EUN2243AOW .......................................................... .......................................................
www.electrolux.com МАЗМҰНЫ ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3 БАСҚАРУ ПАНЕЛІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6 ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9 АҚЫЛ-КЕҢЕС . . .
ҚАЗАҚ 3 ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР Құрылғыны орнатып, ең алғаш пайдаланбас бұрын, өз қауіпсіздігіңіз бен құрылғыны дұрыс қолдану мақсатында, пайдаланушыға арналған бұл нұсқаулықты, оның ішінде кеңестері мен ескертулеріне назар салып оқып шығыңыз. Осы құрылғыны пайдаланатын адамдардың барлығы, қажетсіз ақаулықтар мен тұрмыстық апаттардың алдын алу үшін,оны пайдалану тәсілдерімен және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін функцияларымен жете таныс болуы керек.
www.electrolux.com Назарыңызда болсын! Кез келген электрлік бөлшектерін (қуат сымы, аша, компрессор), қатерлі жағдай орын алмас үшін, куәлігі бар қызмет көрсетуші маманы немесе білікті техник маман ауыстыруға тиіс. Қуат кабелін ұзартуға болмайды. Қуат кабелі құрылғының артқы жағында мыжылып немесе зақымдалып қалмағанына көз жеткізіңіз. Мыжылған немесе зақымдалған қуат кабелі тым қызып кетіп, өрт шығуына әкелуі мүмкін. 3. Құрылғының айыры қол жетерлік жерде орналасқанына көз жеткізіңіз. 4.
ҚАЗАҚ ҚЫЗМЕТ • Құрылғыны жөндеу үшін қажет электр жұмыстарын электр маманы не білікті адам жүзеге асыруға тиіс. • Бұл өнімге қызмет көрсетуді тек уәкілетті қызмет көрсету орындары жүзеге асыру керек және құрылғының нағыз өз бөлшектері ғана пайдаланылуға тиіс. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ Бұл құрылғының салқындатқыш сұйығының құрамында да, изоляция материалдарында да озон қабатына зиян келтіретін газдар жоқ. Бұл құрылғыны тұрмыстық қалдық пен қоқыстар тасталатын жерге тастауға болмайды.
www.electrolux.com БАСҚАРУ ПАНЕЛІ 1 2 1 ON/OFF түймешігі 2 Mode түймешігі 3 Бейнебет 4 Суығырақ температураға қою тетігі 5 Жылырақ температураға қою тетігі 3 4 5 6 6 Drink Chill түймешігі Түймешіктердің алдын ала қойылған сигналдарын Mode және Суығырақ температураға қою тетігін бірнеше секунд бірге басып қатайтуға болады. Осыны қайта өзгертуге болады.
ҚАЗАҚ ТЕМПЕРАТУРАНЫ РЕТТЕУ Мұздатқыштың орнатылған температурасын температура түймешігін басып реттеуге болады. Орнатылған әдепкі температура: • мұздатқыш үшін -18°C Температура индикаторы орнатылған температураны көрсетеді. Таңдалған температура 24 сағат ішінде орнайды. Электр қуаты үзіліп қалса, орнатылған температура сақтаулы қалады. ECOMODE Тағамды барынша оңтайлы сақтау үшін EcoMode режимін таңдаңыз. Функцияны іске қосу үшін: 1. Mode түймешігін тиісті белгі көрсетілгенше басыңыз.
www.electrolux.com Кез келген түймешікті басыңыз. Дыбыстық сигнал ажыратылады. Мұздатқыш температурасының индикаторы ең жоғары температураны бірнеше секунд көрсетеді. Содан кейін қайта орнатылған температураны көрсетеді. 4. Ескерту индикаторы қалыпты жағдайлар қалпына келгенше көрсетіліп тұрады. Ескерту сигналы тоқтаған кезде, ескерту индикаторы сөнеді. 1. 2. 3. “ЕСІК АШЫҚ” ЕСКЕРТУ СИГНАЛЫ Есік бірнеше минут ашық қалса, дыбыстық сигнал естіледі.
ҚАЗАҚ 9 ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ ПЕШТІҢ ІШІН ТАЗАЛАУ Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын, іші мен барлық ішкі керек-жарақтарын, аздап бейтарап сабын қосылған жылы сумен жуып, ондағы әдетте жаңа затқа тән келетін иісті кетіріңіз, содан кейін мұқият құрғатыңыз. Жуғыш заттарды немесе жеміргіш ұнтақтарды қолданбаңыз, себебі бұндай заттар құрылғының қаптамасын бүлдіреді. Егер бейнебетте DEMO көрсетілсе, құрылғы демо-режимде тұрады: "КЕЛЕСІ ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК..." тарауын қараңыз.
www.electrolux.com АҚЫЛ-КЕҢЕС ТОҢАЗЫТУ ТУРАЛЫ КЕҢЕС Төменде тоңазыту үрдісін барынша тиімді жүзеге асыру үшін бірнеше маңызды кеңестер берілген: • 24 сағат ішінде тоңазытуға болатын ең көп тағам мөлшері техникалық ақпарат тақтайшасында берілген; • мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады.
ҚАЗАҚ 11 КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ Сақтандыру туралы ескерту! Жөндеу жұмысын жүргізбес бұрын құрылғыны электр желісінен ағытыңыз. Бұл құрылғының салқындатқыш құралында сутегілі көміртек бар; сондықтан да, жөндеу жұмыстары мен оны қайта толтыруды тек уәкілетті маман ғана жүзеге асыруға тиіс. МЕЗГІЛІМЕН ТАЗАЛАП ОТЫРУ Құрылғыны мезгіл-мезгіл тазалап отыру қажет: • іші мен керек-жарақтарын аздап нейтрал сабын салынған жылы сумен тазалаңыз.
www.electrolux.com НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР... Назарыңызда болсын! Ақаулықты анықтамас бұрын ашаны розеткадан суырыңыз. Осы нұсқаулықта көрсетілмеген ақаулықты тек электрші маман немесе білікті адам ғана анықтауға тиіс. Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі Құрылғы жұмыс істемей тұр. Құрылғы сөндірулі. Құрылғыны қосыңыз. Қуат ашасы розеткаға дұрыс сұғылмаған. Ашаны розеткаға дұрыстап сұғыңыз. Құрылғыға электр қуаты келмей тұр. Розеткада тоқ жоқ. Розеткаға басқа электр құрылғысын қосып көріңіз.
ҚАЗАҚ 13 Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі Температура бейнебетінде үстіңгі немесе астыңғы текше көрсетіледі. Температураны өлшеген кезде қате пайда болды. Қызмет көрсету орталығы өкіліне хабарласыңыз (салқындатқыш жүйе тағамды салқындатуын жалғастырады, бірақ температураны реттеу мүмкін емес). DEMO бейнебетте көрсетіледі. Құрылғы демо-режимде тұр (DEMO).
www.electrolux.com ОРНАТУ ОРНАЛАСТЫРУ Назарыңызда болсын! Есігінде құлпы не ілгегі бар ескі құрылғыны тастап жатсаңыз, жас балалар құрылғы ішінде қамалып қалмас үшін оларды жарамсыз етіп барып тастаңыз. Құрылғыны орнатып болған соң оның ашасы қол жететін жерде тұруға тиіс.
ҚАЗАҚ 15 ЕСІКТІҢ АШЫЛАТЫН ЖАҒЫН ӨЗГЕРТУ Құрылғының есігі оң жаққа қарай ашылады. Есікті сол жаққа қарай ашылатындай етіп өзгерткіңіз келсе, құрылғыны орнатпай тұрып төмендегі әрекеттерді орындаңыз: 1. Үстіңгі істікті ағытып алыңыз. 2. Есікті алыңыз. 3. Аралық шектегішті алыңыз. 4. Астыңғы істікті кілттің көмегімен босатыңыз. Қарама-қарсы жақта: 1. Астыңғы істікті қатайтып бұраңыз. 2. Аралық шектегішті орнатыңыз. 3. Есікті орнатыңыз. 4. Үстіңгі істікті қатайтып бұраңыз.
www.electrolux.com Қажет болса, жабысқақ тұмшалағыш таспаны кесіп алып, суретте көрсетілгендей құрылғыға жапсырыңыз. x x Құрылғыны Ø 2.5 мм бұрғысы бар бұрғымен тесіңіз (тереңдігі ең көбі 10 мм). Құрылғыға төртбұрыш тетіктерді салыңыз. 13 mm 1 Ø 2.5 mm 2 3 2 1 Құрылғыны жиһаз ойығына орнатыңыз. Құрылғыны көрсеткі (1) бағытымен үстіңгі саңылаудың қақпағы ас үй қаптамасына тірелгенше итеріңіз.
ҚАЗАҚ 17 Құрылғыны ұяға келтіріп орналастырыңыз. Құрылғы мен ас үй қаптамасынң алдыңғы жиегінің арасында 44 мм орын қалуын қамтамасыз етіңіз. Астыңғы топсаның қақпағы (керек-жарақтар қалтасында) құрылғы мен ас үй қаптамасының арасындағы қашықтықтың дұрыс сақталуын қамтамасыз етеді. Құрылғы мен ас үй қаптамасының аралығында 4 мм орын қалуын қамтамасыз етіңіз. Есікті ашыңыз. Астыңғы топсаның қақпағын орнына қойыңыз. 4mm 44mm Құрылғыны жиһаз ойығына 4 бұрандамен бекітіңіз.
www.electrolux.com Тесіктер мен топса саңылауларын қақпақтармен (C, D) бітеңіз. Желдеткіш саңылаудың торкөзін (B) орнатыңыз. Топса қақпақтарын (E) топсаға орнатыңыз. C D E E B (Ha), (Hb), (Hc) және (Hd) бөлшектерін ағытыңыз. (Ha) бөлшегін ас үй қаптамасының ішкі жағына орнатыңыз.
ҚАЗАҚ (Hc) бөлшегін (Ha) бөлшегінің үстіне қойып итеріңіз. Ha Hc 8 mm Ha Hb Құрылғының есігі мен ас үй қаптамасының есігін 90° градус бұрыш жасай отырып ашыңыз. Кішкене текшені (Hb) бағыттағышқа (Ha) салыңыз. Құрылғы мен ас үй қаптамасының есіктерін бірге ұстап тұрып, тесіктерін белгілеңіз. Кішкене текшелерді алып, есіктің сыртқы жиегіне ø 2 мм 8 мм тереңдігі бар тесік салыңыз. Кішкене текшені бағыттағышқа қайта орналастырыңыз да, оларды берілген бұрандамен бекітіңіз.
www.electrolux.com (Hd) бөлшегін (Hb) бөлшегіне кіріктіре басыңыз. Hb Hd Төмендегілерді тексеріңіз: • Барлық бұрандалардың қатайтып бұралғанын. • Тығыздағыш таспаның қаптамаға мықтап бекігенін. • Есіктің дұрыс ашылып-жабылатынын.
ҚАЗАҚ 21 ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрған кезде түрлі шуыл естіледі (компрессор, салқындатқыш сұйықтықтың айналуы).
www.electrolux.com HISSS! HISSS! SSSRRR! SSSRRR! CRACK! CRACK! ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА Ұяның өлшемдері Биіктігі 1780 мм Ені 560 мм Тереңдігі 550 мм Көтерілу уақыты 21 сағ. Кернеу 230-240 В Жиілік 50 Гц Техникалық ақпарат құрылғының сол жақ ішкі қабырғасындағы техникалық ақпарат тақтайшасында және электр қуатының жапсырмасында көрсетілген.
ҚАЗАҚ 23 ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР Белгі салынған материалдарды қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін тиісті контейнерлерге салыңыз. Электрлік және электроникалық құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы, қоршаған ортаға және адамның денсаулығына зиын келтіретін жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі салынған құрылғыларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз.
www.electrolux.