User manual

БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
Басқару құралдары басқару
панелінің үстінде орналасқан.
Басқару құралдарымен басқару
үшін құрылғының есігін ашыңқырап
ұстаңыз.
1
2
3
4
5
6
7 8
9
1 Қосу/өшіру түймешігі
2 Бейнебет
3 Кешіктіріп бастау түймешігі
4 Бағдарлама түймешігі (төмен)
5 Бағдарлама түймешігі (жоғары)
6 Қуат үнемдеу түймешігі
7 Multitab түймешігі
8 Болдырмау түймешігі
9 Индикатор шамдры
Индикатор шамдры
Шайғыш зат индикаторы. Бұл индикатор шайғыш зат сауытын толтыру
қажет болған кезде жанады.
1)
Тұз индикаторы. Бұл шам тұз сауытын толтыру қажет болған кезде
жанады.
1)
Сауытты толтырғаннан кейін тұз индикаторы бірнеше сағат жанған қалпы
тұрады. Бұл құрылғының жұмысына теріс əсер етпейді.
"Соңы" индикаторы. Бұл индикатор жуу бағдарламасы аяқталғанда
жанады.
1) Жуу бағдарламасы орындалып жатқанда тұз жəне/не шайғыш зат сауыттары босап қалса, тиісті
индикатор шамдары жанбайды.
Қосу/өшіру түймешігі
Құрылғыны қосу немесе сөндіру үшін
осы түймешікті басыңыз.
Бейнебет
Бейнебетте төмендегілер көрсетіледі:
Су жұмсартқыштың электрондық
тəсілмен бапталған деңгейі
Шайғыш зат үлестіргішін қосу жəне
сөндіру (тек multitab функциясы
қосулы тұрғанда ғана)
Жуу бағдарламасының нөмірі
Жуу бағдарламасы аяқталғанға дейін
қалған уақыт
Жуу бағдарламасының аяқталуы
(бейнебетте нөл көрсетіледі)
Кешіктіріп бастау параметрінің кері
санағы
Ескерту
кодтары
Дыбысты сигналдардың қосылуы мен
сөндірілуі.
Кешіктіріп бастау түймешігі
Жуу бағдарламасын 1-ден 19 сағатқа
дейін кешіктіріп бастау үшін осы
түймешікті қайта-қайта басыңыз.
Бағдарлама түймешіктері
Жуу бағдарламасын орнату үшін осы
түймешіктердің бірін қайта-қайта
басыңыз. Түймешікті əр басқан сайын
бейнебетте жуу бағдарламасының
нөмірі көрсетіледі. 'Жуу
бағдарламалары' тарауын қараңыз.
Қуат үнемдеу түймешігі
Бұл функция кептіру сатысында
температураны азайтады. Қуатты
тұтыну 25% пайызға азаяды.
6 electrolux