User manual

Орнату
Назарыңызда болсын! Осы
машинаны орнату үшін керек болған
электр және су беру мен
канализация жүйесіне қосу
жұмыстарын тек қана білікті
электрик, сантехник немесе білікті
маман атқаруы керек.
Жиһаз астына орнату (раковина немесе
ас үй үстелі)
Машинаны орналастырмас бұрын орам
материалдарының барлығын алыңыз.
Мүмкін болса, машинаны су құбырының
шүмегі мен канализацияға қосылатын
жердің қасына орналастырыңыз.
Машинаның үстіңгі жұмыс тақтасын
алып тастап, оны раковинаның астына
не алдын ала орнатылған жұмыс
үстелінің астына, өлшемдері суретте
көрсетілгендей қуысқа орналастырыңыз.
Келесі әрекеттерді орындаңыз:
Машинаның жұмыс тақтасын екі артқы
бұранданы(1)бұрап алу арқылы
босатыңыз да, жұмыс тақтасын
машинаның арт жағынан(2) тартып
шығарып, көтеріп тұрған қалпы
алдыңғы саңылаулардан сырғытып
шығарыңыз(3).
Машинаның биіктігін өзгертпелі аяқтар
арқылы лайықтап алған соң, оны қуысқа
туралап кіргізіңіз. Машинаны орнатқан
кезде су құятын және жуындыны
ағызатын түтікшелердің шиеленісіп
немесе басылып қалмағанына көз
жеткізіңіз.
Ыдыс жуғыштың ішкі құрамдас
бөлшектеріне қатысты жұмыстар
жүргізілгенде, оны міндетті түрде электр
желісінен ажыратыңыз.
Машинаны орнатқаннан кейін, жөндеу
қажет болған жағдайда жөндеу
қызметкері оған оңайлықпен қол
жеткізетіндей болуын тексеріңіз.
Ыдыс-аяқ жуатын машина келешекте
жеке тұрса, оның жұмыс тақтасын
қайтадан өз орнына қою керек.
Жеке тұрған машинаның қабырғасының
төменгі жағы реттеуге келмейді.
Тіктеп орнату
Машинаның есігі жақсы жабылу үшін оны
дұрыс тіктеп орнатудың маңызы зор.
Машина дұрыс тіктеліп орнатылса, оның
есігі ашылғанда, шкафтың екі жағы
тұтылып қала бермейді.
Егер есік дұрыстап жабылмаса,
өзгертпелі аяқтар арқылы машинаны
жөндеп тіктеп қойыңыз.
24 electrolux