User manual

Бұйымды пайдаланып болғаннан соң,
оны электр қуаты көзінен ажыратып,
судың берілуін тоқтатыңыз.
Бұл өнімді осы бұйымды орнату
немесе жөндеу үшін рұқсаты бар
мамандар ғана жөндей алады және
тек осы фирма шығарған бөлшектерді
ғана пайдалануға болады.
Бұйымды ешқашан өзіңіз жөндемеңіз.
Тәжірибесіз адам жүргізген жөндеу
жұмыстары бұйымға зиян келтіреді, не
болмаса оның дұрыс жұмыс істемеуіне
алып келеді. Өзіңіздің жергілікті
қызмет көрсету орталығыңызбен
хабарласыңыз. Әрқашан осы фирма
шығарған бөлшектерді пайдалануды
талап етіңіз.
Жалпы қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Тазалауға арналған заттар көз бен
ауыз қуысын және көмейді химиялық
күйікке шалдықтыруы мүмкін. Бұндай
жағдайдың өміріңізге қауіп төндіруі
мүмкін! Ыдыс-аяқ жуғыштарға
арналған жуу заттарын өндірушінің
қауіпсіздік туралы нұсқауларын
орындаңыз.
Ыдыс-аяқ жуғыштың ішіндегі су ішуге
жарамсыз. Бұйымның ішінде жуу
заттарының қалдықтары әлі де бар
болуы мүмкін.
Егер бұйымның ішіне ыдыстарды
салып, не оларды алып жатпасаңыз,
ыдыс-аяқ жуғыштың есігі әрдайым
жабық болуы керек. Осылай істесеңіз,
кез келген адамның ашылып тұрған
есікке сүрініп-шалынып, бір жерін
жарақаттап алуына жол бермейсіз.
Ашық тұрған есіктің үстіне отыруға
немесе үстіне шығып тұруға
болмайды.
Бала қауіпсіздігі
Бұл машина тек ересек адамдардың
пайдалануына арналған. Балаларға
ыдыс-аяқ жуғышты бақылаусыз
пайдалануға рұқсат бермеңіз.
Машинаның орауыштары мен
қорабын балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз. Тұншығып кету қаупі
бар.
Барлық жуу заттарын балалар жете
алмайтын жерде сақтаңыз.
•Ыдыс-аяқ жуғыштың есігі ашық тұрған
кезде, балалардың жақын келуіне жол
бермеңіз.
Орнату
Ыдыс-аяқ жуғышты көлікпен
тасымалдау барысында ешбір жерінің
бұзылып қалмағанына көз жеткізіңіз.
Бұзылған бұйымды ешқашан электр
желісінің көзіне қоспаңыз. Ыдыс-аяқ
жуғышыңыз бұзылып қалса, бұйымды
сатып алған сатушыңызбен
хабарласыңыз.
Қолданар алдында, оның барлық
орауыштары мен қорабын алып
тастауыңыз қажет.
Осы бұйымға орнатуға қатысты
электрлік және су жіберу мен
қанализация жүйесіне қосу
жұмыстарын, осы салада
маманданған және білікті адам жүзеге
асыруға тиіс.
Қауіпсіздік мақсатында осы бұйымның
техникалық сипаттарына өзгерістер
кіргізіп немесе өнімнің өзін қандай да
бір болмасын жолмен өзгертуге
болмайды.
Электр кабелі ақаулыққа ұшырағанда
немесе су шлангысы бұзылған
жағдайда; немесе басқару панелі,
үстіндегі жұмыс алаңы, не ең астыңғы
қатары бұзылып қалып, оның ішкі жағы
ашық қалған жағдайда машинаны
ешқашан пайдаланбаңыз. Қауіп-
қатерді болдырмау үшін, жергілікті
қызмет көрсету орталығымен
хабарласыңыз.
Гидравликалық және электрлік
құрамдас бөліктерге зиян келтірмес
үшін, ыдыс-аяқ жуғыштың
қабырғаларын ешқашан бұрғымен
теспеңіз.
Назарыңызда болсын! Электр қуаты
көзіне және су құбырына қосу үшін,
арнайы бөлімдерде берілген
нұсқауларды мұқият орындаңыз.
electrolux 3