User manual

2. Механизмі өз орнына орнығып себет
тұрақтанғанға дейін оның екі жағынан
еппен ұстап, жоғары қарай көтеріңіз.
Себетті бастапқы орнына түсіру үшін
келесі әркеттерді орындаңыз:
1. Себет тоқтағанға дейін сыртқа қарай
тартыңыз.
2. Екі жағынан еппен ұстап жоғары
қарай жылжыта отырып, механизмді
сүйемелдей отырып, жаймен өз
орнына қондырыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту! Себетті
ешқашан тек бір жағынан ғана ұстау
арқылы көтеруге немесе түсіруге
болмайды.
Себет ең жоғарғы орынға қойылған
кезде:
• кеселерді кесе қоятын торға
қоймаңыз,
• кесе қоятын торлардың жоғары
емес төмен қарай жиылып
тұрғандығына көз жеткізіңіз.
Ашық есіктің қауіп көзі екендігін
ескеріп оны ыдыс-аяқтарды
салғаннан кейін әрқашан жауып
отырыңыз.
Тазалау бұйымдарын қолдану
Ыдыс-аяқ жуғыш машиналарда
пайдалану үшін арнайы шығарылған
жуу заттарын ғана пайдаланыңыз.
Орауыштың сыртында көрсетілген,
өндіруші ұсынып отырған жуу
затының қолданылатын мөлшері
мен оны сақтау туралы кеңестерге
назар аударыңыз.
Жуу затын көрсетілген мөлшерден
артық пайдаланбау арқылы зиянды
заттардың бөлініп, қоршаған ортаны
ластамауына өз үлесіңізді қосасыз.
Жуғыш затты салу
1. Қақпақшаны ашыңыз.
2. Жуғыш зат сауытына (1) жуғыш
заттан салыңыз. Таңбаламалар
жуғыш затты қосу мөлшерін
көрсетеді:
20 = шамамен 20 г жуғыш затқа тең
30 = шамамен 30 г жуғыш затқа тең.
16 electrolux










