User manual

Бұл ыдыс жуғыш машина ас үй
жиһазының ішіне, не үстелдің астында
орналастыруға лайықтап жасалған.
Назар аударыңыз!Ыдыс жуғыш
машинаны жиһаздың ішіне орнатып,
жиһаз панелін орналастыру туралы
қосымша үлгіде берілген нұсқауларды
мұқият сақтаңыз.
Суды беру, суды канализацияға жіберу
және электр желісіне қосу сияқты негізгі
жүйелерді жиһаз қабырғасынан сыртқа
өткізетін тесіктерден басқа ешбір тесікті
ойып орнатудың қажеті жоқ.
Жуғыштың биіктігін орнату үшін
аяқтарын пайдаланыңыз.
Ыдыс жуғыштың ішкі құрамдас
бөлшектеріне қатысты жұмыстар
жүргізілгенде, оны электр желісінен
ажыратыңыз.
Машинаны кіргізіп орналастырмас
бұрын, су беретін және жуынды суды
канализацияға жіберетін түтіктердің,
электр желісіне қосатын кабельдің
шиеленісіп, не жаншылып
қалмағандығына көз жеткізіңіз.
Іргелес орналасқан заттарға жанастыра
бекіту
Ыдыс жуғышты жантаюдан сақтаңыз.
Сондықтан да, ыдыс жуғыш машина
жиһазының іргелес жатқан
жиһаздарға(көршілес ас үй бөлімдері,
қабырға немесе шкаф) берік
жанастырыла бекітілгенін тексеріңіз.
Тіктеп орнату
Машинаның есігі жақсы жабылу үшін оны
дұрыс тіктеп орнатудың маңызы зор.
Машина дұрыс тіктеліп орнатылса, оның
есігі ашылғанда, шкафтың екі жағы
тұтылып қала бермейді.
Егер есік дұрыстап жабылмаса,
өзгертпелі аяқтар арқылы машинаны
жөндеп тіктеп қойыңыз.
Су жүйесіне қосу
Сұ құбырына қосылу
Бұл құрылғыны не ыстық не (макс.
60°С)суық су желісіне қосуға болады.
Ыстық суға қосқан кезде тұтынылатын
қуаттың көлемі әжептәуір азаяды. Бұл
дегенмен, ыстық судың қалай
алынатындығына байланысты. (Біз
қоршаған ортаға неғұрлым зиянсыз
қуаттың басқа да альтернативті түрлерін
мысалы, күн қуатын, фотоэлектрлі
панель мен жел қуатын пайдалануды
ұсынамыз).
Бұл тығырық су құбырына қосылымды
жүзеге асыру үшін, машинаның су
беретін түтігіне лайықтап жасалған,әрі ¾
бұралып түтікке түйістіруге немесе
жедел жалғастыратын шүмекке қосуға
арналған.
Су қысымы "Техникалық деректер"
бөлімінде берілген шектер шегінен
аспауға тиіс. Аймағыңыздағы су
құбырларындағы орташа қысым туралы
мәліметті жергілікті сумен қамтамасыз
ететін мекемеден аласыз.
Су беретін шлангты қосып жатқанда ол
майысып, жаншылып, не шиеленісіп
қалмаған болуы керек.
Ыдыс жуғыш машинаның
функциялары,контргайканың көмегі
арқылы солға не оңға қарай бұрыла
алатындай етіп орнатылған түтіктерді
сумен толтырып және жуынды судан
босатып беріп отырады. Су ағып кетпес
үшін контргайка дұрыс орнатылуға тиіс.
Назар аударыңыз! Ыдыс
жуғыштардың барлық үлгілері
бірдей контргайкамен жабдықталған
су беру және жуындыны жіберу
түтіктерімен ҚАМТАМАСЫЗ
ЕТІЛМЕГЕН. Аталмыш жуғышта бұл
құрылғы қарастырылмаған.
Егер бұл құрылғы жаңа құбырларға
немесе ұзақ уақыт пайдалануда
болмаған құбырларға қосылмақ болса,
су қабылдайтын түтікті қоспас бұрын,
суды бірнеше минут ағызып қойыңыз.
Ескі машиналарда қолданылған
түтіктерді ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
Бұл құрылғы аталмыш машинада
қолданылған судың таза ауыз су
жүйесіне қайта барып қосылуынан
сақтандыратын қауіпсіздік
құралымен жабдықталған. Бұл
құрылғы қолданыстағы
сантехникалық ережелерге сай
келеді.
26 electrolux