User manual

6 Түймешік ”Бастау/Үзіліс”
Бұл түймешіктің екі функциясы бар:
Бастау:Қажетті бағдарламаны бастау үшін осы түймешікті
басыңыз. Тиісті анықтағыш шам жанады.
Бағдарлама циклі бейнебетінде ”Құлыпталған”
параметріне сай шам жанады да, есік бекітіледі.
Үзіліс:Орындалып тұрған бағдарламаны үзіліске қою үшін
осы түймешікті басыңыз. Тиісті анықтағыш шам
жыпылықтай бастайды. Бағдарламаны жалғастыру
үшін түймешікті қайта басыңыз.
7 Бағдарлама циклінің бейнебеті
Жуу бағдарламасын таңдаған кезде, бағдарламаның түрлі
кезеңдерін көрсететін шамдар жанады. Бағдарлама
басталған кезде бейнебет əрқашан таңдалған
бағдарламаның орындалып тұрған циклін немесе қай
циклінің аяқталғандығын көрсетіп тұрады.
= алдын ала жуу/негізгі жуу
= шаю кезеңдері
= айналдыру
= соңы
= құлыптаулы
шамы машина жуу циклін(негізгі жуу)орындап тұрған
кезде жанады. Осы түймешікті басу арқылы ”Алдын
ала жуу” параметрін таңдасаңыз, шам алдын ала жуу циклі
кезінде де жанып тұрады.
”Соңы” шамы жанған кезде бағдарлама аяқталады.
Есікті ашып кірді ала беруге болады.
шамы есікті ашуға болатын не болмайтынын көрсетеді:
- шам жанып тұрса: есікті ашуға болмайды
- шам өшіп тұрса: есікті ашуға болады
- шам жыпылықтап тұрса: есікті көп кешікпей ашуға
болады
8 Айналдыру жылдамдығы не функция
Осы түймеше арқылы соңғы айналдыру кезеңінің
жылдамдығын азайтып не ”Айналдырмау” параметрін
таңдауыңызға болады. Жылдамдықтарды ”ақ-” жəне ”түсті”
заттарға арналған бағдарлама үшін орнатуға болады.
Синтетика жəне жүн матаға арналған
бағдарламада 1300 (не 1000) дегеніміз 900
мин/айн мəніне сай келсе, нəзік матадан жасалған
заттарды баптап жуатын бағдарламаларда ол
минутына 700 айналымға тең келеді.
Синтетика жəне жүн матаға арналған
бағдарламада 500 дегеніміз минутына 500
айналымға сай келсе, нəзік матадан жасалған
заттарды баптап жуатын бағдарламаларда ол 450
мин/айн мəніне тең келеді.
”Айналдырмау”, бұл параметрді таңдағанда
айналдыру циклдерінің ешқайсысы
орындалмайды. Аса нəзік матадан жасалған
заттарды жуу үшін қолданылады. Машина мақта
матаға арналған бағдарламаға 3 артық шаю
кезеңін қосса, синтетика үшін 1 артық шаю кезеңін
қосады.
”Шаю жəне ұстап тұру”, параметрі таңдалған кезде,
кір бырысып қалмас үшін соңғы шаю кезеңінің суы
сарқылмайды. Бағдарлама циклінің бейнебетіндегі
”Соңы” жəне ”Құлыпталған” шамдары
бағдарлама аяқталған кезде жанып, суды есікті
ашпай тұрып сарқу қажеттігін ескертеді.
Суды сарқу үшін:
1. Бағдарламаны таңдайтын түймешені
”Қайтару” қалпына қойыңыз.
2. ”Сарқу” не ”Айналдыру” бағдарламасын
таңдаңыз. Айналдыру жылдамдығын түймешені
бұрау арқылы азайтуға болады.
3. Бастау/Үзіліс түймешігін басыңыз.
9 Бағдарламаны таңдайтын түймеше
Машина бағдарламалары алты топқа бөлінген, бесеуі үшін
жуу туралы түрлі ұсыныстар берілген:
Ақ/түрлі-түсті заттарды жуу
Синтетиканы жуу
Баппен жуу
Қолмен жуу
Жүн мата
жəне арнайы бағдарламаларға арналған бір режим бар:
Мини 30° Шаю кезеңдері Сарқу Айналдыру
Бағдарламаны таңдайтын түймешікті сағат бағытымен не
сағат бағытына қарсы қарсы бұрау арқылы бағдарлама
мен температураны матадағы затбелгіге сай таңдап
алыңыз не арнайы бағдарламалардың бірін таңдаңыз.
= суық, суы ысытылмаған
= бағдарламаны бастапқы қалпына қайтарады,
болдырмайды, машинаны өшіреді.
Машина іске қосылып тұрған кезде
бағдарламаны таңдайтын түймешені басқа
бағдарламаға қойсаңыз, бағдарлама циклі
бейнебетіндегі шамдар жыпылықтай бастайды.
Машина жаңадан таңдалған бағдарламаны
орындамайды.
Бағдарлама аяқталған соң бағдарламаны
таңдайтын түймешені бастапқы қалыпқа
əкеліп қою керек.
- 7 -
E
E
192996930_KK:192996930_UK.qxd 26/08/2008 12.15 Pagina 7