User manual
- 3 -
Кір жуғыш машинаны орнатып, ең алғаш рет пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықты, оның ішіндегі кеңестері мен
ескертулерін де қоса мұқият оқып шығыңыз. Орын алуға тиіс емес ақаулықтар мен оқыс жағдайлардың алдын
алу үшін кір жуғыш машинаны пайдаланатын адамдардың барлығының оның жұмыс жасау жолдары мен
қауіпсіздік функцияларын жетік білгені маңызды. Кір жуғыш машина сатылса не басқа жаққа көшірілсе, оны
пайдаланатын кез келген адам осы құрылғының қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін машинаны пайдалану мен
сақтық шараларынан толық хабардар болу үшін нұсқаулықты да құрылғымен бірге қалдырыңыз.
Қауіпсіздікке қатысты ақпарат
Орнату жəне қызмет көрсету
● Машинаны ең алғаш пайдаланбас бұрын барлық орам
материалдары мен бекіткіш құралдарын алу қажет.
Олар алынбаған жағдайда машина не басқа бір мүлікке
нұқсан келуі мүмкін. ”Тасымалдауға арналған бекіткіш
құралдар” тарауын қараңыз.
● Құрылғыға қатысты орнату не күтім көрсету
жұмыстарының барлығын тек білікті маман осы
нұсқауларды сақтай отырып жүзеге асыруға тиіс.
Жұмысты білікті маман орындамаса, нəтижесінде
машина қалыпты жұмыс жасамай, адам жарақат алып не
басқа да мүлікке зиян келуі мүмкін. Машинаға қатысты
қандай да бір жұмысты жүзеге асырмас бұрын оны
сымын ажырату не сақтандырғышты алып қою арқылы
электр желісінен міндетті түрде ажыратып алу керек.
● Машинаның салмағы ауыр, сондықтан да оны көтерген
кезде абай болыңыз. Машинаны ешқашан басқару
панелі, есігі не жуғыш зат үлестіргішінен ұстап көтермеңіз.
● Машинаны еденінде суағары (су ағызғыш) жоқ бөлмеге
орнатпаңыз.
● Қорек сымының ашасын жерге қосылған жəне қол оңай
жететін розеткаға жалғау керек. Құрылғыны электр
желісіне тұрақты тұрде қосуды тек білікті электр маманы
ғана жүзеге асыруға тиіс.
● Қорек сымы бүлінсе, оны тек өндірушінің уəкілетті қызмет
көрсету орнынан алуға болатын арнайы сымға
айырбастау керек.
● Машинаны орнату не тазалау үшін орнынан жылжытқан
кезде оның қорек сымы жаншылып не бүлініп немесе
түтікшелері жаншылып не басылып қалмағанына көз
жеткізіңіз.
● Машинаны кілем төселген еденге орналастырған
жағдайда оның астыңғы желдеткіш саңылаулары бітеліп
қалмас үшін ерекше назар аудару керек.
● Қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын тек өндірушінің
уəкілетті қызмет көрсету орталығы ғана жүзеге асыруы
тиіс. Тек солардан алынған қосалқы бөлшектерді ғана
пайдаланыңыз. Машинаны ешқашан өзіңіз жөндеуге
əрекеттенбеңіз.
Бала қауіпсіздігі
● Машинаны тек ересек адамдар ғана қосып пайдалануға
тиіс. Балаларға машинаның басқару құралдары не басқа
бөлшектерімен ойнауға рұқсат бермеңіз.
● Машинамен бірге жеткізілген пластик қалтаның ішінде
кішкене балалардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін ұсақ-
түйек заттардың бар екендігін есте ұстаңыз.
● Кірді машинаға салмас бұрын барабанның ішінде басқа
заттың немесе үй жануарларының жоқ екендігіне көз
жеткізіп алыңыз.
● Машина іске қосылып тұрған кезде оның шыны есігі ысып
кетеді, сондықтан да оған қол тигізбеңіз. Машина іске
қосылып тұрған кезде балаларды оған жақындатуға
болмайды.
Пайдалану кезінде
● Бұл машина тек осы нұсқауларды орындай отырып
үйде кір жууға арналған. Машинаны басқа мақсатта
қолданған жағдайда, адамды жарақаттайтын не мүлікке
зиян келтіретін қатерлі жағдайлар орын алуы ықтимал.
● Бұл машинада тек машинаға салып жууға болатын
заттарды ғана жуу керек. Егер затты машинада жууға
болатын не болмайтынына көзіңіз нақты жетпесе, оны
өндірушіге не сатушыға хабарласыңыз.
● Затбелгідегі нұсқауларды орындап, кірді жумас бұрын
оның қалталарын босатып, түймелері мен сырғытпа
түймесін салуыңыз қажет.
● Тиын, түйреуіш, шеге, бұрама шегелер мен басқа да
қатты заттар машинаға елеулі нұқсан келтіреді. Кірді
машинаға салмас бұрын қалталарын тексеріп, босатып
алыңыз.
● Тот, бояу, сия не шөптің нілі тəрізді дақтарды кірді
машинаға салып жумас бұрын кетіріп алыңыз.
● Əбден тозығы жетіп ескірген киімдерді жумауға
тырысыңыз.
● Жұқа шұлық, галстук/ бау не бауы бар заттар ішкі жəне
сыртқы барабанның арасына қыстырылып қалмас үшін
оларды кір жууға арналған торға салып жуыңыз.
● Дақ кетіргіш химиялық зат, тұрмыста қолданылатын
сұйық тазалағыштар не сол сияқты затпен тазартылған
кірлерді машинада жумас бұрын қолмен мұқият шайып
алу керек.
● Машинада жууға болатын сым өткізілген төс
тартқыштарды арнайы торға салып барып жуу керек.
● Тек кір жуғыш машинаға арналған жуғыш заттарды ғана
пайдаланыңыз.
● Жуғыш зат пен киім жұмсартқышты өндірушінің осы
заттарды пайдалану мөлшеріне байланысты
нұсқауларын əрқашан орындаңыз. Бұл заттарды
көрсетілген мөлшерден асыра пайдалану жуылатын
заттарға зиян келтіреді.
● Кірді барабанға көрсетілген мөлшерден асырмай
салыңыз. Кірді тым көп салу машина жұмысына кедергі
жасап, жуылатын кірге нұқсан келтіреді.
● Есікті машина суының əбден сарқылғандығына көз
жеткізіп барып ашыңыз.
● Машина іске қосылып тұрған жағдайда, үйді қараусыз
қалдыруға болмайды.
● Кірді жуып болған соң, машинаға құйылатын суды
тоқтатыңыз да, оны электр желісінен ажыратып
қойыңыз. Машинаны электр желісінен қорек сымынан
тартып емес, ашасынан ұстап ағытыңыз.
● Іске қосылмай тұрған машинаның іші борсып кетпес
үшін оның есігін ашыңқырап қойыңыз.
● Тазалау жəне жөндеу жұмыстары жүргізілген кезде
машинаның міндетті түрде электр желісінен
ажыратылып тұрғандығына көз жеткізіңіз.
192996930_KK:192996930_UK.qxd 26/08/2008 12.15 Pagina 3










