User manual
1 Қосу/Өшіру (On/Off) түймешігі
2 Сандық бейнебет
3 Бағдарламаны таңдайтын түймешіктер
4 Кідіртіп бастау түймешігі
5 Multitab түймешігі
6 Болдырмау түймешігі
7 Анықтағыш шамдар
8 Функция түймешіктері
Анықтағыш шамдар
Тұз Арнайы тұз таусылғанда жанады.
Шайғыш зат Шайғыш зат бітіп қалғанда жанады.
Сандық бейнебет
Сандық бейнебеттен:
• су жұмсартқышы орнатылған су
кермектігінің деңгейі,
• жуу бағдарламасының нөмірі,
• орындалып тұрған бағдарламаның
аяқталуына дейін қалған уақыт,
• шайғыш затты үлестіргішті белсенді
күйге көшіру/ажырату (ТЕК "Multi tab"
функциясы қосылулы тұрғанда ғана),
• жуу бағдарламасының соңы (сандық
бейнебеттен 0 көрсетіліп тұрады),
• кідіртіп бастау параметрінің кері
санағы,
• машинаның дұрыс жұмыс жасамауына
байланысты ақаулық кодтары,
• дыбысты сигналдарды белсенді күйге
көшіру/өшіру көрсетіледі.
Функция түймешіктері (A, B және C)
Бұл түймешіктерді пайдаланып келесі
функцияларды орнатуға болады:
• су жұмсартқыштың деңгейін орнату,
• "Multitab" функциясы қосылулы тұрған
кезде, шайғыш зат үлестіргішін
белсенді күйге көшіру/ажырату,
• дыбысты сигналдарды белсенді күйге
көшіру/өшіру.
Параметрлерді орнату күйі
Қосу/Өшіру (On/Off) түймешігін басыңыз.
Егер бағдарламаны таңдайтын
түймешіктің шамы жанып, сандық
бейнебетте екі 2 көлденең жолақ пайда
болса, онда бұл құрылғының
параметрлерді орнату күйінде
тұрғандығын білдіреді.
Келесі әрекеттерді орындаған кезде,
әрдайым есіңізде болсын:
– жуу бағдарламасын таңдағанда,
– су жұмсартқыштың деңгейін
орнатқанда,
– шайғыш зат үлестіргішін белсенді
күйге көшіргенде/ажыратқанда,
– дыбысты сигналдарды белсенді
күйге көшіргенде/ажыратқанда,
құрылғы міндетті түрде
параметрлерді орнату күйінде
болуға ТИІС.
Қосу/Өшіру (On/Off) түймешігін басыңыз.
Егер бағдарламаны таңдайтын түймешік
шамы жанып, сандық бейнебетте
бағдарламаның ұзақтығы (минут
арқылы)көрсетілсе, бұл ең соңғы
орындалған не таңдалған
бағдарламаның әлі орнатылып
тұрғандығын білдіреді. Осы жағдайда
параметрлерді орнату күйіне қайтып
оралу үшін, бағдарламаны біржола
тоқтату керек.
Орнатылған бағдарламаны немесе
орындалып тұрған бағдарламаны
болдырмау үшін
Болдырмау түймешігін сандық
бейнебетте 2 көлденең жолақ пайда
болғанша басып ұстап тұрыңыз.
Бағдарлама тоқтатылып, машина енді
параметрлерді орнату күйіне көшірілді.
Дыбысты сигналдар
Аудио сигналдар ыдыс жуғыштың қай
операцияны орындап тұрғанын
анықтауға көмектесу үшін енгізілген:
electrolux 5










