User manual

- 4 -
- орам материалдары:
Машинаның орам материалдарын ешқашан жас
балалар алып ойнап қоюы мүмкін жерлерге
тастамаңыз.
Машинаны орау үшін қолданылған материалдардың
ешқайсысының қоршаған ортаға зияны жоқ.
Пайдаланылған пластик орам материалдарының барлығы
да таңбаланған жəне оларды қайта өңдеуден өткізуге
болады:
PE деген таңба полиэтиленді білдіреді, ол машина
салынған қапты жəне осы нұсқаулық салынған
қапшықты жасауда пайдаланылған.
PS полистиролды(бұл машинада престелген
полистирол қолданылған)білдіреді, ол машинаны
тасымалдаған кезде оған жұмсақ төсем ретінде жүретін
орамның бөліктері үшін пайдаланылады.
Орам материалдарының ішіндегі картон қайта өңдеуден
өткізуге болатын қағаздан жасалғандықтан, оны қайта
өңдеу үшін тиісті жерге апарып тапсыру керек.
- ескі құрылғы:
Өнімнің не оның қорабының сыртындағы белгішесі,
бұл өнімнің əдеттегі тұрмыстық қалдықтар қатарына
жатпайтындығын көрсетеді. Сондықтан да, бұл өнімді,
электр жəне электроника бұйымдарын қайта өңдеуден өткізу
үшін арнайы жинайтын жерге апару керек. Өнімнің қолданыс
мерзімі аяқталғаннан соң, арнайы қалдықтарды жинайтын
жерге апару арқылы, бұл өнім дұрыс жолмен өңделмеген
жағдайда орын алуы мүмкін, адам денсаулығы мен
қоршаған орта үшін залалды əсерлердің алдын алуға өз
үлесіңізді қосасыз. Бұл өнімді қайта өңдеуден өткізу туралы
қосымша мəліметті жергілікті əкімшіліктен, тұрмыстық
қалдықтарды жинау қызметін көрсетуші ұйымнан, не өнімді
сатып алған дүкеннен аласыз.
- қуытты үнемдеуге қатысты ақыл-
кеңес:
Су мен қуатты үнемдеу арқылы қоршаған ортаны қорғауға
өз көмегіңізді тигізу үшін төмендегі кеңестерді орындауды
ұсынамыз:
Салынатын кірдің берілген мөлшерін толық ұстансаңыз,
кір жуғыш машина əсіресе үнемді болады.
Жуғыш заттың мөлшерін судың кермектілігіне,
салынатын кірдің мөлшеріне жəне ластану дəрежесіне
қарай лайықтаңыз.
Алдын ала жуу параметрі жоқ бағдарлама əдетте
қалыпты кірлеген затты жууға жеткілікті болады.
Азғана кір жуған кезде жуғыш заттың ұсынылған
мөлшерінің жартысын не үштен екі бөлігін ғана
пайдалануды ұсынамыз.
Дақ пен аз кірді алдын ала тазартып алса оңай кетеді.
Содан соң тазартылған киімді төменгі температурада
жууға болады.
Қоқысқа тастау
Жаңа кір жуғыш машинаңыз су мен қуатты, жуғыш затты аз
мөлшерде тұтына отырып, кірді аса тиімді түрде жуу мен
кептіруге қойылатын соңғы кездегі талаптардың барлығына
сай келеді.
Бағдарламаны таңдағыш түймеше бағдарламаны
оңай орнату үшін бағдарламаның функциясын ғана
емес температурасын таңдау үшін де қолданылады.
Бағдарлама кезеңі көрсетілетін бейнебетте
таңдалған бағдарламаның орындалып тұрған циклі
көрсетілеп тұрады.
Кір жуатын суды сарқымай тұрып, оны 90°C
температурдан 60°C дейін түсіріп, автоматты түрде
салқындатып алу жуылған зат ыстықтың əсерінен
бырысып қалуға жол бермейді.
Жүн тоқымаға арналған жаңа жуу жүйесімен
жабдықталған арнайы бағдарлама, жүн матадан
жасалған заттарды ерекше баптап жуады.
Дисбалансты анықтайтын жүйе айналдыру циклі
кезінде кір дұрыс таратылмағандықтан туындайтын
дірілді анықтап, оны болдырмау функциясын атқарады.
ЭКО тығырығы жуғыш затты түгелдей пайдалануға
мүмкіндік беріп, суды аз жұмсаудың нəтижесінде қуатты
үнемдеуге көмектеседі.
Жаңа кір жуғыш машина
192996930_KK:192996930_UK.qxd 26/08/2008 12.15 Pagina 4