User manual
1. Себет тоқтағанша оны бері
тартыңыз.
2. Тетік орнына бекіп, себет
орныққанша екі жағын абайлап
жоғары көтеріңіз.
Үстіңгі себеттерді төменірек
орналастыру үшін мына қадамдарды
орындаңыз:
1. Себет тоқтағанша оны бері
тартыңыз.
2. Екі жағын абайлап жоғары көтеріңіз.
3. Тетікті ұстап тұрып, ақырындап
төмен түсіріңіз.
Сақтандыру туралы ескерту!
• Себеттің тек бір жағынан ұстап
көтермеңіз жəне түсірмеңіз.
• Егер себет жоғары орналасса,
шыныаяқ сөрелеріне
шыныаяқтарды қоймаңыз.
ЖУУ БАҒДАРЛАМАСЫН ТАҢДАУ ЖƏНЕ БАСТАУ
Жуу бағдарламасын кешіктіріп
бастау функциясынсыз бастау
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
2. Жуу бағдарламасын орнатыңыз.
• Бейнебетте бағдарлама нөмірі
жыпылықтайды.
3. Егер қажет болса, қуатты үнемдеу
функциясын орнатыңыз.
4. Құрылғы есігін жабыңыз, жуу
бағдарламасы автоматты түрде
басталады.
Кешіктіріп бастау функциясы бар жуу
бағдарламасын бастау
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. Жуу бағдарламасын, қажет болса
қуатты үнемдеу функциясын
орнатыңыз.
4. Кешіктіріп бастау түймешігін
бейнебетте кешіктіріп бастау уақыты
көрсетілгенше қайта-қайта басыңыз.
• Бейнебетте кешіктіріп бастау
уақыты жыпылықтайды.
• Кешіктіру индикаторы қосылады.
5. Құрылғы есігін жапқан кезде кері
санақ автоматты түрде басталады.
Кері санақ аяқталған кезде, жуу
бағдарламасы автоматты түрде
басталады.
Құрылғы есігі ашылса, кері санақ
кідіреді. Есікті жапқаннан кейін, кері
санақ тоқтаған жерінен бастап
жалғасады.
Жуу бағдарламасын кідірту
• Құрылғы есігін ашыңыз.
– Жуу бағдарламасы тоқтайды.
• Құрылғы есігін жабыңыз.
– Жуу бағдарламасы үзілген жерінен
бастап жалғасады.
Жуу бағдарламасы немесе кешіктіріп
бастау функциясын біржола тоқтату
тəсілі
Жуу бағдарламасы немесе
кешіктіріп бастау функциясы
басталмаса, параметрді
өзгертуіңізге болады.
Жуу бағдарламасы немесе
кешіктіріп бастау функциясы жұмыс
істеп тұрса, параметрді өзгерту
мүмкін емес. Жаңа параметр
таңдау үшін жуу бағдарламасын
немесе кешіктіріп бастау
функциясын біржола тоқтату керек.
14 electrolux










