User manual

2. Машинаның есігін жабыңыз, кері
санақ автоматты түрде басталады.
3. Кері санақ 1 сағат шамасына кеміп
отырады.
4. Есікті ашу кері санақты кідіртеді.
Есікті жабыңыз; кері санақ тоқтаған
жерінен әрі қарай жалғасады.
5. Кері санақ аяқталғаннан кейін
бағдарлама автоматты түрде
басталады.
Назарыңызда болсын! Орындалып
тұрған жуу бағдарламасын ТЕК аса
қажетті жағдайда ғана тоқтатыңыз
не болдырмаңыз.
Назар аударыңыз! Есік ашылған
кезде ыстық бу шығып кетуі мүмкін.
Есікті абайлап ашыңыз.
Орындалып тұрған жуу бағдарламасын
тоқтату
Машинаның есігін ашыңыз;
бағдарлама тоқтайды. Есікті жабыңыз;
бағдарлама тоқтаған жерінен әрі
қарай жалғаса түседі.
Орындалып тұрған жуу бағдарламасын
немесе кері санақты болдырмау
Болдырмау түймешігін сандық
бейнебетте 2 көлденең жолақ пайда
болғанша басып ұстап тұрыңыз.
Кідіртіп бастау функциясын
болдырмау жуу бағдарламасын да
біржола тоқтатады. Жуу
бағдарламасын қайта таңдауыңыз
қажет.
Егер жаңа жуу бағдарламасын таңдау
қажет болса, жуғыш зат сауытында
жуғыш заттың бар-жоғын тексеріңіз.
Жуу бағдарламасының соңы
Машина автоматты түрде тоқтайды
және дыбысты сигнал жуу
бағдарламасының аяқталғандығынан
хабардар етеді.
Ыдыс жуғыш машина есігінің
астындағы едендегі оптикалық сигнал
өшеді.
1. Ыдыс жуғыш машинаның есігін
ашыңыз. Сандық бейнебетте нөл
пайда болады.
2. Ыдыс жуғыш машинаны өшіріңіз.
3. Ыдыс-аяқтарды шығармас бұрын
ыдыс жуғыш есігін жартылай ашыңыз
да бірнеше минут күтіңіз; осылайша
ыдыс-аяқтар суыңқырап, құрғату
нәтижесі де жақсара түседі.
Ыдыс жуу машинасын босату
Қызып тұрған ыдыс-аяқ, елеусіз
салмақтың әсерінен де сынып кетуі
мүмкін. Сондықтан, ыдыс-аяқты
жуғыштан шығармас бұрын, суытып
алу керек.
Ең алдымен, төменгі кәрзеңкені, сонан
соң жоғарғы кәрзеңкені босатыңыз;
сонда төмендегі ыдыс-аяққа жоғарғы
кәрзеңкеден су тамып кетпейді.
Тот баспайтын темір, ыдыс-аяқтарға
қарағанда біртіндеп суып
басылатындықтан, ыдыс-аяқ жуғыш
машинаның қабырғаларында және
есігінде су пайда болуы мүмкін.
Жуу бағдарламасы аяқталғаннан
соң, ыдыс-аяқ жуғышты электр қуаты
көзінен ажыратып тастап, су
құбырының шүмегін жауып қоюға
қенес береміз.
Жуу программалар
Жуу бағдарламалары
16 electrolux