User manual
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
стандарттарының талабына сәйкес
машина жерге қосылған болуы
керек.
Бұйымды бірінші рет пайдаланар
алдында, жергілікті электр қуаты
көзінің кернеуі және оның берілу түрі
техникалық талаптар
тақтайшасында көрсетілген
талаптарға сай келетіндігіне көз
жеткізіңіз. Сонымен қатар,
сақтандырғыштың техникалық
сипаттамасын да техникалық
талаптар тақтайшасынан табуға
болады
Электр қосқышын әрқашан
тұйықталудан сақтандырылған,
дұрыс орнатылған розеткаға
қосыңыз.
Бірнеше құрылғыларды тоқ көзінен
қоректендіретін қосқыштарды,
біріктіргіштерді және ұзартқыш
кабельдерді пайдалануға
болмайды. Олар қызып кетіп, өрт
шығу қаупін тудыруы мүмкін.
Егер қажет болса, үйіңіздегі электр
желісіндегі розетканы ауыстырып
алыңыз. Егер электр кабелін
ауыстыру қажет болса, жергілікті
қызмет көрсету орталығымен
хабарласыңыз.
Бұйымды орнатып болғаннан кейін,
бұймды тоқ көзіне қосқыш қол жетер
жерде болуы керек.
Қосқышты электр желісінен ажырату
үшін, ешқашан оның сымынан
тартпаңыз. Әрдайым қосқышты
қолмен тартып шығарыңыз.
Жоғарыда көрсетілген сақтық
шаралары жүзеге
асырылмағандықтан орын алған
ақаулықтар үшін өндіруші жауапты
болмайды.
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы мағлұматтар
Бұйымдағы немесе бұйым
қорапшасындағы
белгісі осы бұйым
кәдімгі үй қалдығы емес екенін көрсетіп
білдіреді. Сондықтан оны ескі электр
және электроникалық бұйымдарды
жинап утилизация үшін арнайы
контейнерлерге салуыңыз керек. Осы
бұйымды дұрыс түрде утилизация
арқылы Сіз қоршаған орта менен адам
денсаулығына түсіп пайда бола алатын
зиянын болдыртпауын үшін үлес қоса
аласыз; осы зиян бұл бұйымды дұрыс
емес қолданғанда пайда болуы мүмкін.
Осы бұйымның утилизациясы туралы
көбірек білуіңіз үшін жергілікті
әкімшілігіңізбен, қалдықтарды жинап
әкететін мекемеңізбен немесе осы
бұйымды Өзіңізге сатқан дүкенімен
хабарласыңыз.
Буып-түйетін материал
Буып-түйетін материалдар қоршаған
ортаға зиян келтірмейді және оларды
қайта өңдеуге болады. Пластмассадан
жасалған құрамдас бөліктер олардағы
белгілер бойынша анықталады,
мысалы, >PE<, >PS<, т. б. Буып-түйетін
материалдарды аулаңыздағы тиісті
қоқыс жәшіктеріне тастаңыз.
Назарыңызда болсын! Машина
пайдалануға жарамсыз болып
табылғанда:
• Машинаны электр қуаты көзінен
ажыратып тастаңыз.
• Кабельді және қосқышты кесіп
алып, оларды қоқыс жәшігіне
тастаңыз.
• Есік ілмегін алып тастаңыз. Бұл
балалардың машина ішіне кіріп
қалып, өз-өзін жауып қойғаннан,
яғни олардың өмірлеріне қауіп
тудырудан сақтайды.
26 electrolux










