User manual

Осы функция таңдалған кезде, шаю заты
мен тұздың тиісті контейнерлерден
қосылуы тоқтатылып,сандық
бейнебеттен көрсетілер шаю заты мен
тұзды қосу туралы хабарлар да өшеді.
Бүл функцияны қолданған кезде, цикл
ұзақтығы өзгеруі мүмкін. Бұл жағдайда,
бағдарламаның орындалу уақыты
автоматты түрде сандық бейнебетте
жаңартылып отырады.
Бағдарлама бірден басталып
кеткеннен соң, параметрді өзгертуге
БОЛМАЙДЫ. Егер, Multitab
функциясын ажыратып қойғыңыз
келсе, бағдарлама параметрін
тоқтатып барып, функцияны
ажыратуыңызға болады. Бұл
жағдайда, жуу бағдарламасын қайта
орнатуыңыз қажет.
Егер құрғату нәтижелері ойдағыдай
болмаса, біздің берер кеңесіміз:
1. Шаю затының контейнерін шаю
затымен толтырыңыз.
2. Шаю затын құюшы құралды
белсенді күйге көшіріңіз.
3. Шаю затының қосылатын
мөлшерін 2-ші орынға қойыңыз.
Егер жеке-жеке шаю заттарын
пайдаланғыңыз келсе, біздің берер
кеңесіміз:
1. Multitabфункциясын ажыратып
қойыңыз.
2. Тұз бен шаю затының
контейнерлерін қайта
толтырыңыз.
3. Су кермектігінің ең жоғарғы
деңгейін орнатып, қалыпты жууға
арналған 1 бағдарламаны ыдыс-
аяқсыз орындаңыз.
4. Су кермектігінің параметрін
аймағыңыздағы су кермектігіне
сай орнатыңыз.
5. Шаю затын қосу мөлшерін
белгілеңіз.
Жуу бағдарламасын таңдау және бастау
1. Кәрзеңкелердің дұрыс
толтырылғандығын тексеріп,
бүріккіштердің еркін айналуына
ешнәрсенің кедергі келтірмейтіндігін
тексеріңіз.
2. Су құбырының шүмегінің ашық
тұрғандығына көз жеткізіңіз.
3. Қосу/Өшіру (On/Off) түймешігін
басыңыз.
Соңғы орындалған жуу
бағдарламасы автоматты түрде
таңдалады.
4. Ыдыс-аяқ жуғыштың есігін жабыңыз.
5. Жуу бағдарламасын таңдаңыз ("Жуу
бағдарламалары" суретін көріңіз).
OK түймешігін басып құптаңыз.
6. Қажет болса, бағдарламаны
кешіктіріп бастаңыз(кешіктіріп
бастау). OK түймешігін басып
құптаңыз.
7. Қажет болса, параметрлерді
орнатыңыз.
8. Бастау түймешігін басыңыз, жуу
бағдарламасы автоматты түрде
басталады.
"Бастау" түймешігі басылғаннан
кейін, сандық бейнебетте тұз/шаю
затының біреуі не екеуіне де
қатысты хабар пайда болса, онда
бағдарлама басталмайды.
Бағдарламаны бастау үшін OK
түймешігін басыңыз.
• Егер "кешіктіріп бастау" функциясы
таңдалса, онда сандық бейнебетте
бағдарламаның ұзақтығы мен аяқталу
уақыты пайда болады.
Бағдарлама бірден басталып
кеткеннен кейін, сандық бейнебеттен:
– бағдарламаның кезеңдері,
– бағдарламаның қанша уақыт жұмыс
істеп тұрғандығы мен оның соңына
дейін қалған уақыт шамалары
жаңартылып көрсетіледі.
Орындалып тұрған "кідіртіп бастау"
функциясын болдырмау
• "Бастау" түймешігін басып,
көрсетілген нұсқауларды орындай
отырып, "кешіктіріп бастау"
функциясын ажыратасыз да,
бағдарламалар мәзіріне қайта
ораласыз.
18 electrolux










