User manual
Егер ас құралдарының өлшемі ас
құралдары торын пайдалануға кедергі
жасаса, оны бүктеп қоюға болады.
Шанышқылар мен қасықтардың сабын
төмен қаратып салыңыз.
Пышақтардың сабын жоғары қаратып
салыңыз.
Қасықтар бір-біріне жабысып қалмас
үшін басқа ас құралдарымен
араластырып салыңыз.
Үстіңгі себет
Үстіңгі себет тəрелке (диаметрі көп
дегенде 24 см), шай табақ, салат
шараларын, шыныаяқ, стакан, кастрөл
мен қақпақтарды салуға арналған.
Ыдыс-аяқты су барлық жеріне тиетін
етіп орналастырыңыз.
Тұғыры ұзын стакандарды шыныаяқ
сөрелеріне тұғырын жоғары қаратып
салыңыз. Одан да ұзын заттар үшін
шыныаяқ сөрелерін жоғары бүктеңіз.
Ас құралдарының шағын қорапшасы
Үстіңгі себеттің ас құралдарына
арналған шағын қорапшасы бар.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғыға зақым келмес үшін
пышақтарды шағын қорапшаға
салмаңыз.
12 electrolux










