User manual
– су жұмсартқышты орнату,
– жуу бағдарламасының соңы,
– жуғыштың дұрыс жұмыс істемеуіне
байланысты сигналдың қосылуы.
Өндіруші орнатқан параметрлер:
дыбысты сигналдар белсенді күйге
көшірілген
Дыбысты сигналдарды өшіріп қоюға
болады.
Дыбысты сигналдарды өшіру/белсенді
күйге көшіру
1. Қосу/Өшіру (On/Off) түймешігін
басыңыз. Ыдыс жуғыш машина
параметрлерді орнату күйінде тұруға
тиіс.
2. B және C функци түймешіктерін A, B
және C функция түймешіктерінің
шамы жыпылықтай бастағанша қатар
басып ұстап тұрыңыз.
3. C функция түймешігін басыңыз, A
және B функция түймешіктерінің
шамы өшеді де, C функция
түймешігінің шамы жыпылықтап тұра
береді. Сандық бейнебетте ағымдық
деңгей пайда болады.
Дыбысты сигналдар
ажыратылған
Дыбысты сигналдар қосылған
4. Параметрді өзгерту үшін C функция
түймешігін қайта басыңыз: сандық
бейнебетте жаңа параметр пайда
болады.
5. 5. Операцияны ыдыс жуғыш
машинаның жадына енгізу үшін оны
ажыратыңыз.
Бірінші қолдану
Ыдыс-аяқ жуғышты ең алғаш рет
қолданар алдында:
• Электр көзіне және су жүйелеріне
қосылу жұмыстарының, орнату
нұсқауларына сәйкес жүзеге
асырылғандығына көз жеткізіңіз.
• Бұйымның ішінен барлық
орауыштарды алып тастаңыз
• Суды жұмсартқышты баптаңыз
• Тұз қорапшасының ішіне 1 литр су
құйып, содан кейін ыдыс-аяқ жуғышқа
арналған тұзды салыңыз
• Шаю заттарына арналған қорапшаны
толтырыңыз
Егер таблетка пішіндес, келесі
көрсетілгендегідей құрама жуу
заттарын пайдаланатын болсаңыз:
"3 қасиетке ие 1 зат", "4 қасиетке ие
1 зат", "5 қасиетке ие 1 зат", т.б.,
"мульти-таб" функциясын қосыңыз.
("Мульти-таб функциясы" бөлімін
оқыңыз).
Су жұмсақтайтын бұйымын салу
Ыдыс-аяқ жуғышыңыз, қосылатын судың
құрамындағы машинаға зиян келтірерлік
немесе оның қызметінің тиімділігін
төмендетерлік минералдар мен
тұздарды алып тастауға лайықтап
жасалған суды жұмсартқышпен
жабдықталған.
Осы минералды заттар мен тұздардың
мөлшері неғұрлым көп болса, судың
қатаңдығы да соғұрлым жоғары болады.
Су қатаңдығы балама өлшемдер арқылы
өлшенеді - Германияның өлшемі (°dH),
Францияның өлшемі (°TH) және ммоль/л
(бір литрдегі миллимоль - су қатаңдығын
өлшейтін халықаралық өлшемі).
Суды жұмсартқыш аймағыңыздағы су
қатаңдығына сәйкес лайықтанған болуы
керек. Аймағыңыздағы су қатаңдығы
туралы мәліметтерді жергілікті су
шаруашылығын басқаратын мекемеден
ала аласыз.
Суды жұмсартқыш екі тәсіл арқылы
реттелуге тиіс: су қатаңдығы
деңгейін өзгертетін сандық диск
арқылы қолмен өзгертіледі және
электронды түрде.
6 electrolux










