машинаға құйылатын судың
кермектігін есте ұстай отырып анықтау қажет. Тұратын
жеріңіздегі су тым кермек болса,”Қақ кетіру” тарауын
қараңыз. Судың қаншалықты кермек екендігі белгісіз болса,
бұл ақпаратты сумен жабдықтайтын мекеме беруге тиіс.
Жуғыш зат
Жуғыш зат үлестіргіштің сол жақ қорапшасына жуғыш
затты бағдарлама басталмай тұрып салыңыз. Жуғыш
заттың боялған, нəзік жəне жүн матадан жасалған
бұйымдарға арналған арнайы түрлері болады.
Жуғыш затты мөлшерлейтін құрал/шарды
барабан ішіне салмаңыз. Оның орнына жуғыш
затты жуғыш зат үлестіргішке құйыңыз.
Бұл кір жуғыш машина кірді таза жуу үшін суды аз
мөлшерде пайдаланатын жуу жүйесімен жабдықталған.
Сондықтан да, мөлшерлейтін құралды барабан ішіне салған
жағдайда, жуғыш зат бағдарлама соңына дейін түгелдей
ерімей, жуылған заттардың үстінде қалып қою қаупі бар.
Алдын ала жуу цикліне арналған жуғыш зат тікелей
барабанның ішіне салынады.
Сұйық жуғыш зат
Төменгі жəне орташа температурада жуатын
бағдарламалар үшін жуғыш ұнтақтың орнына сұйық жуғыш
затты пайдалануға болады. Бұл үшін алдын ала жуу циклі
жоқ бағдарламаны таңдауыңыз қажет. Сұйық жуғыш затты
бағдарламаны бастамас бұрын жуғыш зат қорапшасына құю
керек.
Мата жұмсартқыш
Егер мата жұмсартқышты пайдаланғыңыз келсе оны жуғыш
зат үлестіргішінің оң жақ қорапшасына құйыңыз. Мата
жұмсартқыш əсіресе кір кейін кептіргіш машина арқылы
кептірілетін жағдайда өте пайдалы, ол статикалық токқа
қарсы əрекет етеді. Өндірушінің бұл затты пайдалану
мөлшері туралы нұсқауларын орындаңыз.
Мата жұмсартқышқа арналған қорапшаны
ешқашан көрсетілген макс. деңгейден асыра
толтырмаңыз.
- 9 -
Текстиль затбелгісі
Төменде киім-кешектер мен текстильдер үшін көп қолданылатын белгішелер мен қысқаша сипаттамалар.
барлық еріткіштерде
құрғақтай тазартылады
перхлорэтилен, бензин, таза
спирт, R 111 & R 113 арқылы
құрғақтай тазартылады
КЕПТІРУ
ЖУУ
тек ғана қолмен
жуу
суға жууға
болмайды
АҒАРТУ
ҮТІКТЕУ
ҚҰРҒАҚТАЙ-
ТАЗАРТУ
суық суға ағартуға болады ағартуға болмайды
макс. 200° градуста
үтіктеледі
құрғақтай тазартуға
болмайды
макс. 150° градуста
үтіктеледі
макс. 100° градуста
үтіктеледі
үтіктемеңіз
жалпағынан қойып
кептіріледі
суын сорғыту
арқылы кептіріледі
қолмен кептіріледі
кептіргіш машинада
кептіруге болмайды
кептіргіш машинада
кептіруге болады
қалыпты температура
төмен температура
баппен жуу
қалыпты жуу
30° градуста жуу40° градуста жуу60° градуста жуу
90° градуста жуу
192996930_KK:192996930_UK.qxd 26/08/2008 12.15 Pagina 9