User manual

Қорғауыш клапаны бар су қабылдайтын
түтік
Қос қабатты су қабылдайтын түтікті
қосып болғаннан соң, қорғауыш клапан
шүмектен кейін орналасады. Сол себепті
су беретін түтік су ағып тұрған сәтте ғана
қысымды болады. Суды қабылдайтын
түтіктен су кетсе, қорғауыш клапан су
беруді тоқтатады.
Су қабылдайтын түтікті орнатқан кезде,
келесі кеңестерге назар аударыңыз:
• Қорғауыш клапанға келетін электр
тоғының сымы қос қабатты түтіктің
ішіне енгізілген. Су қабылдайтын
түтікті немесе қорғауыш клапанды суға
батырмаңыз.
• Егер су қабылдайтын түтік немесе
қауіпсіздік клапаны бұзылса,
машинаны электр желісінен ажыратып
қойыңыз.
• Қорғауыш клапаны бар су
қабылдайтын түтікті МІНДЕТТІ ТҮРДЕ
жергілікті қызмет көрсету
орталығының қызметкері ауыстырып
беруге тиіс.
Назарыңызда болсын! Қатерлі
кернеу
Жуынды суды жіберетін түтікті қосу
Жуынды суды ағызатын түтікті келесі
жолмен жалғауға болады:
1. Оны раковинаның түтікшесінің
сыртқы жағына бекіте орналастыру
керек. Бұл раковинадан ағып жатқан
жуынды судың машинаға құйылып
кетуінен сақтайды.
2. Вентиляциялық тесігі бар құбырға сай
келу үшін, ішкі диаметр ең кем
дегенде 4 см болуы керек.
Канализация жүйесіне қосылу ыдыс-аяқ
жуғыштың түбінен 60 см биіктікте
орналасуы керек.
Жуынды су жіберетін түтік ыдыс жуғыш
машинаның сол жағына, не оң жағына
қарап тұруы керек.
Түтіктің майысып, не болмаса
жаншылып қалмағандығына көз
жеткізіңіз, себебі бұл жуынды судың
кетуін тоқтатып не баяу ағуына әкеліп
соғады.
Раковинаның тесігі машинадан жуынды
суы кетіп жатқанда тығындалмауы керек,
себебі бұл жуынды судың машинаға кері
құйылып кетуіне себеп болуы мүмкін.
Жуынды суды ағызатын түтіктің
ұзындығы, егер ұзартқышты пайдаланып
отырсаңыз оны да қоса алғанда, 4
метрден ұзын болмауы керек. Түтікті
ұзартқыштың ішкі диаметрі, бұйыммен
бірге жеткізілген түтік диаметрінен кем
болмауы керек.
Сонымен қатар, жуынды су жіберетін
түтікті канализация құбырына қосу үшін
қолданылатын муфталардың ішкі
диаметрі машинамен бірге жеткізілген
түтік диаметрінен кем болмауы керек.
Канализация түтігін раковинаның
астындағы түтікшеге қосар кезде,оның
сыртындағы пластмасса қабығын
тұтастай(A) алып тастау қажет. Егер бұл
пластмасса қабықты алып
тастамасаңыз, тамақ қалдықтары
біртіндеп ыдыс жуғыш машинаның
жуынды су ағызатын түтігін толтырып
қоюы мүмкін
electrolux 27










