User manual
Сақтандыру туралы ескерту! ЕСІКТІ
ЖАППАС БҰРЫН БҮРІККІШТЕРДІҢ
ЕРКІН АЙНАЛА АЛАТЫНДЫҒЫНА
КӨЗ ЖЕТКІЗІҢІЗ.
Жоғарғы кәрзеңкенің биіктігін лайықтау
Егер үлкен тәрелкелерді жуатын
болсаңыз, жоғарғы кәрзеңкені жоғарыға
жылжытқаннан кейін, оларды төменгі
кәрзеңкеге салыңыз.
Төменгі себеттегі ыдыстардың ең үлкен
биіктігі
Үстіңгі себетті
көтергенде
31 см
Үстіңгі себетті
түсіргенде
27 см
Жоғарыға көтеру үшін, келесі
әрекеттерді орындаңыз:
1. Кәрзеңке тоқтағанға дейін, оны
сыртқа қарай тартыңыз.
2. Механизмі өз орнына орнығып,
кәрзеңке тұрақтанғанға дейін оның
екі жағынан еппен ұстап, жоғары
қарай көтеріңіз.
Кәрзеңкені бастапқы орнына әкеліп,
төмендету үшін келесі әркеттерді
орындаңыз:
1. Кәрзеңке тоқтағанға дейін, оны
сыртқа қарай тартыңыз.
2. Екі жағынан еппен ұстап жоғары
қарай жылжыта отырып, механизмді
сүйемелдей отырып, жаймен өз
орнына қондырыңыз.
Кәрзеңкені ешқашан тек бір жағынан
ғана ұстау арқылы көтеруге немесе
төмен жылжытуға болмайды.
Жоғарғы кәрзеңкені жоғарлатқанда,
кесе ілгектерінің қатарын
төмендетуді ұсынамыз.
Машинаға ыдыс-аяқтарды
салғаннан кейін, ашық тұрған есіктің
қауіп көзі екендігін ескере
отырып,оның есігін жауып
қойғаныңыз жөн.
Тазалау бұйымдарын қолдану
Ыдыс-аяқ жуғыш машиналарда
пайдалану үшін арнайы шығарылған
жуу заттарын ғана пайдаланыңыз.
Орауыштың сыртында көрсетілген,
өндіруші ұсынып отырған жуу
затының қолданылатын мөлшері
мен оны сақтау туралы кеңестерге
назар аударыңыз.
Жуу затын көрсетілген мөлшерден
артық пайдаланбау арқылы зиянды
заттардың бөлініп, қоршаған ортаны
ластамауына өз үлесіңізді қосасыз.
Жуғыш затты салу
1. Қақпақшаны ашыңыз.
14 electrolux










