User manual
- 8 -
Жуылатын кірді сұрыптау
● Дымқыл кірді ұзақ уақыт қалдырып қоюға болмайды.
Дым киім көгеріп, одан жағымсыз иіс шыға бастайды. Зең
дақтарын кетіру мүмкін болмайды.
● Түсті киімдер мен ақ киімдерді араластыруға болмайды.
● Жаңа əрі боялған заттардан əрқашан бояудың нілі
шығады. Бұндай заттарды ең алғаш рет жеке жуған
дұрыс.
● Зығыр матаны ”мақта мата” не ”синтетика” ретінде жуа
беруге болады, бірақ оны аз ғана айналдырмаса
талшықтары үзіліп қалады.
● Үтіктелмейтін полиэфир/мақта матаны ”синтетика”
матаны жуғандай жууға болады.
● Акрил талшығынан жасалған нəзік маталар мен
перделердің көпшілігін ”нəзік мата” функциясымен жууға
болады.
● Жүн мата бағдарламасы 100% жаңа жүннен жасалған
”Машинада жуылады” деген затбелгісі бар киім-
кешектерге арналған. Жүн матаның құрамында басқа
талшығы бар түрлерін машинада жуған кезде тартылып
не бүртіктеліп қалады.
● Шөп нілі, тот, шайыр, бояу мен сия тəрізді оңай
арылмайтын дақтарды жумай тұрып кетіріп алу қажет.
Бояу дақтарын кетіру үшін терпентин тəрізді еріткіштерді
пайдалануға болады. Еріткіш көмегімен тазартылған
киімдерді мұқият шайып барып машинада жуу қажет.
Матаны еріткіш не тұтанғыш заттармен тазарту
барысында бүлдіріп алсаңыз, оған өндіруші жауапкер
емес.
Температуралар
● Ақ мақтадан жасалған матаны 90°C емес 60°C
температурада жуу ұсынылады.
● Зығыр матаны ешқашан 60°C температурадан жоғары
температурада жумаңыз, себебі ол отырып қалады.
● Бояуы тез шығатын киімдерді əдетте 60°C
температурада жуу керек, бірақ қатты кірлемеген киім-
кешекті 40°C температурада жууға да болады.
● Ақ жəне түрлі-түсті синтетика матаны əдетте 60°C
температурада жууға болады, бірақ аса қатты кірлеген
киімдерді 40°C температурада жуған жеткіліксіз болады.
● Бояуы тез шықпайтын киімдер мен нəзік материалдарды
ешқашан 40°C градустан жоғары температурада жууға
болмайды.
Киімді ұсынылған температурада жуу үшін оның
затбелгісін əрқашан тексеріп отырыңыз. Киімді
ұсынылған температурадан жоғары температурада
жусаңыз түсі оңып кетуі мүмкін.
Кірді бір салғанда қанша мөлшерде
салу керек?
Жуылатын кірдің салмағын өлшеу қиын болғандықтан оның
салмағын барабанға кірдің қанша мөлшерде салынғанын
көзбен жобалап көру арқылы анықтауды ұсынамыз.
Мақта мен зығыр мата: Кір барабанға толтырыла, бірақ
аса тығыздалмай салынады.
Нəзік синтетика матадан жасалған заттар емес:
Барабанның 2/3 бөлігінен асырмай салу керек.
Нəзік жəне жүн матадан жасалған заттар, баппен жуу
керек: Кір барабанның орта шегінен асырылмай салынады.
Кірді машинаға салмай тұрып:
● Барлық жыртық не ойық жерлерін жамау керек.
● Босап қалған түймелерді қайта қадау керек.
● Тартпаларын тартып жабу қажет.
● Қалталарды босатып, түймелеу қажет. Тиын, түйреуіш,
шеге, бұрама шегелер мен басқа да қатты заттар
машина мен жуылатын кірге елеулі нұқсан келтіреді.
Бұндай ақаулықтар кепілдік шартында қарастырылмаған.
Жуылатын заттардың салмақтары
(құрғақ заттар)
Машинаға кірді жеткілікті мөлшерде салуға көмектесу үшін
киім-кешектер мен заттардың кейбір түрлеріне қатысты
салмақ, жалпылама ұсыныс ретінде берілген. Бұл мəндер
мақта матадан жасалған заттарға сүйене отырып берілген.
Монша халаты ~1.2 кг
Көрпе тысы ~0.7 кг
Ақжайма ~0.5 кг
Блузка ~0.1 кг
Орамал (Түкті) ~0.2 кг
Көйлек ~0.2 кг
Жатарда киілетін көйлек ~0.2 кг
Пижама ~0.2 кг
Ерлердің іш киімі ~0.1 кг
Ерлердің іш киімі
(ұзын балақты) ~0.3 кг
Жастық тысы ~0.2 кг
Шұлық ~0.1 кг
Қақ тазалау
Егер кір жуу үшін құйылатын судың кермектігі 7° dH мəнінен
көп болса, кір жуғыш машинаның қағын кем дегенде үш
айда бір рет тазартып отыру керек.
1. Жуғыш заттың орнына шамамен 150 мл лимон
қышқылын пайдаланыңыз.
2. Машинаға еш кір салмастан жуу бағдарламасын
жоғарғы температурада орындап шығыңыз.
Машинаның қыздырғыш элементі тəрізді
бөлшектеріне тұрып қалған қақ олардың қызмет
көрсету мерзімін қысқарта түседі.
Тұратын жеріңіздегі судың кермектігін білу үшін
жергілікті сумен жабдықтау мекемесіне
хабарласыңыз.
Жууға қатысты жалпылама ақпарат
192996930_KK:192996930_UK.qxd 26/08/2008 12.15 Pagina 8










