User manual

Басқару панелі
1. Қосу/Өшіру (On/Off) түймешігі
2. Жарықтандырғыш жолақ
3. Сандық бейнебетте жоғары-төмен
жылжу түймешігі
4. Сандық бейнебет
5. Жоғары-төмен жылжу түймешіктері
6. OKтүймешік
7. "Бастау" түймешігі
8. "Бастапқы" түймешігі
Сандық бейнебетте көрсетілетін
хабарлар мен үзік-үзік естілетін
сигналдар тізбегі, бұйымды
орнатып, жуу бағдарламалары мен
параметрлерді таңдау барысында
басшылық көрсетіп отырады.
Сандық бейнебетте пайда болатын
нұсқауларды рет-ретімен
орындаңыз.
Жарықтандырғыш жолақ
Жарықтандырғыш жолақ:
• бұйым қосылған кезде жанады,
• бұйым ажыратылған кезде өшеді.
Ең алғаш рет қосу - тілді таңдау мен
уақытты орнату
• On/Off түймешігін басыңыз.
• Бейнебетте әдепкі тіл туралы жазу
пайда болады.
Егер, әдепкі тілді таңдағыңыз келсе,
OK түймешігін басыңыз.
• Егер басқа тілді таңдағыңыз келсе;
бейнебеттен қажетті тіл
көрсетілгенше, жоғары және төмен
түймешіктерінің бірімен тізімді
аударыстырыңыз.
OK түймешігін басып құптаңыз.
• Бейнебетте уақыт параметрін
орнатуға байланысты жазу пайда
болады. Бейнебетте көрсетілген
нұсқауларды рет-ретімен орындай
отырып, дұрыс уақытты таңдап, OK
түймешігін басу арқылы құптаңыз.
Уақыт таңдалғаннан кейін, сандық
бейнебет үш сегментке бөлініп
көрсетіледі:
– Aбағдарламалар мәзірінің сегменті
– Bуақыт/кідіртіп бастау сегменті
– Cпараметрлер мәзірінің сегменті
• Сандық бейнебетте жоғары-төмен
жылжу түймешігін басу арқылы
сегментті таңдаңыз. Таңдалған
сегмент ерекшеленген жиексызықпен
қоршалып көрсетіледі.
• Жоғары-төмен жылу түймешіктерінің
бірін қолданып бар мәзірді ашыңыз.
Бағдарламалар мәзірінің сегменті
Бағдарлама және уақыт ұзақтығы
көрсетіледі:
electrolux 5










