User manual

машинада пайдалануға арналмаған
басқа тұз түрлері, әсіресе, ас тұзы су
жұмсартқышқа зиян келтіруі мүмкін. Тұз
қорапшасын тұзбен толық жуу
бағдарламаларының бірін қосар
алдында ғана толтырыңыз. Бұл тұз
түйірлерінің немесе тұзды судың
машина түбіне төгіліп қалып, төгілген
жерінде ұзақ уақыт жатып қалып
коррозияны тудырудың алдын алу үшін
қажет.
Толтыру үшін:
1. Есікті ашыңыз, төменгі кәрзеңкені
алып тастап, тұз қорапшасының
қақпақшасын сағат бағытына қарсы
айналдырып ашыңыз.
2. Қорапшаның ішіне 1 литр су құйыңыз
(қорапшаны ең алғаш рет тұзбен
толтырғанда ғана осылай істеңіз) .
3. Берілген құйғышты пайдалана
отырып, қорапшаны тұзбен әбден
толтырыңыз.
4. Қақпақшаны орнына салып,
қақпақшаның бұранда жолақтарында
немесе нығыздағышында тұздың
тұрып қалмағанына көз жеткізіңіз.
5. Қақпақшаны сағат тілінің бағытына
қарай "сырт" етіп тоқтағанға дейін
бұрай отырып, өз орнына келтіріп
нықтап жабыңыз.
Қорапша тұзбен толтырылып
жатқанда, су шетінен асып төгілсе,
алаң болмаңыз, бұл қалыпты
жағдай.
Басқару панеліндегі тұз шамы тұз
толтырылғаннан соң, 2 сағаттан 6
сағатқа дейін,егер ыдыс-аяқ жуғыш
машина қосылулы тұрса, жанып
тұрады. Егер ұзақ еритін тұзды
пайдаланып жатсаңыз, бұл уақыт
шамасы арта түседі. Машинаның
жұмысына кері әсерін тигізбейді.
Шаю бұйымдары
Назарыңызда болсын! Тек
жуғыштарға арналған, сапалы шаю
заттарын пайдаланыңыз.
Шаю заттарының қорапшасын ешбір
басқа заттармен (мысалы, ыдыс-аяқ
жуғышқа арналған тазалағыш
затпен, сұйық тазалағыш заттармен)
толтырмаңыз. Ол бұйымыңызға
зиян келтіруі мүмкін.
Шаюға арналған зат ыдыс-
аяқтардың әбден шайылып, дақсыз,
жолақсыз құрғатылуын қамтамасыз
етеді.
Шаю заты ең соңғы шаю кезеңінде
автоматты түрде қосылады.
1. (A) ашу түймесін басып, қорапшаны
ашыңыз.
8 electrolux