User manual

Одан да жоғары көтеру үшін мына
әрекеттерді орындаңыз:
1. Кәрзеңкені тоқтағанға дейін өзіңізге
қарай тартыңыз.
2. Кәрзеңкенің екі жағынан ұстап
жоғары қарай еппен көтеріп, содан
кейін оны жібермей тұрып механизмді
өз орнына еппен қондырыңыз.
Кәрзеңкені ешқашан да тек бір
жағынан ғана ұстап жоғары көтеруші
не төмендетуші болмаңыз.
Кәрзеңкені жоғарлатқаннан соң,
ыдыс-аяқ ілгектерін пайдалана
алмайсыз.
Ыдыс-аяқтарды салғаннан кейін,
машинаның есігін әрқашан да жауып
отырыңыз, себебі ашық тұрған есік
қауіпті болуы мүмкін.
Тазалау бұйымдарын қолдану
Ыдыс-аяқ жуғыш машиналарда
пайдалану үшін арнайы шығарылған
жуу заттарын ғана пайдаланыңыз.
Орауыштың сыртында көрсетілген,
өндіруші ұсынып отырған жуу
затының қолданылатын мөлшері
мен оны сақтау туралы кеңестерге
назар аударыңыз.
Жуу затын көрсетілген мөлшерден
артық пайдаланбау арқылы зиянды
заттардың бөлініп, қоршаған ортаны
ластамауына өз үлесіңізді қосасыз.
Жуғыш затты салу
1. Қақпақшаны ашыңыз.
2. Жуғыш зат сауытына (1) жуғыш
заттан салыңыз. Таңбаламалар
жуғыш затты қосу мөлшерін
көрсетеді:
20 = шамамен 20 г жуғыш затқа тең
30 = шамамен 30 г жуғыш затқа тең.
3. Алдын ала жуу кезеңінен тұратын
барлық бағдарламалар үшін, алдын
ала жуғыш зат сауытына (2) жуғыш
заттың қосымша(5/10 г)мөлшерін
салу керек.
Жуғыш заттың бұл қосымша мөлшері,
алдын ала жуу кезеңінде қосылады.
Таблетка пішіндес жуу заттарын
пайдалану; таблеткаларды сауытқа
(1)салыңыз
1
2
electrolux 13