User manual

1 Жуғыш зат үлестіргіш
Оның жуғыш зат пен мата жұмсартқышқа арналған жеке-
жеке қорапшалары бар.
Жуғыш зат сол жақта орналасқан белгішесі бар
үлкенірек қорапшаға салынса, мата жұмсартқыш оң жақтағы
белгішелі кішірек қорапшаға салынады.
Алдын ала жуу цикліне арналған жуғыш зат тікелей
барабанның ішіне салынады.
Бағдарлама параметрінің түймешіктері
Бағдарлама түріне қарай əртүрлі функцияларды біріктіріп
пайдалануға болады. Оларды қажетті бағдарлама
таңдалған соң, Бастау/Үзіліс түймешігін баспай тұрып
таңдау керек.
Осы түймешіктердің бірі басылған кезде тиісті шам жанады.
Түймешікті қайта басқанда шам өшеді.
Теріс параметр таңдалған жағдайда тиісті
анықтағыш шам 2 секундтай жыпылықтап тұрады.
2 Түймешік ”Кідіртіп бастау”
Бұл түймешік жуу бағдарламасын 6 не 3 сағатқа кешіктіріп
бастауға мүмкіндік береді. Өзіңіз таңдаған кешіктіріп бастау
уақыты тиісті шамның қосылуы арқылы көрсетіледі.
Бұл параметрді бағдарламаны орнатқаннан кейін,
Бастау/Үзіліс түймешігін баспай тұрып таңдаңыз.
Бастау/Үзіліс түймешегі басылып қойса жəне кешіктіріп
бастауды болдырғыңыз келмесе, онда төмендегі
əрекеттерді орындаңыз:
1. Кір жуғыш машинаны Бастау/Үзіліс түймешігін басу
арқылы ҮЗІЛІСКЕ қойыңыз.
2. Кешіктіріп бастау түймешігін бір рет басыңыз,
таңдалған кешіктіріп бастау уақытына қатысты шам
сөнеді.
3. Бастау/Үзіліс түймешігін қайта басыңыз.
Маңызды!
Таңдалған кешіктіріп бастау уақытын тек жуу
бағдарламасын қайта таңдап болған соң ғана
өзгертуге болады.
Есік кешіктіріп бастау уақыты аяқталғанша
құлыптаулы тұрады (есіктің құлыптаулы екенін
көрсететін шам жанып тұрады).
Кешіктіріп бастау функциясын ”Айналдыру” жəне
”Сарқу” бағдарламаларымен қатар
таңдауға болмайды.
3 Түймешік ”Алдын ала жуу”
Қатты кірлеген кірді жуу үшін алдын ала жуу циклі бар
бағдарламаны таңдауыңызға болады. Машинада негізгі
жууды бастамай тұрып 30° C температурада алдын ала жуу
циклін орындаңыз. Жуу уақыты шамамен 20 минутқа
созылады.
Мақта мата жəне синтетикаға арналған бағдарламаларда,
алдын ала жуу циклі аяқталған соң қысқа ғана айналдыру
кезеңі орын алады. Нəзік матаға арналған бағдарламаларда
алдын ала жуу циклінен соң су сарқылады.
Жүн мата не қолдан жууға арналған
бағдарламаларда алдын ала жуу функциясы
болмайды.
4 Түймешік ”Жылдам”
Аздап кірлеген ақ/түсті киімдер мен синтетикаға арналған
қысқа бағдарлама. Жуу уақыты шамамен 10 минутқа
қысқарады. Ұсынылатын макс. температура 60° C.
Бұл параметрлерді 40E жəне 60E “эконом”
бағдарламасы үшін де, жүн не нəзік матаға
арналған немесе қолмен жуу бағдарламалары үшін
де таңдауға болмайды.
Жуу уақыты материалдың түрі мен таңдалған
температураға қарай қысқарады. Мақта мата бағдарламасы
үшін машинаға 2 кг кір салу ұсынылады.
5 Түймешік ”Тамаша шаю”
Бұл түймешікті басқан кезде машина 2 қосымша шаю циклін
орындайды. Бұны жүн мата мен қолдан жууға арналған
бағдарламалардан басқа барлық бағдарламалар үшін
таңдауға болады.
Терісі сезімтал адамдар үшін не суы тым тұщы
жерлерде қолдану ұсынылады.
- 6 -
6h
3h
E
E
Құрылғы сипаттамасы
Басқару панелі
1 2 5 6 743 8 9
192996930_KK:192996930_UK.qxd 26/08/2008 12.15 Pagina 6