User manual
АС ҚҰРАЛДАРЫ МЕНЕН ЫДЫС-АЯҚТЫ САЛУS
Ақыл-кеңес
• Құрылғыға су сіңіретін заттарды
(жөке, ас үй шүберектері) салмаңыз.
• Заттарға жабысқан тағам
қалдықтарын алыңыз.
• Заттарға күйіп жабысқан
қалдықтарды жібітіңіз.
• Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе,
стакан жəне кəстрөл) аузын төмен
қаратып салыңыз.
• Сауыттарға немесе шыныаяқтарға су
жиналып қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Ас құралдары мен ыдыс-аяқты
араласып кетпейтін етіп салыңыз.
• Стакандарды
бір-біріне тигізбей
салыңыз.
• Кішкене заттарды ас құралдары
себетіне салыңыз.
• Қасықтар бір-біріне жабысып қалмас
үшін басқа ас құралдарымен
араластырып салыңыз.
• Ыдыс-аяқтарды себеттерге салғанда,
олардың барлық жеріне су тиетініне
көз жеткізіңіз.
• Жеңіл заттарды үстіңгі себетке
салыңыз. Заттарды жылжып
кетпейтін етіп салыңыз.
• Пластик заттар мен жабысқақ емес
қаптамасы бар ыдыстарға су
тамшылары тұрып
қалуы мүмкін.
Астыңғы себет
Кастрөл, қақпақ, тəрелке, салат
шаралары мен қасық-пышақтарды
астыңғы себетке салыңыз. Ас табақтар
мен үлкен қақпақтарды себеттің шетіне
орналастырыңыз.
Астыңғы себеттегі тармақтар қатары
кастрөлдер, табалар мен шараларды
салу үшін таяз болуы мүмкін.
Ас құралдары себеті
Ас құралдар себетіне ас құралдарын
салу үшін тұтқаны түсіріңіз.
electrolux 11










