User manual
"Multitab функциясы" қолданылғанда,
цикл ұзақтығы да өзгеруі мүмкін. Бұл
жағдайда, сандық дисплейден
бағдарламаның өту уақыты автоматты
түрде жаңартылып көрсетіледі.
Жуу бағдарламасы басталмас
бұрын, "Multitab функциясын"
белсенді күйге көшіріңіз/өшіріңіз.
Бағдарлама басталып кеткеннен
соң, "Multitab функциясын" өзгертуге
БОЛМАЙДЫ . "Multitab функциясын"
ажыратып қойғыңыз келсе,
бағдарлама параметрін тоқтатып,
содан кейін "Multitab функциясын"
өшіріңіз. Бұндай кездерде, жуу
бағдарламасын (және қалаған
параметрлерді) қайтадан
орнатуыңыз қажет.
Multitab функциясын белсенді күйге
көшіру/өшіру,
Екі Multitab түймесін ( D және E функция
түймелері)Multitab анықтағыш шамы
жанғанша бір мезетте қатар басып
тұрыңыз. Бұл параметрдің белсенді
күйде тұрғандығын білдіреді.
Бұл функцияны белсенді тұрған күйден
ажырату үшін, осы түймелерді қайтадан
"Multitab функциясына" қатысты
анықтағыш шам өшкенше басыңыз.
Егер жуу нәтижелері ойдағыдай
болмаса, біздің берер кеңесіміз:
1. Шаю заттарына арналған
қорапшаны шаю затымен
толтырыңыз.
2. Шаю затын құюшы құралды
белсенді күйге көшіріңіз.
3. Шаю затының қосылатын
мөлшерін 2-ші орынға
орнатыңыз.
• Тек "Multitab функциясы" іске
қосылып тұрған жағдайда ғана,
шаю затын құюшы құралды
белсенді күйге көшіруге/өшіруге
болады.
Шаю затын құюшы құралды белсенді
күйге көшіру/өшіру
1. Қосу/Өшіру түймесін басыңыз. Ыдыс-
аяқ жуғыш машина параметрлерді
орнату күйінде тұруы керек.
2. B және C функция түймелерін бір
мезетте қатар басып, A , B және C
функцияларының түймелері
жыпылықтай бастағанға дейін ұстап
тұрыңыз.
3. В функция түймесін басыңыз, бұл
кезде А және C функцияларының
түймелері өшіріліп, В функциясының
түймесі жыпылықтауын жалғастыра
береді. Сандық дисплейден ағымдық
параметрлер көрсетіледі:
Шайғыш зат үлестіргіші
ажыратылған
Шайғыш зат үлестіргіші
қосылған
4. Параметрді өзгерту үшін, B түймесін
қайта басыңыз, сандық дисплей енді
жаңа параметрді көрсетеді.
5. Осы амалды жадқа енгізу үшін, қосу/
өшіру түймесін басып, ыдыс-аяқ
жуғышты ажыратыңыз.
Егер қайтадан жуу заттарын
қолданудың стандартты жүйесіне
көшпекші болсаңыз, біздің берер
кеңесіміз:
1. Multitab функциясын белсенді
күйінен ажыратыңыз.
2. Тұз бен шаю затына арналған
қорапшаларды қайтадан
толтырыңыз.
3. Су қатаңдығының ең жоғарғы
параметрін орнатып, қалыпты
жууға арналған 1 бағдарламаны
ешбір ыдыс-аяқсыз орындаңыз.
4. Су қатаңдығының параметрін
аймағыңыздағы су қатаңдығына
сай лайықтап алыңыз.
5. Шаю затын қосу мөлшерін
белгілеңіз.
Жуу программасын таңдау және бастау
Жуу бағдарламасы мен кідіртіп
бастау функциясын құрылғының
есігі сәл ашылыңқырап тұрғанда
таңдаңыз. Бағдарлама немесе
"кідіртіп бастау" функциясының кері
санағы, есік жабылғаннан кейін ғана
басталады. Бұған дейін орнатылған
параметрлерді өзгертіп үлгеруге
болады
16 electrolux










