User manual

9. Құрама сүзгілерді әдепкі орнына
орналастырып, ұстағышын сағат
бағытына қарай тоқтағанша бұраңыз.
Осы кезде тегіс сүзгінің жуу бөлімінің
үстінен шығып қалмасына көз
жеткізіңіз.
Ыдыс-аяқ жуғышты сүзгілерсіз
ЕШҚАШАН пайдаланбаңыз. Дұрыс
орналастырылмаған және нығыз
бекітілмеген сүзгіштер, жуу
нәтижелерінің ойдағыдай
болмауына ықпалын тигізіп ғана
қоймай, бұйымға да зиянын тигізеді.
Бүріккіш түтіктерді ЕШҚАШАН алып
тастауға әрекет жасамаңыз.
Егер бүріккіштердің тесіктері бітеліп
қалса, жіңішке шырпымен
тазалаңыз.
Сыртын тазалау
Машинаның сыртын және басқару
панелін дымқыл жұмсақ матамен
тазалаңыз. Егер қажет болса, нейтрал
жуғыш затты пайдаланыңыз. Сырты
тегіс емес сызаттандыратын заттарды,
түрпілі тазалағыштарды немесе
еріткіштерді (ацетон, трихлорэтилен,
т.с.с.) пайдаланбаңыз.
Ішін тазалау
Есік айналасындағы тығыздағыштарды,
жуғыш және шайғыш зат сауыттарын
мезгіл-мезгіл дымқыл матамен тазалап
тұрыңыз.
Әр 3 ай сайын жуғыш затты пайдаланып,
аса кірлеген ыдыс-аяқтарды жууға
арналған бағдарламаны ешбір ыдыс-
аяқсыз орындап тұруды ұсынамыз.
Ұзақ уақыт бойы пайдаланбау
Егер машинаны ұзақ уақыт
пайдаланбасаңыз, сізге берер кеңесіміз:
1. Машинаны электр желісінен
ажыратып, содан кейін суды өшіріп
тастаңыз.
2. Жағымсыз иіс пайда болмас үшін,
есікті ашыңқырап қойыңыз.
3. Машинаның ішін тазалап қойыңыз.
Мұздап кетуден сақтау
Машинаны температурасы 0°C төмен
болатын жерге қоймаңыз. Егер ондай
жағдайға мүмкіншілік жоқ болса
машинаны босатыңыз да оның есігін
жауып, су қабылдайтын түтігін
ажыратып, оны босатыңыз.
Машинаны көшіру
Егер машинаны көшіру қажет болып
қалса, (көшу себептеріне, т.б.):
1. Электр желісінен ажыратыңыз.
2. Су құбырының шүмегін жабыңыз.
3. Су қабылдайтын және жуынды суды
жіберетін түтіктерін ажыратыңыз.
4. Машинаны түтіктерімен бірге
шығарып алыңыз.
Тасымалдау кезінде машинаның
аударылып кетуіне жол бермеу керек.
Келесі жағдайларда не істеу керек ...
Ыдыс-аяқ жуғыш жұмысын бастамай
жатыр немесе жұмыс жасап тұрған кезде
тоқтап қалады.
Кейбір мәселелер қарапайым
техникалық қызмет көрсетілмегендіктен
не бақылаудың жеткіліксіздігінен пайда
болатындықтан, оларды арнаулы
маманды шақырмай, кестелердегі
нұсқауларға сүйеніп шешуге болады.
Ыдыс-аяқ жуғышты ажыратыңыз да,
келесі реттеуші әрекеттерді орындаңыз.
22 electrolux










