User manual

Жаңа ғана аяқталған бағдарламаның
шамы жанған қалпы тұрады.
Сандық бейнебетте нөл пайда
болады.
1. Қосу/Өшіру (On/Off) түймешігін
басып, машинаны ажыратыңыз.
2. Машинаның есігін ашыңыз, ыдыс-
аяқтарды шығармас бұрын есікті
жартылай ашқан күйде бірнеше
минут күтіңіз; осылайша ыдыс-аяқтар
суыңқырап, құрғату нәтижесі де
жақсара түседі.
Күте тұру режимі
Жуу бағдарламасы аяқталған соң
құрылғыны өшірмесеңіз, машина
автоматты түрде күте тұру режиміне
көшеді. Күте тұру режимі қуат шығынын
азайтады.
Бағдарлама аяқталған соң үш минут
өткен кезде барлық анықтағыш шамдар
өшеді де, сандық бейнебетте бір
көлденең сызық пайда болады.
Бағдарламаның соңы режиміне қайта
өту үшін түймешіктердің бірін (on/off
түймешігі емес) басыңыз.
Ыдыс жуу машинасын босату
Қызып тұрған ыдыс-аяқ, елеусіз
салмақтың әсерінен де сынып кетуі
мүмкін. Сондықтан, ыдыс-аяқты
жуғыштан шығармас бұрын, суытып
алу керек.
Ең алдымен, төменгі кәрзеңкені, сонан
соң жоғарғы кәрзеңкені босатыңыз;
сонда төмендегі ыдыс-аяққа жоғарғы
кәрзеңкеден су тамып кетпейді.
Тот баспайтын темір, ыдыс-аяқтарға
қарағанда біртіндеп суып
басылатындықтан, ыдыс-аяқ жуғыш
машинаның қабырғаларында және
есігінде су пайда болуы мүмкін.
Жуу бағдарламасы аяқталғаннан
соң, ыдыс-аяқ жуғышты электр қуаты
көзінен ажыратып тастап, су
құбырының шүмегін жауып қоюға
қенес береміз.
Жуу программалар
Жуу бағдарламалары
Бағдарлама Кірдің
ауқымы
Ыдысты салу түрі Бағдарлама сипаттамасы
Intensive
Аса
ластанған
Ыдыс-аяқтар, ас
құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алдын ала шаю
Негізгі жуу, 70°C дейін
2 рет аралық шаю
Соңғы шаю
Құрғату
Auto
1)
Кез келген Ыдыс-аяқтар, ас
құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алдын ала шаю
45°C не 70°C дейінгі негізгі жуу
1 немесе 2 рет аралық шаю
Соңғы шаю
Құрғату
Quick
2)
Қалыпты не
аздап
кірленген
Ыдыс-аяқтар мен
ас құралдары
Негізгі жуу, 60°C дейін
Соңғы шаю
Eco
3)
Қалыпты
кірленген
Ыдыс-аяқтар мен
ас құралдары
Алдын ала шаю
Негізгі жуу, 50°C дейін
1 рет аралық шаю
Соңғы шаю
Құрғату
18 electrolux