User manual
1. Себеттердің дұрыс
толтырылғандығын тексеріп, бүріккіш
түтіктердің еркін айналуына
ешнәрсенің кедергі келтірмейтіндігін
тексеріңіз.
2. Су құятын шүмектің ашық
тұрғандығына көз жеткізіңіз.
3. Қосу/Өшіру (On/Off) түймешігін
басыңыз. Ыдыс жуғыш машина
параметрлерді орнату күйінде тұруға
тиіс.
4. Қажетті бағдарламаға сай келетін
түймешікті басыңыз ("Жуу
бағдарламалары" кестесіне
қараңыз).
Бағдарлама таңдалған соң соған сай
келетін шам жанады.
Орындалып тұрған бағдарлама
шамы жанады.
Ыдыс жуғыш машина есігін жабыңыз,
бағдарлама автоматты түрде
басталады.
Орындалып тұрған бағдарлама
шамы жанған қалпы тұрады.
Бағдарламаға "кідіртіп бастау"
функциясын қосып орнату және бастау
1. Жуу бағдарламасын таңдағаннан
кейін, "кідіртіп бастау" түймешігін
сандық бейнебетте бағдарламаны
кешеуілдету уақытының сандық мәні
жыпылықтай бастағанша басып
тұрыңыз. Таңдалған бағдарламаны
1-ден 19 сағатқа дейін кідіртіп
бастауға болады.
2. Ыдыс жуғыш машинаның есігін
жабыңыз, кері санақ автоматты түрде
басталады. Сандық бейнебеттегі
уақыт мәні жанып-сөнуін тоқтатып,
енді тұрақты көрсетіліп тұрады.
3. Кері санақ 1 сағат шамасына кеміп
отырады.
4. Есікті ашу кері санақты кідіртеді.
Есікті жабыңыз; кері санақ тоқтаған
жерінен әрі қарай жалғасады.
5. Кері санақ аяқталғаннан кейін
бағдарлама автоматты түрде
басталады.
Кідіртіп бастау функциясы
орнатылғанда, орындалып тұрған
бағдарлама анықтағыш шамы өшіп
тұрады. Кідіртіп бастау
функциясының кері санағы
аяқталған соң, жуу бағдарламасы
автоматты түрде басталады да,
орындалып тұрған бағдарлама
анықтағыш шамы жанады.
Жуу бағдарламасы мен кідіртіп
бастау функциясын, құрылғының
есігі жабық тұрғанда да таңдауға
болады.
Бағдарлама түймешігін басқаннан
кейін басқа бағдарламаны не кідіртіп
бастау функциясын таңдауға ТЕК 3
секунд ғана уақытыңыз бар.
3 секундтан кейін таңдалған
бағдарлама автоматты түрде
басталады.
Назарыңызда болсын! Орындалып
тұрған жуу бағдарламасын ТЕК аса
қажетті жағдайда ғана тоқтатыңыз
не болдырмаңыз.
Назар аударыңыз! Есік ашылған
кезде ыстық бу шығып кетуі мүмкін.
Есікті абайлап ашыңыз.
Орындалып тұрған жуу бағдарламасын
тоқтату
• Машинаның есігін ашыңыз;
бағдарлама тоқтайды. Есікті жабыңыз;
бағдарлама тоқтаған жерінен әрі
қарай жалғаса түседі.
• On/Off түймешігін басыңыз, барлық
анықтағыш шамдар өшеді. On/Off
түймешігін қайтадан басыңыз;
бағдарлама тоқтаған жерінен әрі
қарай жалғаса түседі.
Орындалып тұрған жуу бағдарламасын
немесе кері санақты болдырмау
• B және C функция түймешіктерінің
екеуін де, барлық бағдарлама
шамдары жанғанша қатар басып ұстап
тұрыңыз.
• Кідіртіп бастау функциясын
болдырмау, жуу бағдарламасын да
біржола тоқтатады. Жуу
бағдарламасын қайта таңдау қажет
болады.
• Егер жаңа жуу бағдарламасын таңдау
қажет болса, жуғыш зат сауытында
жуғыш заттың бар-жоғын тексеріңіз.
Жуу бағдарламасының соңы
• Ыдыс жуғыш машина автоматты түрде
тоқтайды да, орындалып тұрған
бағдарлама шамы өшеді.
• Соңы анықтағыш шамы жанады.
electrolux 17










