User manual
Ас құралдарына арналған себет, осы
құралдарды салып орналастыруды
ыңғайлы ету үшін бөлуге болатын екі
бөліктен тұрады. Қос бөліктің ара жігін
ажырату үшін оларды қарама қарсы
жақтарға көлденең жылжытып, содан
кейін бірінен бірін ажыратыңыз.
Себетті қайта құрастыру үшін
жоғарыдағы әрекеттерді керісінше
орындаңыз.
Үстіңгі себет
Үстіңгі себет табақшалар, салат
сауыттары, шыныаяқтар, стакандар,
кәстрөлдер мен қақпақтарды салуға
арналып жасалған.
Шыныаяқ сөрелеріндегі және олардың
астындағы ыдыс-аяқтарды, су барлық
жерлеріне жақсылап тиерліктей
орналастырыңыз.
Ұзын бокалдарды шыныаяқтар сөресіне
төңкеріп орналастыруға болады.
Ұзынырақ заттарды қоярда ыдыс-аяқ
ілгектерін жоғары қарай жиып қоюға
болады.
Ұзын бокалдарды (көлемдеріне
байланысты) орналастыру үшін, ілгекті
солға немесе оңға бағыттап
орналастырыңыз.
Ыдыстарды салуға ыңғайлы болу үшін
ілгек қатарларының ортаңғысын еш
қиындықсыз төмендетуге болады.
12 electrolux










