User manual

Сандық бейнебетте көрсетілетін хабар және
дұрыс жұмыс істемеу
Мүмкін себептері және шешетін жолдары
Сандық бейнебетте пайда болған хабар,
жуғыштың суға толтырылмай тұрғандығын
ескертеді.
• Су құбырының шүмегі толып қалған немесе
оған қақ тұрған.
Су құбырының шүмегін тазалаңыз.
• Су құбырының шүмегі жабық тұр.
Су құбырының шүмегін ашыңыз.
• Су жіберу құбырының клапанындағы сүзгіш
(онымен жабдықталған жуғыштарда)
бітеліп қалған.
Шлангтағы сүзгіні тазалаңыз.
• Су шлангы дұрыс орналаспаған немесе ол
қысылып, суды жібермей тұр.
Су шлангын тексеріңіз.
Сандық бейнебетте пайда болған хабар,
жуғыштан жуынды судың ақпай жатқандығын
ескертеді.
• Раковинаның тесігі бітеліп қалған.
Раковинаның тесігін тазалаңыз.
• Жуынды суды ағызатын шланг дұрыс
орналаспаған немесе ол қысылып, суды
жібермей тұр.
Суды канализацияға жіберетін шланг
қосылымын тексеріңіз.
Сандық бейнебетте пайда болған хабар, су
тасқынына қарсы құрылғының белсенді күйге
көшірілгендігін ескертеді.
• Су құбырының шүмегін жауып, жергілікті
қызмет көрсету орталығымен
хабарласыңыз.
Дұрыс істемеу Мүмкін себептері және шешетін жолдары
Бағдарлама басталмай тұр • Ыдыс-аяқ жуғыш машинаның есігі дұрыс
жабылмаған. (Сандық бейнебетте пайда
болған хабар, есіктің ашық тұрғандығын
ескертеді).
Есікті жабыңыз.
• Негізгі аша электр желісіне қосылмаған.
Негізгі ашаны электр желісіне қосыңыз
• Үйдегі сақтандырғыштар қорапшасындағы
сақтандырғыш күйіп кеткен.
Сақтандырғышты ауыстырыңыз.
• Бағдарлманы кешіктіріп бастау функциясы
орнатылған.
Егер ыдыс-аяқтарды дереу жуу қажет
болса, "кешіктіріп бастау" функциясын
біржола тоқтатыңыз.
Осы тексерулер өткізілген соң,
машинаны қосыңыз:
Бағдарлама тоқтап қалған жерінен әрі
қарай жалғасады.
Егер дұрыс жұмыс істемеушілік туралы
хабар қайта көрсетілсе, жергілікті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Кестеде көрсетілгендегіден басқа
хабарлар көрсетілсе,жергілікті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қызмет көрсету орталығына
хабарласқан кезде, машинаның үлгісін
(Mod.), өнімнің нөмірін (PNC) және
сериялық нөмірін (S.N.) мәлім етіңіз.
Бұл мәліметті ыдыс жуғыш машинатың
қабырғасында орналасқан техникалық
дерек тақтайшасынан табуға болады.
Осы нөмірлер әрдайым алдыңызда
болуы үшін, оларды мына жерге жазып
қоюға кеңес береміз:
Үлгі
(Mod.) : . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Өнім нөмірі
(PNC): . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Сериялық нөмірі
(S.N.) : . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
electrolux 23










