Қолдану туралы нұсқаулары ыдыс-аяқ жуатын машина ESL 68500
We were thinking of you when we made this product
electrolux 3 Electrolux әлеміне қош келдіңіз Өзіңізге көп қуаныш көрсете алатын, Electrolux фирмасының аса жоғары сапалы бұйымын сатып алғаныңыз үшін рахмет айтамыз. Өзіңіздің тұрмысыңызды біраз жеңілрек қылу үшін аса жоғары сапалы бұйымдардың бай талғауын ұсына алу Electrolux фирмасының мақсаты. Осылардың бірнеше үлгілерін осы кітапшінің соңғының алдындағы бетінде таба аласыз. Сатып алған жаңа бұйымыңыздың барлық артықшылықтарын білу үшін біраз уақыт алып пайдаланушыларға арналған мағлұматтарын оқыңыз.
electrolux Мазмұны Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 5 Өнім сипаттамасы 7 Басқару панелі 8 Бұйымды ең алғаш рет пайдалану 12 Суды жұмсартқышты баптаңыз 13 Ыдыс-аяқ жуғышқа арналған тұзды қолдану 14 Шаю заттарын пайдалану 15 Күнделікті пайдалану 17 Ас құралдары мен ыдыстарды салу 19 Жуу заттарын пайдалану 24 Multitab функция 25 Жуу бағдарламасын таңдау және қосу 26 Ыдыс-аяқ жуғышты ыдыстардан босату 28 Жуу бағдарламалары 28 Күтім және тазалау 31 Келесі жағдайда не істеу керек 33 Техникалық деректер 37 Тексер
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар electrolux 5 Қауіпсіздік туралы мағлұматтар Ыдыс-аяқ жуғышты орнатып, ең алғаш пайдаланбас бұрын, өз қауіпсіздігіңіз бен бұйымды дұрыс қолдану мақсатында, пайдаланушыға арналған бұл нұсқаулықты, ішіндегі кеңестері мен ескертулеріне назар салып оқып шығыңыз. Осы бұйымды пайдаланатын адамдардың барлығы, қажетсіз ақаулықтар мен тұрмыстық апаттардың алдын алу үшін,оның пайдалану тәсілдерімен және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін функцияларымен жете таныс болуы керек.
electrolux Қауіпсіздік туралы мағлұматтар • Бұйымды ешқашан өзіңіз жөндемеңіз. Тәжірибесіз адам жүргізген жөндеу жұмыстары бұйымға зиян келтіреді, не болмаса оның дұрыс жұмыс істемеуіне алып келеді. Жергілікті қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз. Әрқашан осы фирма шығарған бөлшектерді пайдалануды талап етіңіз. Жалпы қауіпсіздік туралы мағлұматтар • Тазалауға арналған заттар көз бен ауыз қуысын және көмейді химиялық күйікке шалдықтыруы мүмкін.
Өнім сипаттамасы electrolux 7 • Қауіпсіздік мақсатында осы бұйымның техникалық сипаттарына өзгерістер кіргізіп немесе өнімнің өзін қандай да бір болмасын жолмен өзгертуге болмайды. • Электр кабелі ақаулыққа ұшырағанда немесе су шлангысы бұзылған жағдайда; немесе басқару панелі, үстіндегі жұмыс алаңы, не ең астыңғы қатары бұзылып қалып, оның ішкі жағы ашық қалған жағдайда машинаны ешқашан пайдаланбаңыз. Қауіпқатерді болдырмау үшін, жергілікті қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз.
electrolux Басқару панелі 4. Жуу заттарына арналған контейнер 5. Шаю заттарына арналған контейнер 6. Техникалық сипаттары көрсетілген тақтайша 7. Сүзгілер 8. Төменгі бүріккіш 9. Жоғарғы бүріккіш Ыдыс-аяқ жуғыштың ішінде, есік ашылған кезде жанып, жабылғанда сөнетін шам бар. Ішкі жарықтандыру жүйесі,EN 60825-1 ережесіне сай келетін, CLASS 1 жарық диодының шамымен жабдықталған: 1994 + A1:2002 + A2:2001. Егер шамды ауыстыру керек болса; жергілікті қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз. Басқару панелі 5.
Басқару панелі electrolux 9 • бағдарлама мәзірі ішінде таңдауды жүзеге асыру, • параметр мәзірі ішінен және қосалқы мәзірден қажетті параметрді таңдау. OK түйме Келесі әрекеттерді орындау қажет болып саналады: • кез келген параметрді таңдағаннан кейін құптау/жадқа енгізу, • жуу бағдарламасын бастау. OK және "параметр" түймесі қатар басылса, онда: • орындалып тұрған бағдарлама біржола тоқтатылады, • параметрді орнату да тоқтайды.
electrolux Басқару панелі Мәзір параметрлері Қосалқы мәзір DELAY START Таңдалған жуу бағдарламасын 1ден 19 сағатқа дейін кешіктіріп бастауға мүмкіндік береді. Кері санақ 1 сағат шамасына кеміп отырады. Кері санақтың ең соңғы сағатында ғана қалған уақыт шамасы минөтпен беріледі. Кері санақ аяқталғаннан соң, жуу бағдарламасы автоматты түрде басталады. MULTITAB Ыдыс-аяқ жуғышты әдепкі не құрама жуу заттарын (3 in 1 - 4 in 1 5 in 1 т.б...)қолдануға лайықтау. "Multi-tab" функциясы туралы оқыңыз.
Басқару панелі electrolux 11 Мәзір параметрлері Қосалқы мәзір SOUND VOLUME Пайдаланушыға сөзді хабардың және естілерлік сигналдардың қатаңдығын (0-ден 5-ке дейін) реттеуге мүмкіндік береді. 0-деңгейі,сөзді хабарлар мен естілерлік сигналдардың ажыратылып тұрғандығын білдіреді. RINSE AID Шаю затының контейнерін белсенді түрге көшіруге/өшіруге мүмкіндік береді. – ON қосылды – OFF ажыратылды WATER HARDNESS Суды жұмсартқышты электронды түрде орнатуға мүмкіндік береді. Дисплей 1.
electrolux Бұйымды ең алғаш рет пайдалану - негізгі жуу - шаю кезеңдері құрғату. 2. Бұл бағанда бірнеше мәліметтер көрсетілген: – Параметрлерді орнату күйі жуу бағдарламасын, мысалы бағдарламаның орындалу ұзақтығын, параметрлерді (жуу бағдарламасымен қатар бір не бірнеше параметрлер орнатылған кезде, бағдарламаның ұзақтығы автоматты түрде жаңартылып отырады) орнатуға басшылық жасайды.
Суды жұмсартқышты баптаңыз electrolux 13 Суды жұмсартқышты баптаңыз Ыдыс-аяқ жуғышыңыз, қосылатын судың құрамындағы машинаға зиян келтірерлік немесе оның қызметінің тиімділігін төмендетерлік минералдар мен тұздарды алып тастауға лайықтап жасалған суды жұмсартқышпен жабдықталған. Осы минералды заттар мен тұздардың мөлшері неғұрлым көп болса, судың қатаңдығы да соғұрлым жоғары болады.
electrolux Ыдыс-аяқ жуғышқа арналған тұзды қолдану Су қатаңдығының параметрін орнату °dH °TH ммоль/л қолмен электронды түрде Тұзд ы қолд ану 51 - 70 91 - 125 9,1 - 12,5 2 10-шы деңгей иә 43 - 50 76 - 90 7,6 - 9,0 2 9-шы деңгей иә 37 - 42 65 - 75 6,5 - 7,5 2 8-ші деңгей иә 29 - 36 51 - 64 5,1 - 6,4 2 7-ші деңгей иә 23 - 28 40 - 50 4,0 - 5,0 2 6-шы деңгей иә 19 - 22 33 - 39 3,3 - 3,9 2 5-ші деңгей иә 15 - 18 26 - 32 2,6 - 3,2 1 4-ші деңгей иә 11 - 14 19 - 2
Шаю заттарын пайдалану electrolux 15 алаң болмаңыз, бұл қалыпты жағдай. 4. Қақпақшаны орнына салып, қақпақшаның бұранда жолақтарында немесе нығыздағышында тұздың тұрып қалмағанына көз жеткізіңіз. 5. Қақпақшаны сағат тілінің бағытына қарай "сырт" етіп тоқтағанға дейін бұрай отырып, өз орнына келтіріп нықтап жабыңыз. Тұз контейнері уақытылы толтырылып отыруға тиіс. Тұзбен толтыру қажеттігін, дисплейден көрсетілер REFILL SALT хабары ескертіп отырады.
electrolux Шаю заттарын пайдалану Шаюға арналған зат ыдысаяқтардың әбден шайылып, дақсыз, жолақсыз құрғатылуын қамтамасыз етеді. Шаю заты,шаюдың ең соңғы кезеңінде автоматты түрде қосылады. 1. Ашуға арналған (A)түймені басып, контейнерды ашыңыз. Контейнер жуу затын қаншалықты мөлшерде қосатындығыңызға байланысты 16-дан 40-қа дейінгі жуу циклдарына жетерлік 110 мл шаю затын сыйдыра алады. 3. Әрбір толтырудан соң қақпақшаның жабылғанына көз жеткізіңіз. 2. Контейнерға шаю затын қосып салыңыз.
Күнделікті пайдалану electrolux 17 Жуғаннан кейін, ыдыс-аяқтың үстінде су тамшылары немесе әк дақтары қалса, шаю затының мөлшерін көбейтіңіз. Ыдыс-аяқ үстінде ақшыл жолақтар болса немесе шыны ыдыс-аяқ үстінде және пышақтардың жүзінде көкшіл дақтар қалса, шаю затының мөлшерін азайтыңыз. Шаю затына арналған контейнер уақытылы толтырылуға тиіс. Шаю затымен толтыру қажеттігін, дисплейден көрсетілер REFILL RINSE AID хабары ескертіп отырады.
electrolux Күнделікті пайдалану • Ыдыс-аяқ пен ас құралдарын машинаға салған кезде, келесі кеңестерге назар аударыңыз: – Ыдыс-аяқ пен ас құралдары айналып тұратын бүріккіштерге кедергі жасамауы керек. – Су жиналмау үшін кастрюльдер, стакандар, шыны аяқтар, т, т. сияқты шұңғыл ыдыстардың ауыздарын төменге қаратып салыңыз. – Ас құралдары ыдыс-аяқтардың ішіне кіріп қалмауы қажет және олар бір-бірінің үстінде жатпауы керек. – Стакандарға зиян келтірмеу үшін, олар бір-біріне тимеуі керек.
Ас құралдары мен ыдыстарды салу electrolux 19 Ыдыс-аяқ жуғыш машинада келесі ыдыс-аяқ пен ас құралдарын жууға болмайды: сиымсыз: • Сабы ағаштан, мүйізден, • Керамикалық заттарды тек қана фарфордан немесе інжуден ыдыс-аяқ жуғышта жууға болады жасалған ас құралдары. деген өндірушінің нұсқаулығы болған жағдайда ғана жуыңыз. • Отқа төзімді емес пластмассадан жасалған заттар. • Жалтыратылған ыдыс-аяқтар ыдыс-аяқ жуғыш машинада жиі • Отқа төзімді емес ескі және жуылса, өңі қашуы мүмкін.
electrolux Ас құралдары мен ыдыстарды салу Шанышқылар мен қасықтарды алынбалы-салынбалы ас құралдары кәрзеңкесіне саптарын төмен қаратып, ал пышақтардың саптарын жоғары қаратып салу керек. Кастрюльдер, шыны аяқтар мен табақтарды салуға ыңғайлы болу үшін, төменгі кәрзеңкедегі ілгек қатарларын төмендетуге болады. Ас құралдарына арналған кәрзеңке Тігінен орналастырылған ұзын жүзді пышақтар - қауіп-қатердің бірден бір көзі.
Ас құралдары мен ыдыстарды салу electrolux 21 Жақсы нәтижелерге жету үшін ас құралдарына арналған торды пайдаланыңыз. Егер ас құралдарының өлшемі, бұл торды қолдануға мүмкіндік бермесе, оны оңайлықпен жасырып қоюыңызға болады. Ас құралдарына арналған кәрзеңке, осы құралдарды салып орналастыруды ыңғайлы ету үшін бөлуге болатын екі бөліктен тұрады. Қос бөліктің ара жігін ажырату үшін, оларды қарама қарсы жақтарға көлденең жылжытып, содан кейін бірінен бірін ажыратыңыз.
electrolux Ас құралдары мен ыдыстарды салу Биік бокалдарды шыны аяқтар қатарларына төмен қаратып орналастырыңыз. Ыдыстарды салуды жеңілдету үшін, кеселерге арналған қатарды үш түрлі қалыпқа келтіріп реттеп орналастыруыңызға болады. тұрғышты солға немесе оңға бағыттап орналастырыңыз. Ыдыстарды салуды ыңғайлы ету үшін, ілгек қатарларының ортаңғысын еш қиындықсыз төмендетуге болады.
Ас құралдары мен ыдыстарды салу electrolux 23 Жоғарғы кәрзеңкенің биіктігін лайықтау Егер үлкен тәрелкелерді жуатын болсаңыз, жоғарғы кәрзеңкені жоғарыға жылжытқаннан кейін, оларды төменгі кәрзеңкеге салыңыз. Төменгі кәрзеңкедегі ыдыстардың ең үлкен биіктігі Жоғарғы кәрзеңкені жоғарлатқанда 31 см Жоғарғы кәрзеңкені төмендеткенде 27 см Жоғарыға көтеру үшін, келесі әрекеттерді орындаңыз: 1. Кәрзеңке тоқтағанға дейін, оны сыртқа қарай тартыңыз. 2.
electrolux Жуу заттарын пайдалану Жуу заттарын пайдалану Ыдыс-аяқ жуғыш машиналарда пайдалану үшін арнайы шығарылған жуу заттарын ғана пайдаланыңыз. Орауыштың сыртында көрсетілген, өндіруші ұсынып отырған жуу затының қолданылатын мөлшері мен оны сақтау туралы кеңестерге назар аударыңыз. Жуу затын көрсетілген мөлшерден артық пайдаланбау арқылы зиянды заттардың бөлініп, қоршаған ортаны ластамауына өз үлесіңізді қосасыз. Жуу заттарын салу 1. Қақпақшаны ашыңыз. 2.
multitab функция electrolux 25 4. Қақпақшаны қойып, оны жабылғанға дейін үстінен басыңыз. Жууға арналған таблетка пішіндес заттар, шығарған өндірушілеріне байланысты әртүрлі жылдамдықпен ериді. Сол себепі, қысқа мерзімдік жуу бағдарламалары қолданылған кезде, кейбір таблетка пішіндес заттарды пайдалану, күткен нәтижеге жеткізбейді. Сондықтан,таблетка пішіндес жуу заттарын қолданған кезде, жуу заттарының қалдығы әбден кету үшін ұзақ мерзімдік жуу бағдарламаларын қолданыңыз.
electrolux Жуу бағдарламасын таңдау және қосу Бағдарлама бірден басталып кеткеннен кейін, параметрді өзгертуге БОЛМАЙДЫ. Егер, Multitab функциясын ажыратып қойғыңыз келсе, бағдарлама параметрін тоқтатып барып, функцияны ажыратуыңызға болады. Бұл жағдайда, жуу бағдарламасын қайта орнатуыңыз керек. Егер құрғату нәтижелері ойдағыдай болмаса, біздің берер кеңесіміз: 1. Шаю заттарына арналған контейнерды шаю затымен толтырыңыз. 2. Шаю затын құюшы құралды белсенді күйге көшіріңіз. 3.
Жуу бағдарламасын таңдау және қосу electrolux 27 бағдарлама автоматты түрде басталады. Есікті ашу, кері санақты кідіртеді. Есікті жабыңыз; кері санақ тоқтаған жерінен әрі қарай жалғасады. Бағдарлама басталып кеткеннен соң, нүкте пішіндес оптикалық сигнал, жуғыштың есігінің астындағы еденнен көрсетіледі. Бұл оптикалық шам, жуу бағдарламасының соңына дейін жанып тұрады. Егер машина жиһаздың ішіне биіктетіле орнатылса, онда оптикалық шам көрінбей қалуы мүмкін.
electrolux Ыдыс-аяқ жуғышты ыдыстардан босату есігін бірнеше минөт ашыңқырап қоя тұру керек; Бұл жағдайда, ыдыс-аяқтар суыңқырап,құрғату нәтижесі де жақсара түседі. – PROGRAMME END және PLEASE SWITCH OFF хабарлары кезекпе-кезек көрсетіледі. 2. 2. On/Off түймесін басыңыз. – Ыдыстарды ыдыс-аяқ жуғыштан шығармас бұрын, Ыдыс-аяқ жуғышты ыдыстардан босату • Қызып тұрған ыдыс-аяқ, елеусіз салмақтың әсерінен де сынып кетуі мүмкін. Сондықтан, ыдысаяқты жуғыштан шығармас бұрын, суытып алу керек.
Жуу бағдарламалары electrolux 29 Кірдің ауқымы Ыдысты салу түрі 70° Intensive Аса кірленген Ыдысаяқтар, ас құралдары, кастрюльде р мен табақтар Prewash Негізгі жуу, 70°C дейін 1 немесе 2 рет аралық шаю Соңғы шаю Құрғату 60° Quick 2) Орташа немесе аздап кірленген Ыдысаяқтар мен ас құралдары Негізгі жуу, 60°C дейін Соңғы шаю 55° Quick Орташа кірленген Ыдысаяқтар мен ас құралдары Негізгі жуу, 55°C дейін 1 рет аралық шаю Соңғы шаю Energy3) Орташа кірленген Ыдысаяқтар мен ас құралдары Prewash Не
electrolux Жуу бағдарламалары Бағдарлама Prewash Кірдің ауқымы Ыдысты салу түрі Кез келген. Жартылай толтыру (кешке дейін толтыруды аяқтау үшін). Бағдарлама сипаттамасы 1 рет суық сумен шаю (тамақ қалдықтарының бір-біріне жабысып қалуын болдырмау үшін). Бұл бағдарлама жуу затын қажет етпейді. 1) "Автоматты" жуу бағдарламасын таңдаған кезде, ыдыс-аяқтардың қаншалықты ластанғаны, судың қаншалықты лайланғанына қарап анықталады.
Күтім және тазалау electrolux 31 Күтім және тазалау Сүзгілерді тазалау Сүзгілерді ара-тұра тексеріп және тазалап отыру керек. Кірленген сүзгілер жуу нәтижесін төмендетеді. Көрсетілген хабар ара-тұра қайталанып көрсетіліп, сүзгілерді тазалау қажеттілігінің бар-жоқтығын тексеруді есіңізге салып отырады. Сүзгілерді тазалауға кіріспес бұрын машинаның ажыратылып тұрғандығына көз жеткізіңіз. 1. Есікті ашып, төменгі кәрзеңкені шығарып алыңыз. 2.
electrolux Күтім және тазалау орнына дұрыс орналасқанына көз жеткізіңіз. 8. (A)Ірі көз сүзгіні микро-сүзгінің (B) ішіне салып, екеуін бірге басыңыз. 9. Құрама сүзгіштерді әдепкі орнына орналастырып, ұстағышын сағат бағытына қарай тоқтағанша бұраңыз. Осы үрдіс барысында тегіс сүзгінің жуу бөлімінің үстінен шығып қалмасына көз жеткізіңіз. Ыдыс-аяқ жуғышты сүзгішсіз ЕШҚАШАН пайдаланбаңыз.
Келесі жағдайда не істеу керек electrolux 33 2. Су құбырының шүмегін жабыңыз. 3. Су қабылдайтын және жуынды суды жіберетін шлангтарды ажыратыңыз. 4. Машинаны шлангтармен бірге шығарып алыңыз. Тасымалдау кезінде машинаның аударылып кетуіне жол бермеу керек. Келесі жағдайда не істеу керек Ыдыс-аяқ жуғыш жұмысын бастамай жатыр немесе жұмыс істеп тұрған кезде тоқтап қалады.
electrolux Келесі жағдайда не істеу керек Дисплейден көрсетілетін хабар және дұрыс жұмыс істемеу Мүмкін себептері және шешетін жолдары • DRAIN BLOCKED хабары дисплейден көрсетіледі. • нүкте пішіндес оптикалық сигнал шамы жанып-сөніп тұр Ыдыс-аяқ жуғыш машинадан су кетпей жатыр • Раковинаның ауызы толып қалған. Раковинаның ауызын тазалаңыз. • Жуынды су жіберетін шланг дұрыс орналаспаған немесе ол қысылып, суды жібермей тұр. Суды канализацияға жіберетін шланг қосылымын тексеріңіз.
Келесі жағдайда не істеу керек electrolux 35 Дұрыс істемеу Бағдарлама басталмай тұр Осы тексерулер өткізілгеннен соң, машинаны қосыңыз. Бағдарлама тоқтап қалған жерінен әрі қарай жалғасады. Егер дұрыс жұмыс істемеушілік туралы хабар қайта көрсетілсе, жергілікті қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз. Кестеде көрсетілген хабарлардан басқа ескертулер көрсетілсе,жергілікті қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз. Қызмет көрсету орталығымен хабарласқан кезде, машинаның үлгісін (Mod.
electrolux Келесі жағдайда не істеу керек Жуу нәтижелері қанағаттанарлық емес Ыдыстар таза емес • Сай келерлік бағдарламадан басқа бағдарлама таңдалған. • Ыдыс-аяқтар су барлық жерлеріне жақсы тимейтіндей орналастырылған. Кәрзеңкелерге белгіленген мөлшерден артық ыдыс-аяқ салуға болмайды. • Ыдыс-аяқ дұрыс қаланбағандықтан, бүріккіштер еркін айнала алмай тұр. • Жуу бөлімінің төменгі жағындағы сүзгіштер кірленіп қалған немесе дұрыс орнатылмаған.
Техникалық деректер electrolux 37 Егер осы тексерулерден соң ақаулық тағы да орын алса, жергілікті қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз. Техникалық деректер Өлшемдер Ені Биіктігі Тереңдігі 59,6 см 81,8 - 89,8 см 55,5 см Электр қуаты көзіне қосылым - Кернеу Электр қуаты Сақтандырғыш Электр қуаты көзіне қосылу туралы мәліметті, ыдыс-аяқ жуғыш машинаның қабырғасындағы техникалық сипаттар туралы тақтайшадан табуға болады.
electrolux Орнату Ыдыс-аяқтардың жоғарғы кәрзеңкеде орналастырылуы (бокал ұстағыштарын алып қойыңыз) Ыдыс-аяқтардың төменгі кәрзеңкеде орналастырылуы Орнату Осы машинаны орнату үшін керек Шыныаяқтарға арналған қатарлар: 2-ші позиция Ас құралдарының ас құралдарына арналған кәрзеңкеде орналастырылуы
Су жүйесіне қосу electrolux 39 болған электр және су беру мен канализация жүйесіне қосу жұмыстарын тек қана білікті электрик, сантехник немесе білікті маман атқаруы керек. Машинаны орналастырмас бұрын,орауыштардың барлығын алып тастаңыз. Мүмкін болса, машинаны су құбырының шүмегі мен канализацияға қосылатын жердің қасына орналастырыңыз. Бұл ыдыс-аяқ жуғыш ас үй жиһазының астында, не үстелдің астында орналастыруға лайықтап жасалған.
electrolux Су жүйесіне қосу тиімді бола бермейді, себебі бұл жуу бағдарламасының ұзақтығын қысқартып жібереді. Тығырық су құбырына қосылымды жүзеге асыру үшін, машинаның су беретін шлангысына лайықтап жасалған,әрі ¾ бұралып,түтікке түйістіруге немесе жедел жалғастыратын шүмекке қосуға арналған. Су қысымы "Техникалық деректер" бөлімінде берілген шектер шегінен аспауы тиіс. Аймағыңыздағы су құбырларындағы орташа қысым туралы мәліметті,жергілікті су шаруашылығын басқаратын мекемеден ала аласыз.
Су жүйесіне қосу electrolux 41 • Егер су қабылдайтын құбыр немесе қорғауыш клапан бұзылған болса, машинаны электр қуаты көзінен ажыратып қойыңыз. • Қорғауыш клапаны бар су қабылдайтын шлангты жергілікті қызмет көрсету орталығының қызметкері ауыстырып беруі керек. Ескерту! Жоғары кернеу Жуынды суды жіберетін шлангты қосу Жуынды суды жіберетін шлангты келесі жолмен қосуға болады: 1. Оны раковинаның сыртқы түтікшесінің сыртқы жағына бекіте орналастыру керек.
electrolux Электр қуаты көзіне қосылу муфталардың ішкі диаметрі машинамен бірге келетін шлангтың диаметрінен кем болмауы керек. Канализация құбырын раковинаның астындағы ұстайтын түтікке қосу кезінде оның сыртындағы пластмасса қабығын тұтастай(A) алып тастау қажет.
Қоршаған орта мәселелері electrolux 43 талаптар тақтайшасынан табуға болады Ашаны әрқашан тұйықталудан сақтандырылған, дұрыс орнатылған розеткаға қосыңыз. Бірнеше құрылғыларды тоқ көзінен қоректендіретін қосқыш-ашаны, біріктіргіштерді және ұзартқыш кабельдерді пайдалануға болмайды. Олар қызып кетіп, өрт шығу қаупін тудыруы мүмкін. Егер қажет болса, үйіңіздегі электр желісіндегі розетканы ауыстырып алыңыз. Егер электр кабелін ауыстыру қажет болса, жергілікті қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз.
electrolux Қоршаған орта мәселелері Машина пайдалануға жарамсыз болып табылғанда: • Машинаны электр қуаты көзінен ажыратып тастаңыз. • Кабельді және қосқыш-ашаны кесіп алып, оларды қоқыс жәшігіне салыңыз. • Есік ілмегін алып тастаңыз. Бұл балалардың машина ішіне кіріп алып, өздерін жауып нәтижесінде,өмірлеріне қауіп тудырудан сақтайды.
electrolux 45
electrolux
www.electrolux.