User manual
Шаю затын құюшы құралды белсенді
күйге көшіру/өшіру
1. Қосу/Өшіру түймесін басыңыз. Ыдыс-
аяқ жуғыш машина параметрлерді
орнату күйінде тұруы керек.
2. B және C функция түймелерін бір
мезетте қатар басып, A, B және C
функцияларының түймелері
жыпылықтай бастағанға дейін ұстап
тұрыңыз.
3. В функция түймесін басыңыз, бұл
кезде А және C функцияларының
түймелері өшіріліп, В функциясының
түймесі жыпылықтауын жалғастыра
береді. Сандық дисплейден ағымдық
параметрлер көрсетіледі:
Шаю затына арналған қорапша
белсенді күйден ажыратылды
Шаю затына арналған қорапша
белсенді күйге көшірілді
4. Параметрді өзгерту үшін, B түймесін
қайта басыңыз, сандық дисплей енді
жаңа параметрді көрсетеді.
5. Осы амалды жадқа енгізу үшін, қосу/
өшіру түймесін басып, ыдыс-аяқ
жуғышты ажыратыңыз.
Егер қайтадан жуу заттарын
қолданудың стандартты жүйесіне
көшпекші болсаңыз, біздің берер
кеңесіміз:
1. Мульти-таб функциясын
белсенді күйінен ажыратыңыз.
2. Тұз бен шаю затына арналған
қорапшаларды қайтадан
толтырыңыз.
3. Су қатаңдығының ең жоғарғы
параметрін орнатып, қалыпты
жууға арналған 1 бағдарламаны
ешбір ыдыс-аяқсыз орындаңыз.
4. Су қатаңдығының параметрін
аймағыңыздағы су қатаңдығына
сай лайықтап алыңыз.
5. Шаю затын қосу мөлшерін
белгілеңіз.
Жуу программасын таңдау және бастау
Жуу бағдарламасы мен кідіртіп
бастау функциясын құрылғының
есігі сәл ашылыңқырап тұрғанда
таңдаңыз. Бағдарлама немесе
"кідіртіп бастау" функциясының кері
санағы, есік жабылғаннан кейін ғана
басталады. Бұған дейін орнатылған
параметрлерді өзгертіп үлгеруге
болады
1. Себеттердің дұрыс
толтырылғандығын тексеріп, бүріккіш
түтіктердің еркін айналуына
ешнәрсенің кедергі келтірмейтіндігін
тексеріңіз.
2. Су құбырының шүмегінің ашық
тұрғандығына көз жеткізіңіз.
3. Қосу/Өшіру (On/Off) түймешігін
басыңыз. Ыдыс жуғыш машина
параметрлерді орнату күйінде тұруға
тиіс.
4. Бағдарламаны таңдайтын түймешікті
сандық бейнебетте таңдағыңыз
келген бағдарламаның номері пайда
болғанша басыңыз. Бағдарламаны
таңдау туралы ақпаратты 'Жуу
бағдарламалары' тарауынан алыңыз.
5. Есікті жабыңыз, бағдарлама
автоматты түрде басталады.
Жуу бағдарламасы басталғаннан
соң, ыдыс жуғыш машина есігінің
астындағы еденде нүкте пішіндес
оптикалық шам пайда болады.
Бұл оптикалық шам, жуу
бағдарламасының соңына дейін
жанып тұрады.
Егер машина жиһаздың ішіне
биіктетіле орнатылса, онда
оптикалық шам көрінбей қалуы
мүмкін.
Бағдарламаға "кідіртіп бастау"
функциясын қосып орнату және баптау
1. Жуу бағдарламасын таңдағаннан
кейін, "кідіртіп бастау" түймешігін
сандық бейнебетте бағдарламаны
кешеуілдету уақыты
жыпылықтағанша басып тұрыңыз.
Кідіртіп бастау функциясының
анықтағыш шамы жанады.
Таңдалған бағдарламаны 1-ден 19
сағатқа дейін кідіртіп бастауға
болады.
electrolux 15










