User manual

- 13 -
Жуу бағдарламасын өзгерту
Бағдарламаны Бастау/Үзіліс түймешігін баспай тұрып
өзгертіп алуға болады. Егер бағдарлама басталып кетсе,
оны тек бағдарламаны таңдайтын түймешені ”Қайтару”
қалпына қойып, бағдарламаны біржола тоқтату арқылы
ғана өзгертуге болады. Жаңа бағдарламаны таңдаңыз да,
Бастау/Үзіліс түймешігін басыңыз.
Машина іске қосылып тұрған кезде бағдарламаны
таңдайтын түймешені басқа бағдарламаға
қойсаңыз, бағдарлама циклі бейнебетіндегі
шамдар жыпылықтай бастайды. Машина жаңадан
таңдалған бағдарламаны орындамайды.
Бағдарламаны үзу
Орындалып тұрған бағдарламаны үзіліске қоя тұру үшін
Бастау/Үзіліс түймешігн басыңыз. Тиісті шамдар
жыпылықтай бастайды.
Шамамен 1 минут уақыт өткен соң есікті ашуға болады.
Түймешікті қайта басқан кезде бағдарлама жалғаса түседі.
Бағдарламаны болдырмау
Алдын ала орнатылған бағдарламаны болдырмау
үшін бағдарламаны таңдайтын түймешені ”Қайтару”
қалпына қойыңыз. Енді жаңа бағдарламаны
таңдауыңызға болады.
Бағдарлама басталып кеткен соң
есікті ашу
Бастау/Үзіліс түймешігін басыңыз. Есікті төмендегі
шарттар орындалған жағдайда шамамен 1 минуттан
соң ашуға болады:
Судың температурасы 55°C градустан төмен
болса.
Судың деңгейі есіктің астыңғы жақтауының
деңгейінен төмен болса.
Машина айналмай тұрса.
Егер есікті міндетті түрде ашу қажет болса жəне жоғарыда
аталған шарттардың барлығы орындалса, онда
бағдарламаны таңдайтын түймешені ”Қайтару” қалпына
қою арқылы машинаны өшіруіңіз қажет. Шамамен 1 минут
уақыт өткен соң есікті ашуға болады.
Машинаның ішінде су қалуы мүмкін екендігін
ескеріңіз.
Бағдарламаның соңы
Машина автоматты түрде тоқтайды.
”Соңы” шамы жанған кезде бағдарлама аяқталады.
”Құлыптаулы” шамы өшеді, енді есікті ашып жуылған кірді
алуға болады.
”Шаю жəне ұстап тұру” параметрі таңдалған жағдайда,
”Соңы” жəне ”Құлыптаулы” шамдары жанған қалпы тұра
береді де, суды машинаның есігін ашпай тұрып сарқу
қажеттігін ескертеді.
Суды сарқу үшін:
1. Бағдарламаны таңдайтын түймешені ”Қайтару”
қалпына қойыңыз.
2. ”Сарқу” немесе ”Айналдыру” бағдарламасын
таңдаңыз. Синтетика, жүн не басқа да нəзік
матадан жасалған заттар бырысып қалмас үшін
түймешені бұрау арқылы айналдыру
жылдамдығын азайтуыңызға болады.
3. Бастау/Үзіліс түймешігін басыңыз.
4. ”Құлыптаулы” шамы өшкен кезде есікті ашып
жуылған кірді алуға болады.
5. Бағдарламаны таңдайтын түймешені ”Қайтару”
қалпына қойыңыз.
Кір жууды жалғастырғыңыз келмесе, суды
өшіріңіз де, сақтық ережелерін орындау үшін
машинаны электр желісінен ажыратып қойыңыз.
Есікті барабанның ішінде қалған ылғал буланып
кету үшін жəне көгерген иіс шықпас үшін сəл
ашыңқырып қойыңыз.
192996930_KK:192996930_UK.qxd 26/08/2008 12.15 Pagina 13