User manual

Ас құралдарының шағын қорапшасы
Үстіңгі себетпен бірге ас құралдарына
арналған шағын қорапша жеткізіледі.
Сақтандыру туралы ескерту!
ПЫШАҚТАРДЫ ЕШҚАШАН АС
ҚҰРАЛДАРЫНА АРНАЛҒАН
ШАҒЫН ҚОРАПШАҒА САЛМАҢЫЗ.
БҰЛ МАШИНАҒА НҰҚСАН КЕЛУДІҢ
АЛДЫН АЛАДЫ.
Ас құралдарының шағын қорапшасын
үстіңгі себеттің тек оң жақ не сол жақ
алдына ғана салу қажет.
Ас құралдарының өлшемі үстіңгі себеттің
қалай орналасқандығына байланысты.
Келесі кестедегі ақпаратқа сүйеніңіз.
Ас құралдарының шағын қорапшасына
салынатын ас құралдарының өлшемі
Үстіңгі себет ең
үстіңгі орында
тұрғанда
максимум 15 см
Үстіңгі себет ең
астыңғы орында
тұрғанда
максимум 20 см
Жұмсақ тірегіштер
Жұмсақ тірегіштер жуу циклі орындалып
тұрғанда не үстіңгі себет алынған кезде
шыны ыдыстар орындарынан жылжып
кетуден сақтайды.
Жұмсақ тірегіштерді дұрыс орнату үшін
суретке қараңыз. Ыдыстарды неғұрлым
оңай салу үшін оларды себеттің сол
жағына не оң жағына орналастыруға
болады.
Жұмсақ тірегіштерді дұрыс орнатып
болған соң төмен қарай мықтап басып,
жылжып кетпейтіндігіне көз жеткізіп
алыңыз.
electrolux 13