User manual

Ыдыс жуғышта келесі ыдыс-аяқ пен ас құралдарын
жууға болмайды: сыймайтын:
• Сабы ағаштан, мүйізден, фарфордан
немесе ақықтан жасалған ас құралдары.
• Отқа төзімді емес пластик заттар.
• Отқа төзімді емес ескі және бөліктері
желімделіп құрастырылған ас құралдары.
• Байлаулы ас құралдары немесе ыдыс-аяқ.
• Қалайы немесе мыс заттар.
• Қорғасынды хрусталь.
• Тоттануға бейім темір заттар.
• Ағаш табақтар.
• Синтетикалық талшықтардан жасалған
заттар.
• Керамикалық заттарды, тек қана
өндірушінің нұсқаулығында ыдыс жуғышта
жууға болады деп көрсетілген жағдайда
ғана жуыңыз.
• Жалатылған ыдыс-аяқтар ыдыс жуғыш
машинада жиі жуылса әрі кетуі мүмкін.
• Күміс және алюминий бөлшектер жуған
кезде, түсін өзгертуге бейім келеді: Қыша,
жұмыртқаның ағы мен сарысы сияқты
қалдықтар, көп жағдайларда күміс
заттардың түсінің өзгеруіне себеп болады.
Сондықтан жууды кейінге қалдырсаңыз,
күміс ыдыс-аяқтардан тамақ қалдықтарын
дереу тазалаңыз.
Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs
Төменгі кәрзеңке
Төменгі кәрзеңке кастрюльдерді,
қақпақтарды, тәрелкелерді, салат
табақтарын және ас құралдарын салуға
арналып жасалған.
Ыдыс-аяқтар және үлкен қақпақтар,
бүріккіштердің еркін қозғалуына
мүмкіндік беру үшін, кәрзеңкенің шет
жағын жағалата орналастырылуы тиіс.
Кастрюльдер, шыны аяқтар мен
табақтарды салуға ыңғайлы болу үшін,
төменгі кәрзеңкедегі ілгек қатарларын
төмендетуге болады.
Ас құралдарына арналған қорапша
Тігінен орналастырылған ұзын жүзді
пышақтар - қауіп-қатердің бірден бір
көзі. Ұзын және/не болмаса, ет
бұзатын не турайтын өткір пышақтар
тәрізді заттар, үстіңгі себетте
көлденеңінен орналастырылуы
қажет. Пышақ тәрізді өткір заттарды
салу немесе шығару кезінде абай
болғаныңыз жөн.
Шанышқылар мен қасықтарды
алынбалы-салынбалы ас құралдары
себетіне саптарын төмен қаратып, ал
пышақтардың саптарын жоғары қаратып
салу керек.
electrolux 13










