User manual
- 12 -
Құрылғыны пайдалану
Құрылғыны тасымалдау үшін қолданылған
бекіткіш құралдардың барлығын алдыңыз ба?
Машинаны ең алғаш рет пайдаланған кезде,
машинаны жасап шығару барысында қалған қандай
да бір өндірістік қалдықтарды арылту үшін жуу
бағдарламасын еш кір салмастан орындап шығыңыз.
Шамамен 100 мл жуғыш затты барабанның ішіне тура
құйыңыз да, бағдарламаны 60° температураға қойып
орындаңыз. Бағдарлама аяқталған кезде машина іске
қосуға дайын болады.
Жуу бағдарламасын бастау
Машинаны іске қоспай тұрып төмендегілерді тексеріп алыңыз:
● есіктің дұрыс жабылған-жабылмағанын
● құрылғының электр желісіне қосылғандығын
● су құятын шүмектің ашық тұрғандығын
Машинаны іске қосу үшін мына əрекеттерді орындаңыз:
1. Есікті ашу үшін оның бекітпесін еппен тартыңыз.
2 Барабанға кірді біртегіс етіп таратып салыңыз.
Үлкен жəне кішкене заттарды араластырып салуға
болады.
Кірді əрқашан барабанға толтырып салып жууға
тырысыңыз: кірдің максимум салмағын бағдарлама
кестесінен қараңыз. Машинаға салынатын кірдің
мөлшерін тек аса қатты кірлеген немесе нəзік
матадан жасалған заттарды жуғанда ғана
азайтыңыз.
3. Есікті жабыңыз.
4. Жуғыш зат үлестіргішті тартып алыңыз.
5 Жуғыш затты қажетті мөлшерде өлшеп алыңыз да,
оны сол жақтағы үлкенірек қорапшаға салыңыз (1-ші
сурет).
6. Мата жұмсартқышты оң жақтағы кішірек қорапшаға
макс. таңбаламасынан асырмай салыңыз (2-ші
сурет).
7. Үлестіргіш суырмасын жабыңыз.
8. Қажетті бағдарламаны таңдаңыз (3-ші сурет).
9. Айналдыру жылдамдығын таңдайтын түймешені
бұрап қажетті орынға қойыңыз (4-ші сурет).
10. Қажетті параметрді таңдаңыз. Тиісті шам жанады
(5-ші сурет).
11. Бағдарламаны бастамай тұрып оны кешіктіріп
бастағыңыз келсе, қажетті кідіртіп бастау уақытын
таңдау үшін “Кешіктіріп бастау” түймешігін басыңыз.
Тиісті шам жанады (5-ші сурет).
12 Қажетті жуу бағдарламасын бастау үшін
Бастау/Үзіліс
, түймешігін басыңыз. жəне
айғақтауыш шамдары жанады да, бағдарлама
басталады.
1
2
5
E
E
6h
3h
3
4
192996930_KK:192996930_UK.qxd 26/08/2008 12.15 Pagina 12










