User manual
• Ыдыс-аяқ пен ас құралдарын
машинаға салған кезде, келесі
кеңестерге назар аударыңыз:
– Ыдыс-аяқ пен ас құралдары
айналып тұратын бүріккіш түтіктерге
кедергі жасамауы керек.
–Су жиналмау үшін кәстрөлдер,
стакандар, шыны аяқтар, т, б. сияқты
шұңғыл ыдыстардың ауыздарын
төмен қаратып салыңыз.
– Ас құралдары ыдыс-аяқтардың
ішінде, не олар бірінің ұстінде бірі
жатпауы керек.
– Стакандарға зиян келтірмеу үшін,
олар бір-біріне тимеуі керек.
– Кішкентай заттарды ас құралдарына
арналған себетке салыңыз.
• Отқа төзімді пластмасса заттардың
және кәстрөлдердің қабырғалары су
тамшыларын ұстап қалуға бейім
келеді; бұл заттар фарфор немесе
темір заттар сияқты тез құрғамайды.
• Жеңіл заттар (пластик сауыттар, т.б.)
үстіңгі себетке салынып,
қозғалмайтындай етіп
орналастырылуы керек.
Ыдыс жуғышта келесі ыдыс-аяқ пен ас құралдарын
жууға болмайды: сыймайтын:
• Сабы ағаштан, мүйізден, фарфордан
немесе ақықтан жасалған ас құралдары.
• Отқа төзімді емес пластик заттар.
• Отқа төзімді емес ескі және бөліктері
желімделіп құрастырылған ас құралдары.
• Байлаулы ас құралдары немесе ыдыс-аяқ.
• Қалайы немесе мыс заттар.
• Қорғасынды хрусталь.
• Тоттануға бейім темір заттар.
• Ағаш табақтар.
• Синтетикалық талшықтардан жасалған
заттар.
• Керамикалық заттарды, тек қана
өндірушінің нұсқаулығында ыдыс жуғышта
жууға болады деп көрсетілген жағдайда
ғана жуыңыз.
• Жалатылған ыдыс-аяқтар ыдыс жуғыш
машинада жиі жуылса әрі кетуі мүмкін.
• Күміс және алюминий бөлшектер жуған
кезде, түсін өзгертуге бейім келеді: Қыша,
жұмыртқаның ағы мен сарысы сияқты
қалдықтар, көп жағдайларда күміс
заттардың түсінің өзгеруіне себеп болады.
Сондықтан жууды кейінге қалдырсаңыз,
күміс ыдыс-аяқтардан тамақ қалдықтарын
дереу тазалаңыз.
Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs
Төменгі кәрзеңке
Төменгі кәрзеңке кастрюльдар,
қақпақтар, табақтар, салат
шыныаяқтарын, ас ұй құралдарын т.с.с.
салуға арналған.
Ыдыс-аяқтар мен үлкен қақпақтар,
бүріккіштердің кедергісіз, еркін айналуы
үшін, кәрзеңкенің шетін айналдыра
орналастырылуы керек.
10 electrolux










