User manual
2. Вентиляциялық тесігі бар құбырға сай
келу үшін, ішкі диаметр ең кем
дегенде 4 см болуы керек.
max 85 cm
min 40 cm
max 400 cm
Жуынды суды төгетін түтікше ыдыс
жуғыш машинаның не сол жағына, не оң
жағына қарап тұруы керек
Түтіктің майысып, не болмаса
жаншылып қалмағандығына көз
жеткізіңіз, себебі бұл жуынды судың баяу
ағуына әкеліп соғады.
Раковинаның тесігі машинадан жуынды
су ағып жатқанда тығындалмауы керек,
себебі бұл жуынды судың машинаға кері
құйылып кетуіне себеп болуы мүмкін.
Егер жуынды су түтігін ұзартқышты
пайдаланып отырсаңыз оның ішкі
диаметрі құрылғымен бірге жеткізілген
түтіктің диаметрінен кіші болмауға тиіс.
Машинаны жуынды су құбырына қосу
үшін пайдаланылған муфталардың ішкі
диаметрі де, құрылғымен қатар
жеткізілген түтік диаметрінен кем
болмауға тиіс.
Кір суды ағызатын түтікті раковинаның
астындағы түтікке қосар кезде, оның
сыртындағы пластмасса қабықты
тұтастай(A) алып тастау қажет. Егер бұл
пластмасса қабықты алып
тастамасаңыз, тамақ қалдықтары
біртіндеп суды канализацияға жіберетін
түтікті қосатын түтікшені толтырып қоюы
мүмкін.
Біздің бұйымдарымыз жуынды
судың машинаға қайта құйылуынан
сақтайтын қауіпсіздік құралымен
жабдықталған. Егер сіздің
раковинаңыздың түтігі
"қайтармайтын клапанмен"
жабдықталса, онда бұл жуынды
судың машинадан дұрыс ақпауына
әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан да
біз бұл клапанды алып тастауға
кеңес береміз.
Орнатқаннан кейін су ағып кетпес
үшін су қосылымдарының берік
екендігіне көз жеткізіңіз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
стандарттарының талабына сәйкес
машина жерге қосылған болуы
керек.
Бұйымды бірінші рет пайдаланар
алдында, жергілікті электр қуаты
көзінің кернеуі және оның берілу түрі
техникалық талаптар
тақтайшасында көрсетілген
талаптарға сай келетіндігіне көз
жеткізіңіз. Сонымен қатар,
сақтандырғыштың техникалық
сипаттамасын да техникалық
талаптар тақтайшасынан табуға
болады
Электр қосқышын әрқашан
тұйықталудан сақтандырылған,
дұрыс орнатылған розеткаға
қосыңыз.
Бірнеше құрылғыларды тоқ көзінен
қоректендіретін қосқыштарды,
біріктіргіштерді және ұзартқыш
кабельдерді пайдалануға
болмайды. Олар қызып кетіп, өрт
шығу қаупін тудыруы мүмкін.
Егер қажет болса, үйіңіздегі электр
желісіндегі розетканы ауыстырып
алыңыз. Егер электр кабелін
ауыстыру қажет болса, жергілікті
қызмет көрсету орталығымен
хабарласыңыз.
Бұйымды орнатып болғаннан кейін,
бұймды тоқ көзіне қосқыш қол жетер
жерде болуы керек.
26 electrolux










