User manual

Су кермектігі Су кермектігіның параметрін баптау Тұзды
қолда
ну
°dH °TH ммоль/л қолмен Электрондық
тәсілмен
< 4 < 7 < 0,7 1 1-ші деңгей жоқ
Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды қолдану
Назарыңызда болсын!
Ыдыс-аяқ жуғыш үшін өндірілген тұзды
ғана пайдаланыңыз. Ыдыс-аяқ жуғыш
машинада пайдалануға арналмаған
басқа тұз түрлері, әсіресе, ас тұзы су
жұмсартқышқа зиян келтіруі мүмкін. Тұз
қорапшасын тұзбен толық жуу
бағдарламаларының бірін қосар
алдында ғана толтырыңыз. Бұл тұз
түйірлерінің немесе тұзды судың
машина түбіне төгіліп қалып, төгілген
жерінде ұзақ уақыт жатып қалып
коррозияны тудырудың алдын алу үшін
қажет.
Толтыру үшін:
1. Есікті ашыңыз, төменгі кәрзеңкені
алып тастап, тұз қорапшасының
қақпақшасын сағат бағытына қарсы
айналдырып ашыңыз.
2. Қорапшаның ішіне 1 литр су құйыңыз
(қорапшаны ең алғаш рет тұзбен
толтырғанда ғана осылай істеңіз) .
3. Берілген құйғышты пайдалана
отырып, қорапшаны тұзбен әбден
толтырыңыз.
4. Қақпақшаны орнына салып,
қақпақшаның бұранда жолақтарында
немесе нығыздағышында тұздың
тұрып қалмағанына көз жеткізіңіз.
5. Қақпақшаны сағат тілінің бағытына
қарай "сырт" етіп тоқтағанға дейін
бұрай отырып, өз орнына келтіріп
нықтап жабыңыз.
Қорапша тұзбен толтырылып
жатқанда, су шетінен асып төгілсе,
алаң болмаңыз, бұл қалыпты
жағдай.
Тұз сауыты уақытылы толтырылып
отыруға тиіс.
Бұл туралы көрсетілген хабар ескертіп
отырады.
Бұл тек жуу бағдарламасының басы мен
соңында ғана көрсетіліп отырады;
бағдарлама орындалып тұрған кезде,
тұзбен толтыруды ескертетін шам
қосылып тұрмайды.
Тұзбен толтыру жөніндегі хабар
ыдыс жуғыш қосылулы тұрса, тұз
толтырылғаннан соң 2 сағаттан 6
сағатқа дейін көрсетіліп тұрады.
Егер ұзақ еритін тұзды
пайдалансаңыз, бұл уақыт шамасы
да арта түседі. Машинаның
жұмысына кері әсерін тигізбейді.
10 electrolux










