Қолдану туралы нұсқаулары ыдыс жуатын машина ESI 68050
electrolux Electrolux. Thinking of you. Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com вебсайтынан танысыңыз.
electrolux 3 • Бұйымды пайдаланып болғаннан соң, оны электр қуаты көзінен ажыратып, судың берілуін тоқтатыңыз. • Бұл өнімді осы бұйымды орнату немесе жөндеу үшін рұқсаты бар мамандар ғана жөндей алады және тек осы фирма шығарған бөлшектерді ғана пайдалануға болады. • Бұйымды ешқашан өзіңіз жөндемеңіз. Тәжірибесіз адам жүргізген жөндеу жұмыстары бұйымға зиян келтіреді, не болмаса оның дұрыс жұмыс істемеуіне алып келеді. Өзіңіздің жергілікті қызмет көрсету орталығыңызбен хабарласыңыз.
electrolux Өнім сипаттамасы 1. 2. 3. 4. 5. 6. Жоғарғы кәрзеңке Су қатаңдығы дискісі Тұзға арналған қорапша Жуу заттарына арналған қорапша Шаю заттарына арналған қорапша Техникалық сипаттары көрсетілген тақтайша 7. Сүзгілер 8. Төменгі бүріккіш 9. Жоғарғы бүріккіш Ыдыс жуғыш машина есік ашқанда жанып, жабылғанда сөнетін ішкі шаммен жабдықталған. Ішкі жарықтандыру жүйесі EN 60825-1 ережесіне сай келетін, CLASS 1 жарық диодының шамымен жабдықталған: 1994 + A1:2002 + A2:2001.
electrolux 5 Басқару панелі 1. Қосу/Өшіру (On/Off) түймешігі 2. Жарықтандырғыш жолақ 3. Сандық бейнебетте жоғары-төмен жылжу түймешігі 4. Сандық бейнебет 5. Жоғары-төмен жылжу түймешіктері 6. OKтүймешік 7. "Бастау" түймешігі 8. "Бастапқы" түймешігі Сандық бейнебетте көрсетілетін хабарлар мен үзік-үзік естілетін сигналдар тізбегі, бұйымды орнатып, жуу бағдарламалары мен параметрлерді таңдау барысында басшылық көрсетіп отырады. Сандық бейнебетте пайда болатын нұсқауларды рет-ретімен орындаңыз.
electrolux • Сегментті жоғары-төмен жылу түймешіктерінің бірін басып таңдаңыз. Таңдалған сегмент жазылып, онда бағдарламалар тізімі мен ұзақтығы көрсетіледі. • Тізімді ашу үшін бағдарламаны аударыстыру түймешігін басыңыз. • OK түймешігін басып құптаңыз не параметрді сақтау үшін бірнеше секунд күте тұрыңыз. Сандық бейнебетте үш сегмент қайта пайда болады. Бағдарламалар мәзірі сегментінен, таңдалған бағдарлама мен оның ұзақтығы көрсетіледі.
electrolux 7 Параметрлер мәзірі Қосымша мәзір Деморежим Бұл бұйымның басқару жүйесін қолдануды көрсететін қысқа деморежим. Қосу(ON) Өшіру (OFF) Артқа Параметрлер мәзіріне кері қайтуға мүмкіндік береді • Қосымша мәзірге кіру үшін OK түймешігін басыңыз. • Тізімді көрсету үшін, жоғары-төмен жылжу түймешіктерінің бірін басыңыз. • Қосымша мәзірді таңдау үшін OK түймешігін қайта басыңыз. Бағдарлама гиді және Параметр гиді • Жоғары-төмен жылжу түймешіктерінің бірін басып мәліметті оқып шыға аласыз.
electrolux Параметрлер мәзірі Қосымша мәзір Параметр сипаттамасы Судың кермектігі(*) Су жұмсартқышты электрондық тәсілмен орнатуға мүмкіндік береді. Шайғыш зат Шайғыш зат үлестіргішін белсенді түрге көшіруге/өшіруге мүмкіндік береді. Өндіруші орнатқан параметрлер: қосылды Қосу(ON) Өшіру (OFF) Түймешік кілті Түймешіктер басылып қалып,басқару жүйесі теріс қолданылып кетпес үшін оларды бекітіп қоюға мүмкіндік береді.
electrolux 9 Егер таблетка пішіндес, келесі көрсетілгендегідей құрама жуу заттарын пайдаланатын болсаңыз: "3 қасиетке ие 1 зат", "4 қасиетке ие 1 зат", "5 қасиетке ие 1 зат", т.б., "мульти-таб" функциясын қосыңыз. ("Мульти-таб функциясы" бөлімін оқыңыз). Су жұмсартқышты баптаңыз Ыдыс-аяқ жуғышыңыз, қосылатын судың құрамындағы машинаға зиян келтірерлік немесе оның қызметінің тиімділігін төмендетерлік минералдар мен тұздарды алып тастауға лайықтап жасалған суды жұмсартқышпен жабдықталған.
electrolux Су кермектігі Су кермектігіның параметрін баптау °dH °TH ммоль/л қолмен Электрондық тәсілмен <4 <7 < 0,7 1 1-ші деңгей Тұзды қолда ну жоқ Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды қолдану Назарыңызда болсын! Ыдыс-аяқ жуғыш үшін өндірілген тұзды ғана пайдаланыңыз. Ыдыс-аяқ жуғыш машинада пайдалануға арналмаған басқа тұз түрлері, әсіресе, ас тұзы су жұмсартқышқа зиян келтіруі мүмкін. Тұз қорапшасын тұзбен толық жуу бағдарламаларының бірін қосар алдында ғана толтырыңыз.
electrolux 11 Шайғыш затты пайдалану Назарыңызда болсын! Тек жуғыштарға арналған, сапалы шаю заттарын пайдаланыңыз. Шаю заттарының қорапшасын ешбір басқа заттармен (мысалы, ыдыс-аяқ жуғышқа арналған тазалағыш затпен, сұйық тазалағыш заттармен) толтырмаңыз. Ол бұйымыңызға зиян келтіруі мүмкін. Шаюға арналған зат ыдысаяқтардың әбден шайылып, дақсыз, жолақсыз құрғатылуын қамтамасыз етеді. Шаю заты ең соңғы шаю кезеңінде автоматты түрде қосылады. 1. (A) ашу түймесін басып, қорапшаны ашыңыз.
electrolux Бұл туралы көрсетілген хабар ескертіп отырады. Бұл тек жуу бағдарламасының басы мен соңында ғана көрсетіліп отырады; бағдарлама орындалып тұрған кезде, тұзбен толтыруды ескертетін шам қосылып тұрмайды. Тұз сауыты уақытылы толтырылып отыруға тиіс. Әркүндік қолдану • Ыдыс-аяқ жуғышқа арналған тұз не шаю затымен толтыру қажеттілігінің бар - жоқтығын тексеріңіз. • Ыдыс-аяқ жуғышқа ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды салыңыз. • Ыдыс-аяқ жуғышты жуу затымен толтырыңыз.
electrolux 13 Ыдыс жуғышта келесі ыдыс-аяқ пен ас құралдарын жууға болмайды: сыймайтын: • Сабы ағаштан, мүйізден, фарфордан немесе ақықтан жасалған ас құралдары. • Отқа төзімді емес пластик заттар. • Отқа төзімді емес ескі және бөліктері желімделіп құрастырылған ас құралдары. • Байлаулы ас құралдары немесе ыдыс-аяқ. • Қалайы немесе мыс заттар. • Қорғасынды хрусталь. • Тоттануға бейім темір заттар. • Ағаш табақтар. • Синтетикалық талшықтардан жасалған заттар.
electrolux Егер саптар себеттің түбінен шығып қалып, төменгі бүріккішке кедергі жасап тұрса, ас құралдарының саптарын жоғары қарата салыңыз. Қасықтар бір-біріне жабысып қалмау үшін оларды басқа ас құралдарымен араластырып салыңыз. Ас құралдарына арналған себетке ас құралдарын оңай салу үшін ас құралдары себетінің тұтқасын төмендетіңіз. Ас құралдарына арналған себет, осы құралдарды салып орналастыруды ыңғайлы ету үшін бөлуге болатын екі бөліктен тұрады.
electrolux 15 солға немесе оңға бағыттап орналастырыңыз. Ұзын бокалдарды шыныаяқтар сөресіне төңкеріп орналастыруға болады. Ұзынырақ заттар үшін ыдыс-аяқ ілгектерін жоғары қарай жиып қоюға болады. Ыдыстарды салуды ыңғайлы ету үшін ілгек қатарларының ортаңғысын еш қиындықсыз төмендетуге болады. Есікті жабар алдында бүріккіш түтіктердің айналуына ешнәрсенің кедергі жасамайтындығына көз жеткізіңіз.
electrolux 2. Механизмі өз орнына орнығып себет тұрақтанғанға дейін оның екі жағынан еппен ұстап, жоғары қарай көтеріңіз. сүйемелдей отырып, жаймен өз орнына қондырыңыз. Сақтандыру туралы ескерту! Себетті ешқашан тек бір жағынан ғана ұстау арқылы көтеруге немесе түсіруге болмайды. Себет ең жоғарғы орынға қойылған кезде: • кеселерді кесе қоятын торға қоймаңыз, • кесе қоятын торлардың жоғары емес төмен қарай жиылып тұрғандығына көз жеткізіңіз.
electrolux 17 4. Қақпақшаны қойып, оны жабылғанға дейін үстінен басыңыз. 1 2 Әртүрлі өндірушілер өндірген таблетка тәрізді жуу заттарының еру уақыты да әртүрлі болады. Сол себепті, қысқа мерзімдік жуу бағдарламалары қолданылғанда кейбір таблетка пішіндес заттарды пайдалану күткен нәтижеге жеткізбейді. Сондықтан таблетка пішіндес жуу заттарын қолданған кезде, жуу заттарының қалдығы әбден кету үшін ұзақ мерзімдік жуу бағдарламаларын қолданыңыз. 3.
electrolux Осы функция таңдалған кезде, шаю заты мен тұздың тиісті контейнерлерден қосылуы тоқтатылып,сандық бейнебеттен көрсетілер шаю заты мен тұзды қосу туралы хабарлар да өшеді. Бүл функцияны қолданған кезде, цикл ұзақтығы өзгеруі мүмкін. Бұл жағдайда, бағдарламаның орындалу уақыты автоматты түрде сандық бейнебетте жаңартылып отырады. Бағдарлама бірден басталып кеткеннен соң, параметрді өзгертуге БОЛМАЙДЫ.
electrolux 19 контейнерде жуу затының баржоқтығын тексеріңіз. • "Бастау" түймешігін басыңыз, орнатылған жуу бағдарламасы автоматты түрде басталады. Назарыңызда болсын! Орындалып тұрған жуу бағдарламасын ТЕК аса қажетті жағдайда ғана тоқтатыңыз не болдырмаңыз. Назар аударыңыз! Есік ашылған кезде ыстық бу шығып кетуі мүмкін. Есікті абайлап ашыңыз. Орындалып тұрған жуу бағдарламасын тоқтату • Машинаның есігін ашыңыз; бағдарлама тоқтайды. Есікті жабыңыз; бағдарлама тоқтаған жерінен әрі қарай жалғаса түседі.
electrolux Кірдің ауқымы Ыдысты салу түрі Автоматты 1) Кез келген Ыдыс-аяқтар, ас құралдары, кастрюльдер мен табақтар 60° Жылдам 2) Қалыпты не аздап кірленген Ыдыс-аяқтар мен ас құралдары Негізгі жуу, 60°C дейін Соңғы шаю 55° Жылдам Қалыпты кірленген Ыдыс-аяқтар мен ас құралдары Негізгі жуу, 55°C дейін 1 рет аралық шаю Соңғы шаю 50° Эко 3) Қалыпты кірленген Ыдыс-аяқтар мен ас құралдары Алдын ала шаю Негізгі жуу, 50°C дейін 1 рет аралық шаю Соңғы шаю Құрғату 45° Шыны ыдыс Қалыпты кірлен
electrolux 21 Тұтыну параметрлері Бағдарлама Бағдарлама ұзақтығы (минөт өлшемімен) Қуатты тұтыну (кВт/с) Суды тұтыну (литр өлшемімен) 45° Шыны ыдыс 60 - 70 0,8 - 0,9 14 - 15 Табақ жылытқыш 30 0,8 4 Алдын ала шаю 12 0,1 4 1) Тексеру өткізетін мекемелер үшін тексеру бағдарламасы Тұтыну параметрлері жалпы ұсыныс ретінде берілген және олар судың қысымы мен температурасына, электр қуатының өзгеріп тұруына, сондай-ақ ыдыс-аяқтың санына байланысты.
electrolux 9. Құрама сүзгілерді әдепкі орнына орналастырып, ұстағышын сағат бағытына қарай тоқтағанша бұраңыз. Осы кезде тегіс сүзгінің жуу бөлімінің үстінен шығып қалмасына көз жеткізіңіз. Ыдыс-аяқ жуғышты сүзгілерсіз ЕШҚАШАН пайдаланбаңыз. Дұрыс орналастырылмаған және нығыз бекітілмеген сүзгіштер, жуу нәтижелерінің ойдағыдай болмауына ықпалын тигізіп ғана қоймай, бұйымға да зиянын тигізеді. Бүріккіш түтіктерді ЕШҚАШАН алып тастауға әрекет жасамаңыз.
electrolux 23 Сандық бейнебетте көрсетілетін хабар және дұрыс жұмыс істемеу Сандық бейнебетте пайда болған хабар, жуғыштың суға толтырылмай тұрғандығын ескертеді. Мүмкін себептері және шешетін жолдары • Су құбырының шүмегі толып қалған немесе оған қақ тұрған. Су құбырының шүмегін тазалаңыз. • Су құбырының шүмегі жабық тұр. Су құбырының шүмегін ашыңыз. • Су жіберу құбырының клапанындағы сүзгіш (онымен жабдықталған жуғыштарда) бітеліп қалған. Шлангтағы сүзгіні тазалаңыз.
electrolux Жуу нәтижелері қанағаттанарлық емес Ыдыстар таза емес • Сай келерлік бағдарлама дұрыс таңдалмай, басқа бағдарлама таңдалған. • Ыдыс-аяқтар су барлық жерлеріне жақсы тиюге кедергі жасайтындай орналастырылған. Кәрзеңкелерге белгіленген мөлшерден артық ыдыс-аяқ салуға болмайды. • Ыдыс-аяқ дұрыс қаланбағандықтан, бүріккіштер еркін айнала алмай тұр. • Жуу бөлімінің төменгі жағындағы сүзгілер кірленген не дұрыс орнатылмаған. • Жуу заты өте аз мөлшерде салынған немесе мүлдем қолданылмаған.
electrolux 25 арналған қорапшалар тұзбен, шаю затымен жеке-жеке толтырылған болуы керек және тексеру бағдарламасы пайдаланылуы тиіс ("Тұтыну параметрлері" бөлімін оқыңыз). Толық толтыру: 12 кісіге арналған стандартты ыдыс-аяқ жинағы Жуғыш заттың қажетті мөлшері: 5 г + 25 г (В түрі) Шайғыш зат параметрін орнату 4-ші орын (III түрі) Сынақты шыны стакан ұстағышты орналастырмай өткізу ҚАЖЕТ. Бұл ұстағышты үстіңгі себеттен АЛЫП ҚОЙЫҢЫЗ.
electrolux Бұл ыдыс жуғыш машина ас үй жиһазының ішіне, не үстелдің астында орналастыруға лайықтап жасалған. Назар аударыңыз!Ыдыс жуғыш машинаны жиһаздың ішіне орнатып, жиһаз панелін орналастыру туралы қосымша үлгіде берілген нұсқауларды мұқият сақтаңыз. Суды беру, суды канализацияға жіберу және электр желісіне қосу сияқты негізгі жүйелерді жиһаз қабырғасынан сыртқа өткізетін тесіктерден басқа ешбір тесікті ойып орнатудың қажеті жоқ. Жуғыштың биіктігін орнату үшін аяқтарын пайдаланыңыз.
electrolux 27 Қорғауыш клапаны бар су қабылдайтын түтік Қос қабатты су қабылдайтын түтікті қосып болғаннан соң, қорғауыш клапан шүмектен кейін орналасады. Сол себепті су беретін түтік су ағып тұрған сәтте ғана қысымды болады. Суды қабылдайтын түтіктен су кетсе, қорғауыш клапан су беруді тоқтатады. Су қабылдайтын түтікті орнатқан кезде, келесі кеңестерге назар аударыңыз: • Қорғауыш клапанға келетін электр тоғының сымы қос қабатты түтіктің ішіне енгізілген.
electrolux жабдықталған. Егер сіздің раковинаңыздың түтігі "қайтармайтын клапанмен" жабдықталса, онда бұл жуынды судың машинадан дұрыс ақпауына ықпал тигізуі мүмкін. Сондықтан да біз бұл клапанды алып тастауға кеңес береміз. Біздің бұйымдарымыз жуынды судың машинаға қайта құйылуынан сақтайтын қауіпсіздік құрылғысымен Орнатқаннан кейін су ағып кетпес үшін су қосылымдарының берік екендігіне көз жеткізіңіз.
electrolux 29 Назарыңызда болсын! Машина пайдалануға жарамсыз болып табылғанда: • Машинаны электр қуаты көзінен ажыратып тастаңыз. • Кабельді және қосқышты кесіп алып, оларды қоқыс жәшігіне тастаңыз. • Есік ілмегін алып тастаңыз. Бұл балалардың машина ішіне кіріп қалып, өз-өзін жауып қойғаннан, яғни олардың өмірлеріне қауіп тудырудан сақтайды.
electrolux
electrolux 31
www.electrolux.