92996930_KK:192996930_UK.qxd 26/08/2008 12.
192996930_KK:192996930_UK.qxd 26/08/2008 12.
192996930_KK:192996930_UK.qxd 26/08/2008 12.15 Pagina 3 Қауіпсіздікке қатысты ақпарат Кір жуғыш машинаны орнатып, ең алғаш рет пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықты, оның ішіндегі кеңестері мен ескертулерін де қоса мұқият оқып шығыңыз. Орын алуға тиіс емес ақаулықтар мен оқыс жағдайлардың алдын алу үшін кір жуғыш машинаны пайдаланатын адамдардың барлығының оның жұмыс жасау жолдары мен қауіпсіздік функцияларын жетік білгені маңызды.
192996930_KK:192996930_UK.qxd 26/08/2008 12.15 Pagina 4 Қоқысқа тастау - орам материалдары: - қуытты үнемдеуге қатысты ақылкеңес: Машинаның орам материалдарын ешқашан жас балалар алып ойнап қоюы мүмкін жерлерге тастамаңыз. Су мен қуатты үнемдеу арқылы қоршаған ортаны қорғауға өз көмегіңізді тигізу үшін төмендегі кеңестерді орындауды ұсынамыз: Машинаны орау үшін қолданылған материалдардың ешқайсысының қоршаған ортаға зияны жоқ.
192996930_KK:192996930_UK.qxd 26/08/2008 12.
192996930_KK:192996930_UK.qxd 26/08/2008 12.15 Pagina 6 Құрылғы сипаттамасы Басқару панелі 6h E 3h E 1 1 Жуғыш зат үлестіргіш 2 3 4 5 6 7 ● Оның жуғыш зат пен мата жұмсартқышқа арналған жекежеке қорапшалары бар. Жуғыш зат сол жақта орналасқан белгішесі бар үлкенірек қорапшаға салынса, мата жұмсартқыш оң жақтағы белгішелі кішірек қорапшаға салынады. Бағдарлама түріне қарай əртүрлі функцияларды біріктіріп пайдалануға болады.
192996930_KK:192996930_UK.qxd 26/08/2008 12.15 Pagina 7 ”Шаю жəне ұстап тұру”, параметрі таңдалған кезде, кір бырысып қалмас үшін соңғы шаю кезеңінің суы сарқылмайды. Бағдарлама циклінің бейнебетіндегі ”Соңы” жəне ”Құлыпталған” шамдары бағдарлама аяқталған кезде жанып, суды есікті ашпай тұрып сарқу қажеттігін ескертеді. 6 Түймешік ”Бастау/Үзіліс” Бұл түймешіктің екі функциясы бар: Бастау:Қажетті бағдарламаны бастау үшін осы түймешікті басыңыз. Тиісті анықтағыш шам жанады.
192996930_KK:192996930_UK.qxd 26/08/2008 12.15 Pagina 8 Жууға қатысты жалпылама ақпарат Жуылатын кірді сұрыптау ● Дымқыл кірді ұзақ уақыт қалдырып қоюға болмайды. Дым киім көгеріп, одан жағымсыз иіс шыға бастайды. Зең дақтарын кетіру мүмкін болмайды. ● Түсті киімдер мен ақ киімдерді араластыруға болмайды. ● Жаңа əрі боялған заттардан əрқашан бояудың нілі шығады. Бұндай заттарды ең алғаш рет жеке жуған дұрыс.
192996930_KK:192996930_UK.qxd 26/08/2008 12.15 Pagina 9 Жуғыш зат пен мата жұмсартқыш құрал Кір жуғанда жақсы нəтижеге жету басқа да факторларды еске алмағанда, жуғыш заттың түрі мен оны дұрыс мөлшерде пайдалануға байланысты. Жуғыш затты өте аз мөлшерде пайдалану сұрғылт түйіршіктердің жиналуы, барабан түсінің күңгірт тартуы мен машинаның ішінде иістің пайда болуына əкеледі. Оны тым көп мөлшерде қолдану қоршаған ортаға зиянды əсер етеді.
192996930_KK:192996930_UK.qxd 26/08/2008 12.15 Pagina 10 Бағдарлама кестесі Мақта мата 3.0 кг, құрғақ салмағы Синтетика жəне нəзік мата 1.5 кг, Қолмен жуу 1.0 кг, құрғақ салмағы Салынатын кірдің түрі Температура °C Бағдарлама сипаттамасы Ақ 90° қатты кірлеген жұмыс киімдері, ақжаймалар, үстел жапқыш, іш киім, сүлгілер. Ақ қалыпты кірлеген ақжаймалар, сүлгілер, іш киім. Түрлі-түсті қалыпты кірлеген іш киім, түкті мата, үстел жапқыш, сүлгілер, ақжаймалар.
192996930_KK:192996930_UK.qxd 26/08/2008 12.15 Pagina 11 Мақта мата 1.0 кг жəне мини бағдарлама 1,5 кг, салынған кездегі құрғақ салмағы Арнайы бағдарламалар 3.0 кг, құрғақ салмағы Салынатын кірдің түрі Температура °C Бағдарлама сипаттамасы Суық Алдын ала жуу циклі жоқ 40°C температурада суық сумен жуатын бағдарлама. 3 рет шаю мен макс. 900 айн/мин 30° Алдын ала жуу циклі жоқ 30°C температурада жуатын бағдарлама. 2 рет шаю мен айналдыру макс.
192996930_KK:192996930_UK.qxd 26/08/2008 12.15 Pagina 12 Құрылғыны пайдалану Құрылғыны тасымалдау үшін қолданылған бекіткіш құралдардың барлығын алдыңыз ба? 1 Машинаны ең алғаш рет пайдаланған кезде, машинаны жасап шығару барысында қалған қандай да бір өндірістік қалдықтарды арылту үшін жуу бағдарламасын еш кір салмастан орындап шығыңыз. Шамамен 100 мл жуғыш затты барабанның ішіне тура құйыңыз да, бағдарламаны 60° температураға қойып орындаңыз.
192996930_KK:192996930_UK.qxd 26/08/2008 12.15 Pagina 13 Жуу бағдарламасын өзгерту Бағдарламаның соңы Бағдарламаны Бастау/Үзіліс түймешігін баспай тұрып өзгертіп алуға болады. Егер бағдарлама басталып кетсе, оны тек бағдарламаны таңдайтын түймешені ”Қайтару” қалпына қойып, бағдарламаны біржола тоқтату арқылы ғана өзгертуге болады. Жаңа бағдарламаны таңдаңыз да, Бастау/Үзіліс түймешігін басыңыз. Машина автоматты түрде тоқтайды.
192996930_KK:192996930_UK.qxd 26/08/2008 12.15 Pagina 14 Күтім көрсету мен тазалау Машина қуысы Құрылғының сыртқы бетін тұрмыста қолданылатын жұмсақ (жеміргіш емес) тазалағыш затпен сүртіңіз. Тазалағыш заттан қалған іздерді дымқыл шүберекпен сүрту арқылы кетіріңіз. Құрамында алкоголь (спирт), сұйылтқыш не соған ұқсас заттары бар тазартқыш құралдарды пайдаланбаңыз. 1 Жуғыш зат үлестіргіші Уақыт өте келе жуғыш зат пен мата жұмсартқыш жуғыш зат үлестіргіштің ішінде жиналып қалуы ықтимал.
192996930_KK:192996930_UK.qxd 26/08/2008 12.15 Pagina 15 Егер машина жұмыс істемей тұрса Арнайы маманды шақырмас бұрын төмендегі тексерулерді жүзеге асырып көріңіз, себебі кейбір ақаулықтарды маман қызметкерді шақырмай-ақ оңай жөндеуге болады. Төмендегі тізімде берілген ақаулықты жөндеуге не құрылғыны дұрыс орнатпай немесе оны дұрыс іске қоспағандықтан орын алған ақаулықтарды түзету үшін арнайы маман шақырылса, құрылғы кепілдігі əлі заңды күшке ие болса да, көрсетілген қызмет үшін төлемақы алынады.
192996930_KK:192996930_UK.qxd 26/08/2008 12.15 Pagina 16 Қызмет көрсету Қызмет көрсету жəне сайманбөлшектер Қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын тек өндірушінің уəкілетті қызмет көрсету орталығы ғана жүзеге асыруы тиіс. Тек солардан алынған қосалқы бөлшектерді ғана пайдаланыңыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын ақаулықты ”Егер машина жұмыс істемесе” кестесін пайдаланып өзіңіз жөндеп көріңіз. Электрге қатысты ақаулықтарды тек білікті электр маманы ғана жөндеуге тиіс екендігін есте ұстаңыз.
192996930_KK:192996930_UK.qxd 26/08/2008 12.15 Pagina 17 Қораптан шығару Тасымалдау барысында бүліну 1 Егер машина тасымалдау барысында бүлініп қалса, оны жеткізіп берген компанияға жедел түрде хабарлауыңыз керек. Машинаның еш жерінің бүлінбегеніне көз жеткізіп алыңыз. Машинаның бір жерінің бүлінгенін, ақауы бар екендігін не бір бөлшегінің жетіспей тұрғандығын байқасаңыз, сатушыға жедел хабарлауыңыз қажет. Машинаның орам материалдарын ешқашан жас балалар алып ойнап қоюы мүмкін жерлерге тастамаңыз.
192996930_KK:192996930_UK.qxd 26/08/2008 12.15 Pagina 18 Орнату Машинаны тіктеп орнату Машина мықты да орнықты жердің бетіне, қабырға не жиһаздарға жанастырылмай орнатылуы керек. Машинаны тіктеп орнату үшін алдыңғы екі сирақты бұраңыз. Машинаның төрт аяғымен бірдей тұрғанына көз жеткізіңіз (1-ші сурет). 1 Машина дірілінің кейбірі қалыпты деп есептелінеді əрі мұндай діріл машина айналып тұрғанда, əсіресе еден бетон емес болса міндетті түрде шығады.
2996930_KK:192996930_UK.qxd 26/08/2008 12.15 Pagina 19 Орнату Машина суын ағызу Суды ағызатын түтікшені мынандай үш жолмен орнатуға болады: 1 Раковинаның ернеуіне ішке қарай асыра іліп қою Бұл амалды су ағатын түтікшенің машинадан су ағып жатқан кезде қозғалып кетпейтіндігіне əбден сенімді болсаңыз ғана қолданыңыз. Түтікшені қабырғадағы ілгішке іліп не су шүмегіне баумен байлап бекітуге болады (1-ші сурет).
192996930_KK:192996930_UK.qxd 26/08/2008 12.