User manual
Дұрыс істемеу Мүмкін себептері және шешетін жолдары
Бағдарлама басталмай тұр • Ыдыс жуғыш машина есігі дұрыс
жабылмаған.
Есікті жабыңыз.
• Аша электр желісіне қосылмаған.
Ашаны электр желісіне қосыңыз.
• Үйдегі сақтандырғыштар қорапшасындағы
сақтандырғыш күйіп кеткен.
Сақтандырғышты ауыстырыңыз.
• Бағдарлманы кідіртіп бастау функциясы
орнатылған.
Егер ыдыс-аяқтарды дереу жуу қажет
болса, "кідіртіп бастау" функциясын
біржола тоқтатыңыз.
Осы тексерулер өткізілген соң,
құрылғыны қосыңыз да есігін жабыңыз.
Бағдарлама тоқтап қалған жерінен әрі
қарай жалғасады.
Егер дұрыс жұмыс істемеу не ақаулық
кодтары қайта көрсетілсе, жергілікті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Жоғарыдағы кестеде көрсетілмеген
ақаулықтар орын алса, жергілікті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қызмет көрсету орталығына
хабарласқан кезде, машинаның үлгісін
(Mod.), өнімнің нөмірін (PNC) және
сериялық нөмірін (S.N.) мәлім етіңіз.
Бұл мәліметті ыдыс жуғыш машинаның
қабырғасында орналасқан техникалық
дерек тақтайшасынан табуға болады.
Осы нөмірлер әрдайым алдыңызда
болуы үшін, оларды мына жерге жазып
қоюға кеңес береміз:
Үлгі
(Mod.) : . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Өнім нөмірі
(PNC): . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Сериялық нөмірі
(S.N.) : . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Жуу нәтижелері қанағаттанарлық емес
Ыдыстар таза емес • Сай келерлік бағдарламадан басқа бағдарлама таңдалған.
• Ыдыс-аяқтар олардың барлық жеріне су дұрыс тимейтіндей етіп
орналастырылған. Себеттерге белгіленген мөлшерден артық ыдыс-
аяқ салуға болмайды.
• Ыдыс-аяқ дұрыс қаланбағандықтан, бүріккіш түтіктер еркін айнала
алмай тұр.
• Жуу бөлімінің астыңғы жағындағы сүзгілер кірленген не дұрыс
орнатылмаған.
• Жуғыш зат өте аз мөлшерде салынған немесе мүлдем
қолданылмаған.
• Ыдыс-аяққа қақ тұрып қалған жағдайда; тұз сауыты бос немесе суды
жұмсартқыштың дұрыс деңгейі орнатылмаған.
• Жуынды суды ағызатын түтік дұрыс қосылмаған.
• Тұз сауытының қақпақшасы дұрыс жабылмаған.
Ыдыс-аяқ сулы
және түсі жақсы
емес
• Шайғыш зат қолданылмаған.
• Шайғыш зат үлестіргіші босап қалған.
Ыдыс-аяқтарға
жолақ-жолақ
сызаттар мен
ақшыл таңдақтар
түскен немесе
шыны ыдыстардың
үсті көкшіл тартқан
• Шайғыш зат мөлшерін азайтыңыз.
electrolux 21










