User manual
2. Қорапшаға шаю затын қосып
салыңыз. "max" көрсеткіші, шаю
затымен толтыру мөлшерінің шегін
көрсетеді.
Қорапша жуу затын қаншалықты
мөлшерде қосатындығыңызға
байланысты 16-дан 40-қа дейінгі жуу
циклдарына жетерлік 110 мл шаю
затын сыйдыра алады.
3. Әрбір толтырудан соң қақпақшаның
жабылғанына көз жеткізіңіз.
Келесі жолы ыдыстарды жуған кезде
көпіршудің алдын алу үшін, шаю
затымен толтыру барысында
төгілген шаю затын су тартатын
матаға сіңіріп алыңыз.
Ыдысты жуудың соңғы және құрғату
кезеңдеріндегі нәтижелерге қарап,шаю
затының қосылу мөлшерін 6 түрлі
деңгейге қоятын диск көмегімен
көрсетіңіз (1-ші деңгей - ең аз мөлшері,
6-шы деңгей - ең көп мөлшері).
Үлестірілу мөлшерінің өндіруші орнатқан
деңгейі - 4.
Жуғаннан кейін ыдыс-аяқтың үстінде су
тамшылары немесе әк дақтары қалса,
шайғыш зат мөлшерін көбейтіңіз.
Ыдыс-аяқ үстінде ақшыл жолақтар болса
немесе шыны ыдыс-аяқ үстінде және
пышақтардың жүзінде көкшіл дақтар
қалса, шайғыш зат мөлшерін азайтыңыз.
Әркүндік қолдану
• Ыдыс-аяқ жуғышқа арналған тұз не
шаю затымен толтыру қажеттілігінің
бар - жоқтығын тексеріңіз.
• Ыдыс-аяқ жуғышқа ас құралдары мен
ыдыс-аяқтарды салыңыз.
•Ыдыс-аяқ жуғышты жуу затымен
толтырыңыз.
• Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды
жууға сай келетін жуу бағдарламасын
таңдаңыз.
• Жуу бағдарламасын бастаңыз.
Пайдалы кеңестер
Сорғыштарды, үй тазалау шүберектерін
және кез келген суды сіңіріп алатын
затты ыдыс жуғыш машинада жууға
болмайды.
• Ыдыс-аяқты салар алдында:
– Тамақ қалдықтары мен басқа
қалдықтарды ыдыстардан кетіріңіз.
– Жанып жабысып қалған тағам
қалдықтарын қазаншаларға салып
жібітіп алыңыз
electrolux 9










