User manual

Жуынды суды жіберетін шлангты қосу
Жуынды су шлангысының ұшын төменде
көрсетілгендей қосуға болады:
1. Оны раковинаның сыртқы
түтікшесінің сыртқы жағына бекіте
орналастыру керек. Бұл раковинадан
ағып жатқан жуынды судың машинаға
құйылып кетуінен сақтайды.
2. Вентиляциялық тесігі бар құбырға сай
келу үшін, ішкі диаметрдің ең аз
шамасы 4 см болуы керек.
Канализация жүйесіне қосылу ыдыс-аяқ
жуғыштың түбінен 30 см (мин) және 100
см (макс) биіктікте орналасуы керек.
Жуынды судың шлангысы ыдыс-аяқ
жуғыштың не сол жағына, не оң жағына
қарап тұруы керек.
Шлангтың майысып, не болмаса
жаншылып қалмағандығына көз жеткізіп
алыңыз, себебі бұл жуынды судың кетуін
баяулатады.
Раковинаның тығыны машинаның
жуынды суы кетіп жатқан жерде
орналаспауы керек, себебі жуынды су
машинаға кері құйылып кетеді.
Егер сіз жуынды суды ағызатын шлангты
ұзартқышты пайдаланып отырсаңыз,
оның ұзындығы 2 метрден ұзын болмауы
керек, және оның ішкі диаметрі берілген
шлангтың диаметрінен кем болмауы
керек.
Сонымен қатар жуынды судың
шлангысын канализация құбырына қосу
үшін, қолданылатын муфталардың ішкі
диаметрі машинамен бірге келетін
шлангтың диаметрінен кем болмауы
керек.
Жуынды суды канализацияға жіберетін
шлангты раковинаның астындағы
ұстайтын түтікке қосқан кезде, оның
сыртындағы пласмасса қабығы
(А)тұтастай алынылады. Егер бұл
пластамасса қабықты алып
тастамасаңыз, тамақ қалдықтары
біртіндеп суды канализацияға жіберетін
шлангты қосатын түтікті толтырып қоюы
мүмкін.
Біздің бұйымымыз жуынды судың
машинаға қайта құйылуынан
сақтайтын қауіпсіздік құрылғысымен
жабдықталған. Егер сіздің
раковинаңыздың түтігі
"қайтармайтын клапанмен"
жабдықталса, онда бұл жуынды
судың машинадан дұрыс ақпауына
ықпалын тигізуі мүмкін. Сондықтан
да біз бұл клапанды алып тастауға
кеңес береміз.
Орнатқаннан кейін су ағып кетпес
үшін су қосылымдарының берік
екендігіне көз жеткізіңіз.
electrolux 25