User manual
Ас құралдарына арналған шағын
қорапшаны үстіңгі себеттің тек сол жақ
алдына ғана салыңыз.
Ас құралдарының биіктігі үстіңгі
себеттің қалай орналасқандығына
байланысты. Кестеге қараңыз.
Шағын қорапшадағы ас құралдарының
биіктігі
Үстіңгі себет ең
үстіңгі орында
тұрғанда
максимум 15 см
Үстіңгі себет ең
астыңғы орында
тұрғанда
максимум 20 см
Жұмсақ тірегіштер
Жұмсақ тірегіштер жуу бағдарламасы
орындалып тұрғанда не үстіңгі себет
алынған кезде шыны ыдыстар
орындарынан жылжып кетуден
сақтайды.
Жұмсақ тірегіштерді дұрыс орнату үшін
суреттерді қараңыз. Жұмсақ
тірегіштерді себеттің тек оң жағына ғана
қоя аласыз. Жұмсақ тірегіштерді дұрыс
орнатып болған соң төмен қарай
мықтап басып, жылжып кетпейтіндігіне
көз жеткізіңіз.
Үстіңгі себеттің биіктігін лайықтау
Ыдыс-аяқ салуға ыңғайлы ету үшін
үстіңгі себетті екі қалыпта салуға
болады.
Ыдыс-аяқтың ең үлкен биіктігі:
үстіңгі
себеттің
ішінде
астыңғы
себеттің
ішінде
Жоғарырақ
орналастыру
20 см 31 см
Төменірек
орналастыру
24 см 27 см
Үстіңгі себеттерді жоғарырақ
орналастыру үшін мына қадамдарды
орындаңыз:
electrolux 13










