User manual

4. Қақпақшаны қойып, оны жабылғанға
дейін үстінен басыңыз.
Әртүрлі өндірушілер өндірген
таблетка тәрізді жуу заттарының еру
уақыты да әртүрлі болады. Сол
себепті, қысқа мерзімдік жуу
бағдарламалары қолданылғанда
кейбір таблетка пішіндес заттарды
пайдалану күткен нәтижеге
жеткізбейді. Сондықтан таблетка
пішіндес жуу заттарын қолданған
кезде, жуу заттарының қалдығы
әбден кету үшін ұзақ мерзімдік жуу
бағдарламаларын қолданыңыз.
Мульти таб функциясы
Бұл бұйым "Мульти-таб құрама жуу
таблеткаларын" қолдануға мүмкіндік
беретін "Мульти-таб функциясымен"
жабдықталған.
Бұл өнімдер - жуу, шаю және тұзбен
жұмсарту тәрізді қасиеттердің барлығын
бір өзінде қамтыған жуу заттары. Қандай
затты таңдағаныңызға байланысты ("3
қасиетке ие 1 зат", "4 қасиетке ие 1 зат",
"5 қасиетке ие 1 зат", т.б.), сол таблетка
пішіндес жуу затының құрамында басқа
қасиетке ие заттардың да бар болуы
мүмкін.
Бұл өнімдердің өзіңіз пайдаланып
отырған судың қатаңдығына сай келер-
келмесін тексеріңіз. Өндірушінің
нұсқауларын оқыңыз.
Бұл функция бірден таңдалып қойғаннан
кейін, келесі жуу бағдарламаларының
барлығы үшін де белсенді болып тұра
береді.
Бұл функция таңдалған болса, шаю заты
мен тұздың сәйкес қорапшалардан
қосылуы автоматты түрде тоқтатылады,
сонымен қатар шаю заты мен тұздың
шамдары да өшеді.
"Мульти-таб функциясы"
қолданылғанда, цикл ұзақтығы да өзгеруі
мүмкін. Бұл жағдайда, сандық
дисплейден бағдарламаның өту уақыты
автоматты түрде жаңартылып
көрсетіледі.
Жуу бағдарламасы басталмас
бұрын, "Мульти-таб функциясын"
белсенді күйге көшіріңіз/өшіріңіз.
Бағдарлама басталып кеткеннен
соң, "Мульти-таб функциясын"
өзгертуге БОЛМАЙДЫ. "Мульти-таб
функциясын" ажыратып қойғыңыз
келсе, бағдарлама параметрін
тоқтатып, содан кейін "Мульти-таб
функциясын" өшіріңіз. Бұндай
кездерде, жуу бағдарламасын (және
қалаған параметрлерді) қайтадан
орнатуыңыз қажет.
"Multitab" функциясын қосу/ажырату
"Multitab" функциясын қосу үшін
"Multitab" түймешігін басыңыз. Соған сай
келетін анықтағыш шам жанады.
Функцияны ажырату үшін "Multitab"
түймешігін қайта басыңыз. Соған сай
келетін шам өшеді.
Егер құрғату нәтижелері ойдағыдай
болмаса, біздің берер кеңесіміз:
1. Шайғыш зат үлестіргішіне
шайғыш заттан салыңыз.
2. Шайғыш зат үлестіргішін
белсенді күйге көшіріңіз.
3. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін
2-ші орынға қойыңыз.
Шайғыш зат үлестіргішін тек
"Multitab" функциясы қосылулы
тұрған кезде ғана белсенді күйге
көшіруге/ажыратуға болады.
14 electrolux